1. Болашақмұғалімніңкәсіби-педагогикалыққұзырлығынқалыптастырубағыттары



бет14/63
Дата09.02.2023
өлшемі7.77 Mb.
#469337
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
құзыреттілік ТОЛЫҚ..

21. Кәсіби даярлау қағидалары
«Кәсіби даярлау» ұғымы үдерісті білдіреді, ал, «кәсіби дайындық» түсінігі оның нәтижесін көрсетеді. Х.Т.Шерьязданова болашақ мамандарды психологиялық тұрғыда дайындаудың жеке үрдіс ретінде ұйымдастырылуына көңіл бөліп, оқыту мазмұны және әдістемелерінде білім алушылардың тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескеруді ұсынған. Ғалым болашақ педагог-психологтарды біртұтас жүйе тұрғысынан кәсіби даярлаудың алғаш рет психологиялық үлгісін жасаған. Бұл үлгі қарым-қатынас психологиясының теориялық және практикалық мәселелеріне негізделеді. Автордың көзқарасы бойынша, психологиялық дайындау психо-диагностикалық және психокоррекциялық бағыттағы жұмыстарды қамтиды. Осы білімнің топтастырылған сипаттағы дәрістері және білім алушыларды меңгертілген психологиялық, академиялық білімді практикада қолдана білуі - кәсіби дайындаудың басты шарты деген пікір білдіреді. Айтылған пікір негізінде болашақ бәсекеге қабілетті педагог даярлығының бүгінгі қоғамға қаншалықты қажеттілігін болжауға болатынын көреміз. Болашақ педагог мамандарды даярлауда С.М.Жақыповтың «бірлескендиалогтік танымдық іс-әрекет» тұжырымдамасының маңызы зор. Ғалым педагогикалық психология саласы бойынша «оқу іс-әрекеті» және «оқыту ісәрекеті» категорияларының психологиялық мазмұнын қарастырып, арнайы ұйымдастырылған оқыту жағдайларында адамның таным іс-әрекетінің бірыңғай жүйесіне танымдық синтездеудің шарттары мен қырларын көрсетеді.
Кейбір зерттеушілер педагогтың кәсіби даярлығының құрылымына тек қана білімдерді ғана емес, сонымен қоса практикалық іскерліктерді де енгізіп қарастырады. Мысалы, Н.В.Кузьмина педагогикалық іскерліктер жүйесіне: жобалау, ұйымдастыру, гностикалық, конструктивтік және коммуникативтік сияқты сапаларды жатқызады. Автордың бұл іскерліктерді педагогтың кәсіби қызметтерін табысты атқаруға қажетті қасиеттері ретінде қарастыруы біз көтеріп отырған мәселе идеясына сәйкес келеді. Болашақ мұғалімдерді даярлауға арналған кейбір зерттеулерде олардың ісәрекетінің мазмұны мен құрылымын көрсететін кәсіптік графика (профессиограмма) жасаудың маңыздылығы қарастырылады. Бұл ретте В.А.Сластениннің: мұғалім профессиограммасы мамандықтың өзіндік паспортын, оның біліктілік сипатын көрсетуі керек, яғни қоғамдық-саяси, арнайы және психологиялық-педагогикалық білімдерінің ғылыми негізделген қатынасы мен көлемін, сол сияқты болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық және әдістемелік іскерліктер мен дағдылардың бағдарламасын қамтуы керек деген пікір бар. Автор профессиограмманың құрылымына: а) мұғалім тұлғасының қасиеттері мен сипаты: кәсіби-педагогикалық бағыттылық, танымдық бағдарлар; ә) психологиялық- педагогикалық даярлық: білімдер, іскерліктер, дағдылар; б) арнайы пәндік даярлықтың көлемі мен жағдайы; в) мамандық аясындағы әдістемелік даярлықтың мазмұнын жатқызады.
М.И.Дьяченко мұғалімнің кәсіби даярлығы құрылымындағы мотивациялық, бағдарлық, операциялық, еріктік және бағалау компоненттерін бөліп көрсетеді. Автор олардың қалыптасқандығы кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге дайындық жағдайын қамтамасыз етеді деген қорытынды жасайды.
Кәсіби құзыреттілік маманның кәсіби даярлығы үдерісінде қалыптасады. Университеттегі білім беруді кәсіби құзыреттілік негіздерін қалыптастыру үдерісі ретінде қарастыруға болатындығын көрсетеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет