1.3 Ұйымның есеп саясаты
ЖШС “САДУ” баспаханасы заңды тұлға болып 1999 жылы 3 қарашада тіркелді және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына және өз жарғысына сәйкес жүзеге асырады. ЖШС өзінің қаржылық және өндірістік қызметін шаруашылық дербестік негізінде жүргізеді. ЖШС дербес балансы, есеп айырысу және банктік басқа да шоттары, атауы бар мөрі (қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі атауы) бар.
ЖШС “САДУ” баспаханасының қатысушылары болып:
Ұйымдастырушысы –Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік комитеті (мемлекеттік мүлік бойынша аумақтық комитет).
Қатысушылары – Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары, қазіргі заңнама мен нақты қаулысына сәйкес өзге елдің қатысушылары болып келеді.
Бухгалтерлік есеп ақпараттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпанындағы №170 «Қазақстан Республикасынадағы еңбекақыны ұйымдастыруды жетілдіру туралы» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 24-ші ақпанындағы өзгертулер мен түзетулер енгізілген № 293 қаулысымен) қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Коммерциялық құпияға жататын негізгі құжаттар:
-
төлем тапсырмасы;
-
Банк көшірмелері;
-
Кассалық кіріс және шығыс ордерлері;
-
шаруашылық келісім-шарттар.
ЖШС “САДУ” баспаханасының бухгалтерлік есебі журнал-ордерлік жолмен жүргізіледі. Барлық оперциялар шаруашылық операциялар журналында тіркеледі. Бұнда келесі журнал ордерлер толтырылады: №1 журнал-ордер, және касса операциялары бойынша ведомості, № 2 Журнал-ордер және есеп айырысу операциялары бойынша ведомості, № 5 журнал-ордер және бюдетпен есеп айырысу, № 6 журнал-ордер жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу, № 7 журнал-ордер, № 8 берілген аванстар бойынша журнал-ордер, № 9 берілген аванстар бойынша журнал-ордер, № 11 сатып алушылармен есеп айырысу бойынша журнал-ордер, № 12 айналымнан тыс активтердің қозғалысы бойынша журнал-ордер, № 13 меншікті капиталдың қозғалысы бойынша журнал-ордер, № 14 Жиынтық табысты құру бойынша журнал-ордер. Журнал –ордерлердегі қалдықтар айналым-сальдо ведомосіне апарылады, содан соң жұмыс шоттары бойынша сальдосы Бас кітапқа жазылады.
Бухгалтерлік жазбалар бастапқы құжаттардың негізінде жүргізіледі. Кәсіпорында келесі бастапқы құжаттар толтырылады:
-
Тұрақты активтер бойынша:
№ ОС-1 формасы, активтерді беру-алу актісі
№ ОС-3 формасы, тұрақты активтерді істен шығару актісі,
№ 326 формасы 101-106 және 121-126 шоттары бойынша айналым ведомосі,
-
Материалдық қорлар бойынша
№ м-2а формасы, сенім хат,
№ М-3 формасы, берілген сенім хаттардың есебінің журналы,
№ 321 формасы, толық материалдық ауапкершілігі туралы типтік келісім –шарты,
№ 434 формасы, накладнойлар
- Еңбек ақы бойынша
№ 49 формасы, төлем есеп айырысу ведомосі,
№ 421 жұмыс уақыты есебінің табелі,
№ 425 демалыс беру туралы хат
№ 451 жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдары есебінің карточкасы
-
Кассалық операциялары бойынша
№ КО-1 кассалық кіріс ордері
№ КО-2 кассалық шығыс ордері
№ КО-4 Касса кітабы
- № 297-б формасы «тапсырыс берушілермен есеп айырысу»
ЖШС «САДУ”- баспаханасының бухгалтерлік eceбi Қазақстанның бухгалтерлік eceп стандарттарының және журналды - ордерлік формасы бойынша шоттардың типтік жоспарына сай жүргізіледі. Сонымен бipгe, ұйымдардың есеп саясаты ұйымдардың қызметін, салықтық жоспарлауды, бағалау саясатын анықтайтын негізгі көрсеткіштерін жүзеге асыратын негізгі құрал болып табылады.
Есеп саясаты 1995 жылдың 26 желтоқсанындағы Қазақстан Республиксы Президентінің "Бухгалтерлік есеп туралы" Заң күші бар № 2732 жарлығына сәйкес жүзеге асырылады. Оның қалыптасуы үшін Бухгалтерлік есептің стандарттары, соларға әдістемелік нұсқаулар, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесін реттеу нормативті-құқықтық құжаттары негізгі база болып табылады. Есеп саясаты ұйым есебінің негізгі ережесін анықтайды, ішкі бақылау мен сыртқы аудит талаптарын да анықтайды. Жалпы алғанда есеп саясатын icкe асыру кезінде мыналарды ескеру керек: кәсіпорынның өз міндеттерін іске асыра алуы; кәсіпорын өз қызметін болашақта жалғастыра алауы (үзілмеушілік принцип); кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп бip есепті кезеңнен келесі есепті кезеңге дейін жалғастырылады, егерде шаруашылық жағдайлар өзгерген кезде жалпылама талдаулар жасауға мүмкіндіктің бар болуы (жалғастырмалы принцип); шаруашылық қызметтердің барлық көрсеткіштері есептегі сол кезеңге қатысты (уақытша белгіленетін принцип) болуы. Бұдан басқа да мынадай талаптарды ұстану керек:
- шаруашылық қызметтегі барлық операциялар бухгалтерлік есепте толық бейнеленуі тиіс; .
- табыстар мен активтерге карағанда шығындар мен пассивтердің бухгалтерлік есептегі көрінісін шынайылықпен келтіру;
-
нақты аналитикалық және синтетикалық есептер және бухгалтерлік есептеу көрсеткіштерінің сәйкестілігі,
-
ұлттық, кәсіпорын мөлшері мен оның қызметінің масштабын есептеу үшін экономиканы енгізуді білдіреді;
"Салықтар және басқа да бюджеттік төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салықтық есептер мен төлемдер іске асырылады (Салық кодексі 12.06.2006ж. №1074-УП). Есеп саясатының жүзеге асуына ЖШС «САДУ"- басшысы жауап береді.
ЖШС “САДУ” - бухгалтерлік балансы СБУ-дің барлық талаптарына сай келеді. ЖШС “САДУ” - ұзақ мерзімді активтері 2004 ж 1 каңтардағы жағдайы бойынша мынадай негізгі құралдардан тұрады: машина және құрал-жабдықтардың жалпы баланстық құны 874174 теңге, басқа да негізгі жабдықтардың жалпы баланстық құны 1538040 теңге, жинағы 1152986 теңге.
Қаржылық-шаруашылық қызмет нетижесі туралы есеп 30 БЕС-на сәйкес жасалады. Есептік мерзімде жасалған табыстар мен шығындар туралы жазылғаны есептік мерзімде таза табыс пен шығынды анықтаған кезде қосылады. ЖШС "САДУ" баспаханасының eceпті мерзімі күнтізбелік жыл болып есептеледі. Қаржылық-шаруашылық қызметтерінің нәтижелері жеделдетілген ақпараттар үшін ай сайын жасалады. Түзетулер сомалары және алдыңғы мерзімдегі қаржылық есептерді құрған кезден жіберілген қателер eceптi мерзімдегі табыстарға немесе шығындарға қосылады.
"Ақша - қаражатттарының қозғалысының eceбi" 4 БЕС-на сәйкес ЖШС “САДУ” Қазақстанның АҚ «Банк-Центркредит" банкінің есеп шоттарында жүзеге асырылады.
6 "Негізгі құралдар eceбi" стандартының әдістемелік нұсқаулар БЕС-на сәйкес негізгі құралдар eceбi жүргізіледі. Алғашқы материалдық емес активтер мен негізгі құрал қаражаты туралы кағаздар арқылы (тапсырып-қабылдау aктici, шығару, келу) жүргізіледі. Бухгалтерлік есепте негізгі құрал құнына тәуелді емес ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын (1 жылдан жоғары) материалдық активтер жатады, ал салықтық есепте — айлық есептік керсеткіші 50 ден жоғары құны бар активтер, олар бip жылдан жоғары қызмет мерзімі мен қаржылық жылға сәйкес республикалық бюджет туралы заңда бекітілген. (Салық кодексі 105 бабы.)
Негізгі құралдарға амортизация есептеудің тура жолын қолданады.
Негізгі мүлікті жөндеу кезінде ЖШС "САДУ"баспаханасы мына ережелерді басшылыққа алады:
Күрделі жөндеу - негізгі мүліктің бөлек бөлімдерін, барлық дефектілерді қалпына келтіреді, яғни эксплуатация кезінде немесе объектінің жөндейтін жерін қарағанда шыққан жөндеу жұмыстары да қоса кіреді. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген мерзімі пайдалану мерзіміне байланысты. Ағымдағы жөндеу кезінде тез бұзылатын детальдар ауыстырылады, объектінің істен шыққан ұсақ деталдарын ауыстырады. Ағымдағы жөндеу жұмысы кезінде шыққан шығындар сол кезден ұйымның шығынына кіреді. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізгенде келісім шартқа отырады және смета толтырылады. "Баспаханадан басып шығарылған кітаптарды, журналдарды, тапсырып-қабылдау актісі" негізінде басып, өңдеп шығару жұмыстарын аяқтау бойынша жөндеуге кеткен қаржы ұйымның шығындары есебінен шығарылады. ЖШС "САДУ" баспаханасының материалды емес активтер бағдарламалық қамтамасыз етуден тұрады. Бағдарламалық камтамасыз ету құны 102 шотында есептеледі. Пайдалану мерзімі 1 жыл. ЖШС "САДУ" баспаханасының Банк-Центркредит АҚ валюталық шоты бар ұлттық эквивалента операциялық бейнесі теңге және есебінде салық салу заңының талаптары бухгалтерлік есеп талаптарынан айырмашалықтары бар, сондықтан да бухгалтерлік табыс пен салық табысының айырмашылықтары туады. Күнделікті кездесетін айырмашылықтар мыналар:
A) Қазақстан Республикасыньң Yкiмeтi бекіткен іс-сапарлық және әкімшілік шығындары нормадан жоғары;
Б) Валюталық есеп пен шетелдік валюта операциялары бойынша бағамдық айырмашылықтар;
B) Бюджеттен түсетін айыппұл санкциясы;
Г) Кәсіпорын қызметтеріне қатысы жоқ шығындар;
Д) Салық заңына сай заңды тұлға ұсынған салық жеңілдіктері.
Уақытша айырмашалықтар бухгалтерлік есеп бойынша бірнеше шығындар мен табыстар бip есептік кезеңге катысты болған кезде пайда болады. Уақытша айырмашылықтар болашақта салықтық эффект анықталған кезде жойылады және есеп кезінде бейнеленеді.
Тауарлы-материалдық қорларды бағалаудың орташа өзіндік құнын есептеу әдісі қолданылады.
Ұйымның есеп саясаты Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 14 бұйрығыме: №1 «Есеп саясаты және оны ашу», № 2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық қортынды есеп маңызын ашу негіздері», № 3 «Қаржы шаруашылық қызметі нәтижесі жөнінде қортынды есеп» жөніндегі стандарттары жойылып, бұлардың орнына № 30 «қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі жаңа стандартының негізінде құрастырылған.
Есеп саясатындағы негізгі қабылданған бухгалтерлік принциптері:
Мүліктік жекелену, Үздіксіздік, сенімділік, шындық, бейтараптық, байқаушылық, және шаруашылық факлітерінің толықтығы принциптері жатады.
2-бөлім. Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі.
2.1 Жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақытының eceбi.
Еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімнің өзіндік құнын төмендетіп оның сапасын арттыруға еңбек тәртібін нығайтуға еңбекақы есебі біршама септігін тигізеді. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде қызметкерлер жұмысқа қабылданып және жұмыстан босатылып жатады, олардың саны өзгеріп отырады, жұмыс бабына қарай ауыстырулар болып тұрады. “САДУ” баспаханасында қызметкерлер құрамының есебін кадрлар бөлімі жүргізеді. Олар бүкіл кәсіпорындағы оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің саны мен өзгеру себептері, жынысы, жас мөлшері категориялары, кәсіптері, қызмет орындары, мамандықтары, біліктілігі, жұмыс стажы, білім және басқа белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді. Кәсіпорындағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың тізімдегі саны деп аталады.
Жұмысқа қандай мерзімге қабылдағанына қарай қызметкерлер тұрақты, уақытша және маусымдық болып бөлінеді. Жұмыстың бітер мерзімі көрсетілмей қабылданғандар тұрақты қызметкерлерге екі ай мөлшерден белгілі бір мерзімге немесе белгісіз мерзімінен, бірақ екі айдан аспайтын уақытқа сондай-ақ (ауруына, бала тууға байланысты алған демалысқа орай) заңдарға сәйкес қызмет орны сақталатын жұмысы жоқ қызметкерлердің мерзімді жұмысқа қабылданғандар уақытша қызметкерлерге: маусымдық жұмыстар істеу кезінде қабылданғандар маусымдық қызметкерлерге жатады.
Қызметкерлердің өндірістік шаруашылық қызметке қатысуына қарай кәсіпорындағы қызметкерлер: өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік қызметкерлерге негізінен өндірістік қызметпен шұғылданатын қызметкерлерді жатқызады. Өндірістік емес қызметкерлерге тұрғын үй коммуналдық шаруашылықпен шұғылданатын кәсіпорынға қатысты мәдени тұрмыстық және оқу орындарына еңбек ететін қызметкерлер көлік саудадағы тағы басқа қызметкерлерді жатқызады.
Кәсіпорындағы қызмет істеп жүргендерді тізімдік және тізімдік емес қызметкерлер деп бөледі. Тізімдік қызметкерлерге кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша 1 күннен артық мерзімге, ал қызметінің қалған түрлері бойынша кем дегенде 5 күн мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты маусымдық және уақытша қызметкерлерде енгізеді. Қызметкерлер тобы мынадай категорияларға бөлінеді: басшылар мамандар және осы топқа жататын басқа да қызметкерлер. Жұмысшыларды өндіріс процесінде қатысуына қарай өнім дайындаумен жұмыс істеумен және қызмет көрсетумен тікелей шұғылданатын негізгі жұмысшылар деп және негізгі цехтарда қосалқы жұмыстар атқаратын немесе қосалқы өндірісте жұмыс істейтін қосалқы жұмысшылар болып бөлінеді.
Қызметке алынған адамға табельдік номер беріліп жеке карточкасын ашады. Бұл жеке карточкада жұмыс істейтін қызметі жалақысы, табельдік номері және жұмыстағы қозғалысы көрсетіледі. Сонымен қатар бұл карточкада еңбек ақы бойынша есеп айырысулар да көрсетіледі. Кәсіпорындағы орташа қызметкерлердің орташа санын анықтау үшін олардың күнделікті сандық есебін жүргізеді. Ол үшін қызметкерлердің тізімдік санын жұмысшылардың жұмысқа алынғаны басқа жұмысқы ауысқандығы, жұмыстан шығарылғаны бұйрықтар негізінде дәлелденіп отырады.
Есеп беретін кәсіпорынның жұмысшы қызметкерлерін орташа саны сол алдағы әрбір календарлық күндегі жұмысшы қызметкерлердің тізімдегі санын қосып (1-31 күн аралығындағы) мейрам немесе жұмыс істемейтін демалыс күндерін қоса алғандағы қосынды санды календерлық күн санына бөлу арқылы алынады. Сондай-ақ басқа жұмыс істемейтін күндердегі қызметкерлердің тізімдік саны сол күннің алдындағы жұмыс күннің мәліметіне сәйкес алынады.
Қызметкерлер мен жұмысшыларына еңбек ақы әркімнің білім немесе мамандық дәрежесіне қарай куәландыратын алғашқы құжаттардың бірнеше үлгісі бар. Олардың қай үлгісін қандай жағдайда қолдану керектігін қолданылатын еңбек ақы төлеудің үлгісіне қарай белгіленеді.
Мысалы, жұмыс уақыты бойынша төленетін еңбек ақыны 03 үлгідегі «Жұмыс уақытын есептеу» табелі негізінде есептейді. Қызметкерлердің категориялар бойынша табельде алфавит бойынша реттік номері, санына қарай жүргізіледі. Табельді есептеу бухгалтериясының бухгалтері толтырады. Онда жұмыс істеушілердің аты-жөні табельдік номері мамандық қызметі көрсетіледі. Бұл табельдерде кәсіпорындағы әрбір құрылымның өкілдері бойынша қызметкерлердің жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғаны және т.б жағдайларға сәйкес тиісті шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. Жұмысшы қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғандығына берілген құжаттар осы табельге қосымша тіркеледі. Қызметкерлердің демалысқа шығуы, уақытша жұмысқа жарамай қалғандығы жұмысқа себепсіз кешігуі және т.б жағдайлар табедьде тиісті белгілермен көрсетіледі. Мысалы: Демалыстағы қызметкерлер үшін – О, ауырған күндері – Б, іс-сапарда болған күндері – К, себепсіз жұмысқа келмеген күндері – П, т.с. сияқты белгіленеді.
Жалпы табельді кәсіпорында еңбек өнімділігін анықтап жұмыс уақытын пайдалануды жақсарту үшін кәсіпорында кеңінен қолданылады. қызметкерлеріне істеген уақытына тұрақты жалақы төленеді. Мұндай жағдайда әр айдағы жұмыс уақытының санына қарамай жұмыс уақытының санына қарамай жұмыс күндері толық есептелінсе белгіленген тұрақты жалақы толық есептелінеді. Егер жұмыс күндері толық есептелінбесе, белгіленген тұрақты жалақы мөлшері сол айдағы жұмыс күндерінің жалпы санына бөліп күндік орта табысы анықталады да оны сол айдағы істеген жұмыс күндеріне көбейту арқылы есептейді. Істеген уақытша мерзімі бойынша төленетін жағдайда әр қызметкердің істеген жұмыс күннің (жұмыс сағатына) санына белгіленген күнді сағаттық тарифтік төлеу бағасына көбейту арқылы еңбек ақы мөлшері анықталады. Еңбек ақы төлеуді есептеуде бекітілген тарифтік ставкаларда (жалақыны) өндіру нормаларын жұмыскерді әртүрлі категорияларына еңбек ақы төлеудің ережелерін басқа да басшылыққа немесе нұсқау материалдарды басшылыққа алу қажет.
Жалақы – еңбек үшін оның күрделілігіне саны емес, сапасына сәйкес төленетін сый ақы немесе табыс.
Орташа жалақы дегеніміз – қызметкерлердің өткен уақыт ішінде алған нақты жалақысынан есептелген еңбек ақы төлемінің мөлшері деп түсінеміз. ҚР-дағы еңбек туралы заңда орташа жалақы есептеп шығарудың әртүрлі ережелері пайдаланады, сол бойынша мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыт үшін басқа жұмысқа ауысқан кезде донорлық міндеттерді орындаған уақыт үшін, жұмыстан шығарылған кезде жәрдем ақы ретінде жұмыстан амалсыз қалған уақыт үшін, кезекті және қосымша демалыс уақыттары үшін, пайдаланылмаған демалыс үшін, өтем ретінде оқуға демалыс уақыты үшін, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдем ақы ретінде төлемдер төленеді. Орташа жалақыны есептеп шығарудың негізінде қызметкерлер өзінің негізгі жұмысын жалғастырып істеп берген жағдайда қанша жалақы алатын болса орташа жалақыны да сол мөлшерде анықтау мақсаты сақталады. Ай сайын өзгермейтін тұрақты мерзімдік төлем алып тұратын қызметкерлер үшін орташа жалақы белгіленген айлық сол ақыдан анықталады. Еңбек төлем ай сайын өзгеріп тұратын қызметкерлерге орташа жалақы төленер айдың алдындағы календарлық 12 ай бойынша есептеледі. Ал демалыс үшін төленетін төлем қызметкерлерге (календарлық емес) жұмыс жылында бір рет беріледі. Демалыс жұмысқа қабылданған күннен бастап есептеледі. Қызметкер сол кәсіпорында 11 ай үзіліссіз жұмыс істегенннен кейін демалыс алуға құқылы демалыстың ұзақтығы жұмыс істеп жүргендердің әртүрлі категориялар бойынша ұжымдық шартқа және ережелерге сәйкес белгіленеді. Демалыс төлемін 12 календарлық айдағы жалақы есебінен осы кезеңге тиесілі белгіленген үстемелермен қосымша ақыларды және сыйлықтық орташа мөлшерлік ескере отырып төленеді.
. 28 календарлық күні заң бойынша беріледі.
6 календарлық күні үзіліссіз жұмыс стажы бұйрық бойынша беріледі. Сондықтан 34 календарлық күні демалыс беріледі.
Айлар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1айда есептелген еңбек ақы
|
34285
|
45000
|
45000
|
34772
|
45000
|
45000
|
45000
|
Жұм. Істелген кален. күн
|
28
|
29
|
30
|
30
|
30
|
30
|
30
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
жиыны
|
45000
|
45000
|
45000
|
45000
|
45000
|
519058
|
31
|
30
|
29
|
30
|
17
|
344
|
Орташа еңбек ақы = 519058/ 344 = 1508,89
Марта 13 күн демалыс = 13 * 1508, 89= 19615тг 57 тиын
Апрельде 21 күн демалыс = 21 * 1508,89 = 31686,69
19615,57+ + 31686,69 = 51302,26
Қызметкерлердің демалыс үшін төленетін төлемі 51302 теңге 26 тиын.
Сыйлықтық орташа мөлшері 12 календарлық ай үшін берілетін сыйлықтың орташа айлық процентін 12 календарлық ай үшін төленетін (сыйлықсыз орташа жалақыға көбейту арқылы анықталады). Осы ереже 5 күндікте, 6 күндікте апталығында пайдаланылмаған демалыс үшін өтем төлеу үшін де қолданылады.
Демалыс жөніндегі есеп айырысу үшін қабылданған еңбек төлем формасы 12 –ге (1 жылдағы ай саны) және 25,4 –ке (1 айдағы жұмыс күндерінің орташа санына ) бөлінеді.
Демалыс уақыты дегеніміз- қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты. Орташа жалақы есебінен жұмысқа уақытша жарамсыздық брйынша берілетін жәрдем ақылар да енгізіледі. Қызметкерлердің уақытша жатамсыздық бойынша берілетін жәрдем ақылары төленеді. Ол төлемдер былай есептеледі. Еңбекке жарамсыз парағы бойынша ол қанша күн жұмыстан босатылғанын есептеу керек. Мысалы 20 /2 2003 жылдың 23/2 2004 ауырған қызметкер 3 күн ауырған. Оның орташа еңбек ақысын табу керек.
12 айдың еңбек ақының жиыны 519058 тг құрайды. 12 айда істеген сағаттың жиыны 1664 сағат
Орташа еңбек ақысы= 519058/1664 = 311,93 тг
Ол қызметкер бір күнде 8 сағат жұмыс істейді 8* 311,93 = 2495
Орташа еңбек ақы – 2495
2495*3 күн = 7485тг
Қызметкердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына төленетін төлем (7485 теңге) «Республикалық бюджет» туралы белгіленген заңға сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспауы қажет 7485*10 = 74850 теңге.
Басшы қызметкерлерге мамандарға және басқа қызметкерлерге сыйлық бергенде, яғни бұл категорияларға сыйлық кәсіпорын шаруашылық қызметінің негізгі нәтижелері үшін беріледі. Сыйлықтарды жазу үшін – басқару аппаратының басшы қызметкерлеріне бухгалтерлік және статистикалық есеп деректері, өндірістік бөліністер, цехтар мен учаскелер қызметінің қызметекерлеріне бухгалтерлік есептердің жедел есептің және лабораториялық бақылаудың деректер негіз болып табылады.
Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттеріне жұмыс беруші мен «Еңбек туралы» заңда белгіленген тәртіппен және жеке еңбек шартын жасауға, өзгертуге, тек еңбегі үшін қандай да болсын кемітусіз тең ақы алуға, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына кәсіптік одақтарға немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға өзінің еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына немес мүлкіне келтірілген зиянды кепілдіктер мен төлем ақылар алуға еңбек дауларын талаптардың келісуімен немесе сол тәртібімен шешуге, жұмыс берушіден жеке еңбек шартында тараптың атынан өкілдік ететін лауазымды адамдардың өкілеттілігін растауды талап етуге, ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен танысуға өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқығы бар.
Сонымен бірге еңбек төлемі қоры құрылғанда есепке алынбайтын төлемдер мен шығындардың құрамына мынадай төлемдер мен шығындар енеді: әлеуметтік сақтандыру бойынша төленетін жәрдем ақылар субъект қаражатының есебінен берілетін жәрдем ақы, қызметкерлердің білім алуына байланысты шығындар (жалақыдан өзге) ұйымның қызметкерлері үшін тұрғын үйге жұмсайтын шығындар әлеуметтік сақтандыру қорынан және басқа бюджеттен тыс қорлардан берілетін жәрдемақылар басқа да төлемдер мен шығындар әлеуметтік сақтандыру бойынша төленетін жәрдем ақылар еңбек туралы заңдарға сәйкес беріледі. Аурудың салдарынан жұмысқа уақытша жарамсыздығы үшін берілетін жәрдем ақылар отбасының адамы ауырып соған күтім қажет болған карантин болған, туберкулезбен, яғни кәсіби аурумен ауыруға байланысты басқа жұмысқа уақытша ауысқан жағдайларда белгіленеді. Жәрдем ақы белгілеу үшін жұмысқа жарамсыздық құжаттарына тіркейтін кітапқа (№ е-7) тіркеу тиісті ауырған туралы қағазы (бюлеттень) негіз болып табылады. Жұмыста жарақаттанғандарға немесе кәсіби ауруға жолыққандарға, сондай-ақ 8 жыл және одан жоғары үзіліссіз стажы бар жұмысшылар мен қызметкерлерге, сонымен қатар асырауында 16 жасқа толмаған 3 және одан да көп балалары бар адамдарға жалақының 100%, 5 жылдан 8 жылға дейін үзіліссіз стажы барларға 80 %, 3 жылдан 5 жылға дейін үзіліссіз стажы барларға және 18 жасқа толғандарға 60%, 3 жылға дейін үзіліссіз стажы барларға 50% мөлшерінде жірдемақы беріледі. Жұмыстан қашып кетіп қалу мақсатымен өз денсаулығына әдейі нұсқан келтірілген немесе басқа міндеттерді орындаған үшін немес өтірік ауырған қызметкерлерге жұмысқа жарамсыздық бойынша жәрдем ақы берілмейді.
Әйелдерге жүктілігі және босалқы бойынша босанғанға дейінгі ұзақтығы 70 күн тізбелік күнге, босанғаннан кейін 56 күнтізбелік күнге демалыс беріледі. Есептеу жинақтап жүргізіледі және демалыстағы әйелдің ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүктілігіне және босануы бойынша осы кезеңге төленетін жәрдемақы босанғанға дейін нақты пайдаланған күндердің санына қарамастан оған толық беріледі. Жаңа туған нәрестелерге тікелей перзентханадан асырап алған әйелдерге бала асырап алған күннен бастап сәбидің дүниеге келген күнінен 56 күнге толғанға дейінге кезеңге (ата-анасы біріне) демалыс беріліп оның ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің қаражаты есебінен оған осы кезеңде жәрдем ақы төленеді.
Кәсіпорынның қаражатының есебінен берілетін жәрдем ақылар, бұған жататындар: жұмыс көлемінің қысқаруына немесе жұмыс сипатының өзгеруіне байланысты (кәсіпорын таратылған кезде қызметкерлер саны штат қысқарған жағдайда сондай-ақөндірістегі жазатаным жағдайының кесірінен жұмыстан шығарылған немесе кәсіби ауруға шалдыққан жағдайларда) жұмыстан босатылған қызметкерлерге еңбекке берілетін жәрдем ақы.
Әлеуметтік сақтандыру қорынан және басқа бюджеттен тыс қорлардан берілетін жәрдем ақылар: бала туғанда, жерлеуге берілетін жәрдем ақылар, қызметкерлер жарақаттанып қалған жағдайда немесе денсаулығына басқадай зақым келгенде жалақының және басқа да шығындардың орнын толтыру әлеуметтік сақтандыру қорынан және басқа да бюджеттен тыс қорлардан төленетін басқа да төлемдер. Басқадай төлемдер мен шығындар авторлыққаламақы ашылған жаңалықтар өнер табыстар және рационализаторлық ұсыныстар үшін берілген сыйақылар қызмет бабымен іс сапарға шыққан уақытта заңдармен белгіленген мөлшердің шегінде және олардың және олардан тыс жұмсалатын іс сапар шығындары (тәуліктік қоса есептегенде) басқа жерлерге жұмысқа ауысуға, жолдануға және қабылдануға байланысты жұмсалатын шығындардың орнын толтыру, жеке автокөліктерді қызмет бабымен жүруге пайдаланғаны үшін ҚР-ның заңдар белгіленген мөлшердің шегінде ғана және жем-шөп дайындауға немесе монтаждау жөндеу құрылыс жұмыстарына іс сапармен жібелілген қызметкердің тәуліктік және пәтерлік төлемдердің орнына негізгі жұмыс орны бойынша сақталатын орташа жалақының ҚР-ның үкіметі ескерген мөлшердегі сомалары.
Кәсіпорыннның қызметкерлері акциялар бойынша өкімге есептелген сала ретінде алған табыстар және қызметкерлердің ұйым меншігіне қатысуынан түскен басқадай табыстар (дивиденттер, проценттер, үлестік жарналар бойынша төленетін төлемдер) жалақы құрамына енгізілмейді. Еңбек жөніндегі қорытынды есеп бергенде бөлек көрсетіледі.
Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындауға міндетті уақыт - жұмыс уақыты болып есептеледі. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс жеке еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы 40 сағаттан аз болуы мүмкін. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы 14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан 16-18 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын, ауыр дене жұмыстарында жеке еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан болып белгіленеді.
Жұмыс істеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін өндірістің цехтардың кәсіптер мен қызметтердің тізімі, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды және ауыр қауіпті жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі өкілетті орган белгілейді.
Қызметкерлер үшін 2 демалыс күні бар , 5 күндік жұмыс аптасы белгіленеді. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы жұмыс берушінің актісі мен немесе жұмыстың ерекшелігін еңбек ұжымының пікірін ескеріп және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып жұмыс беруші бекіткен ақысы белгіленеді. Өндірістің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша 5 күндік жұмыс аптасын енгізу ұжымдарда 5 күндік демалысы бар алты күндік кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда 7 сағаттан аспауы керек, ал апталық норма 36 сағат болғанда 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауы керек. Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы еңбек немесе ұжымдық шарттың талаптарымен жұмыс беруші өзі белгілейді.
Кесімді еңбек ақы түрі белгіленген жұмысшы қызметкерлерге түнгі уақыттағы істеген жұмыстары үшін тарифтік кестеде белгіленген еңбек ақысына қосымша төлем 50% мөлшерінде төленеді.
Еңбек жағдайлары өте зиянды және өте қауіпті кезде мерзімінен тыс жұмыстарға тиым салынады. Жұмыс беруші кәсіпорын қызметкерлердің сол жұмыс берушіден нақты жұмыс істеген жұмыс уақытының есебін жүзеге асыруға тиіс. Өндіріс жағдайлары бойынша қызметкерлердің белгілі бір санаты үшін белгіленген апта сайынғы жұмыс уақытының сақталуы мүмкін емес, үздіксіз жұмыс істейтін ұйымдарда, жекелеген өндірістік цехтарда, учаскелерде бөлімшелерде және кейбір жұмыс түріндегі есепті кезең ішінде жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына заңда белгіленген қалыпты жұмыс сағаттары мерзімнен аспауға тиісті жағдайларда жұмыс уақытының жиынтық есебін жүргізуге жол беріледі. Жиынтық есеп жағдайында жұмыс уақытының күн сайынғы немесе апта сайынғы ұзақтығы жұмыс күні немесе жұмыс аптасы сағаттарының нормасынан артық немесе кеш болуы мүмкін.
Есепті кезең ішіндегі жұмыс уақыты сағаттарының жиынтық осы кезеңдегі сағаттардың нормасына тең болуы мүмкін.
Жұмыс уақытының жиынтық есебін жасаған кезде қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген орташа жұмыс күні мен жұмыс аптасының ұзақтығы сақталуға тиісті шектелі кезең есепті кезең болып танылады. Жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдану тәртібі жұмыс берушінің актілерімен айқындалады және ұжымдық шартпен белгіленеді. Күнделікті жұмыс ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы 1 сағаттан кем болмайтын үзіліс берілуге тиіс. Бұл үзіліс жұмыс уақытына енгізілмейді және қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады. Үзіліс беру уақытымен оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерінде жеке еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленеді. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалумен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндеттенеді. Мұндай жұмыстардың тізбесі демалу және тамақтану тәртібімен, орны жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді. Жылдың суық мезгілінде ашық далада жылу бермейтін жабық үй-жайларда жұмыс істейтін жүк тиеу, түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерге жылыну және демалу үшін арнайы үзілістер беріледі. Арнаулы үзілістер жұмыс уақытына қосылады. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде босатылу арасындағы қызметкерлердің күн сайынғы демалысының ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауға тиіс. Сондай-ақ қызметкерге демалыс күндері (апта сайынғы үзіліс демалыс уақыты беріледі).
Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісімен немесе жұмыс кестесімен белгіленеді. Екі демалыс күні де әдетте қатарына беріледі.
Белгіленген заңдарға сәйкес кәсіпорындарда мейрам күндері жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Бірақ та кейбір төтенше жағдайларда субъектіден кейінге кешіктіруге болмайтын жұмысының пайда болуына байланысты қызметкерлердің мейрам күні жұмыс істеуге тура келеді. Мейрам күні жұмыс істеген қызметкерлерге еңбек ақы сол күні үшін 2 еселеніп төленеді. Қызметкерлердің келісімімен олардың мейрам күні істеген жұмыстың орнынан жұмыс күні есебінен демалыс берілуі мүмкін. Ал мейрам күні кезекшілік атқарған жұмысшыларға басқа жұмыс күні есебінен демалыс беріледі.
2.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі.
Жұмыс берушінің актілері – жұмыс берушінің (жұмыс берушілер өкілінің) шығаратын актілері (бұйрықтары, өкімдері, нұсқаулықтары, ішкі еңбек тәртібінің ережелері).
Достарыңызбен бөлісу: |