1 БӨлім. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» ПӘНІ, оның мазмұНЫ


APPLE фирмасы шығаратын дербес компьютерлер туралы жалпы түсінік



бет11/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.64 Mb.
#453858
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62
СОӨЖ 14

APPLE фирмасы шығаратын дербес компьютерлер туралы жалпы түсінік. Apple дербес компьютерлері техниканың нағыз тамашасы деуге болады. Алдымен, Apple дербес компьютерлері басқа компаниялар шығарған құрылғыларға қарағанда өзінің дизайнымен, сондай-ақ сапалы әрі жеңіл материалдан - пластиктер қойылған алюминийден жасалған корпусымен ерекшеленетінін атап көрсету керек. Apple компаниясы бүкіл әлемге өзінің сапалы, сенімді, құны оңтайлы өнімімен көптен бері таныс.

Apple компаниясының алғашқы дербес компьютерді жасақтау идеясының иесі Джеф Раскин болатын, ол 1976 жылы өз компаниясымен бірге жаңа дербес компьютер жасақтауға кірісті. Джеф Раскин тұжырымы бойынша дербес компьютер арзан болуы керек, себебі орта деңгейдегі табысы бар адам оны сатып алатын болу керек. Apple компаниясының алғашқы дербес компьютері Apple I сол кездің өзінде біршама техникалық мүмкіндіктері болды. Оның жүрегі Motorola 68000 процессоры болды, тактілік жиілігі 8 MHz еді. Жедел жадысы тек 128 кб, графика монохромды және 512×384 пиксел экран рұқсат етілімімен бейнеленді. IBM PC компьютерлерімен салыстырғанда Apple I өзінің графикалық интерфейсімен, әдемі дизайнымен ұтымды еді. Сыртынан қарағанда бұл электрондық есептеуіш машина әдеттегі тұрмыстық құрылғыны еске салатын еді.



Алғашқы кездері жалғыз экземплярдағы компьютерлерді әртүрлі адамдар жинады, бірақ тек Джеф Раскин ғана өз достарына дербес компьютерлерді конвейерлік түрде дайындап, сатуды бастауға ұсынды. Apple I дербес компьютері сол кезде ешкімге таныс емес Apple Computer компаниясының алғашқы өнімі болды. 1976 жылдың сәуір айында Apple I Калифорниядағы Пало-Альтода өз бетімен компьютер жасақтаушылар клубында көрсетілді. Сол жылдың шілде айында Apple I дүкен сөрелерінде пайда болды және әрбір қызығушы өзіне 666,66$ сатып алатын болды. Apple I басынан аяғына дейін отызға жуық микросхемаларды қамтитын бір монтаждық тақшада жиналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет