Микропроцессор типтері
|
80486 DX
|
Pentium
|
Pentium Celeron
|
Pentium 2
|
Pentium 3
|
Pentium 4
|
Тактілік жиілігі, МГц
|
50-100
|
75-200
|
330-800
|
220-500
|
500-900
|
До 4000
|
Разрядтылығы, бит
|
32
|
64
|
64
|
64
|
64
|
64
|
Жедел жады көлемі, Мбайт
|
4, 8, 16
|
8, 16, 32
|
32, 64, 128
|
32, 64, 128
|
64, 128, 256
|
256, 512 и более
|
Кэш-жады көлемі, Кбайт
|
256
|
256, 512
|
128, 512, 1024
|
256, 512, 1024
|
256, 512, 1024
|
До 4048
|
Магнитті дискідегі жинақтауыш көлемі, Гбайт
|
0,8-2
|
1-6.4
|
4,3-20
|
6,4-20
|
10-30
|
До 200 и более
|
Дербес компьютерлер бірнеше белгілері бойынша жіктеледі.
□ Дамуы бойынша дербес компьютерлерді былай жіктеуге болады:
8 биттік микропроцессор
16 биттік микропроцессор
32 биттік микропроцессор
64 биттік микропроцессор.
Конструктивтік ерекшелігіне байланысты жіктелу суретте бейнеленген.
Дербес компьютерлердің тарихы 1981 жылы IBM корпорациясы IBM PC деп аталатын өз микро-ЭЕМ-н ұсынғанда басталды. Оның атауы қарапайым "IBM дербес компьютері" деп аталды.
IBM PC компьютерлерінің еш ерекшелігі болған жоқ: механикалық конструкциясы шамалы, ішкі құрылымы(архитектура) қолайсыз, Intel корпорациясының шамалы процессоры, бірақ осы микроЭЕМ ұрпақтары компьютерлік нарықтың 80 пайызын аз уақыт ішінде жаулап алды. Ал сол уақытта микро- и мини-ЭЕМ-дерді көптеген фирмалар шығара бастаған еді, олардың кейбірі қазіргі түсініктер бойынша тіпті жетістікті болатын. IBM корпорациясы да өз өнімінің кемшіліктерін ескеріп, тек BIOS-ты (Basic Input Output System, енгізу-шығарудың базалық жүйесі) патенттеді, өйткені үлкен ЭЕМ (сол кездегі ең үздігі) көлеңкесінде қалған өз өнімінің тамаша болашағын көре алмады. Сонымен бірге IBM өңдеушілері көптеген техникалық шешімдерді басқа фирмалардан алған болатын.
IBM корпорациясының өз өніміне дұрыс қарамауы себепті (қосымша модульдерді өңдеу қарапайымдылығы, лицензияның жоқтығы) IBM PC мүмкіндіктерін кеңейтетін түрлі құрылғыларды өндіре бастаған көптеген фирмалар пайда бола бастады. Соңынан микро-ЭВМ IBM PC клондары шықты.
Алғашқы өнімдерінің танымал болуы IBM фирмасына 1983 жылы IBM PC XT компьютерлерінің өндірісін бастауға жол ашты. XT әріптері еХТ сөзінен алынған, ол жаңа компьютердің бұрынғыдан мүмкіндігі мол екенін білдірді. 1984 жылы жаңа компьютерлер -IBM PC AT шықты.(AT әріптері жаңартылған технологияны білдірді, Advanced Technology). Бұл шынымен компьютерлердің ескіні жетілдірген емес, жаңа ұрпағы болатын, өйткені компьютер негізі, «жүрегі» Intel 80286 микропроцессоры (әдетте тек 286 деп атайды) болды. Процессордың ауысуы программалаушыларға 1 Мбайт-тан көп жады пайдалануға мүмкіндік берді, сондай-ақ Windows операциялық жүйесі жұмыс жасайтын қорғалған жұмыс режимі пайда болды.
IBM фирмасынан тәуелсіз Intel корпорациясы 80286 микропроцессорын шығарды, бұл микросхемаға қызығушылардың бәріне жол ашықтығын білдірді, сондықтан жарты жылдан соң басқа өндірушілердің IBM PC AT компьютерлерімен сәйкестенетін өнімдері шығарыла бастады. Алдымен оларды АҚШ фирмалары шығарды, бірақ өте тез қарқынмен Оңтүстік Шығыс Азия фирмалары да қолға алды. Клондар IBM түпнұсқа модельдерімен салыстырғанда 2-3 есе арзанға сатылды, бұл дербес компьютерлерді қолданушылардың көп бөлігі сатып алуына мүмкіндік берді.
80286 процессорының көптеген, әсіресе қорғалған режимде жұмыс істеуде кейбір кемшіліктері болды, сондықтан 1986 жылы Intel 386 жаңа процессоры пайда болды.
386 процессорлы компьютер көптеген жаңа программалық жабдықтармен жұмыс істеді, бірақ жылдамдығы өте жай еді. IBM корпорациясы 1386 процессорлы алғашқы компьютер шығарды. IBM PC фирмасынан бұрын шағын фирмалар жаңа дербес компьютерлерін шығару мүмкіндігіне ие болды. Одан соң — қазіргі уақыт — жоғары технологиядағы қарқынды бәсеке және дербес компьютерлер өндірісі саласында IBM корпаорациясының көшбасшы жағдайынан айырылуы. IBM корпорациясының өз позициясын қайтарудағы жаңа стандарттар, өте қымбат лицензиялар сияқты барлық әрекеттері басқа фирмалардың өнімдері жалпыға танылған стандарт болуына көмектесті. Көптеген компьютер өндірушілер IBM ұйғарымын қолдамады, өз компьютерлеріне арзан баға қоятын ашық стандартта өңдеу жолына түсті.
Қазір компьютер нарығының 80% — х86 және оның баламасы болып табылатын процессорлар негізіндегі дербес компьютерлер, олардың ішінде AMD әлдеқайда танымал.
Қазірде дербес компьютерлердің әлемдік индустриясы үлкен қарқынмен дамуда.
Достарыңызбен бөлісу: