Даму кезеңі
|
жылдар
|
Элементтік базасы
|
1
|
1946-1950
|
Электронды вакумдық шамдар
|
2
|
1960 жж
|
Дискретті жартылай өткізгішті приборлар (транзистор)
|
3
|
1970 жж
|
Кіші және орта дәрежедегі интеграциялы (бір корпуста 100-1000 транзистор) жартылай өткізгішті интергралды схемалар.
ИС - диодтар мен транзисторлардың үлкен санын біріктіретін бір жартылай өткізгішті кристалл түрінде орындалған электрондық схема.
|
4
|
1980 жж
|
Үлкен және өте үлкен ИС - микропроцессор (миллион транзистор бір кристалда)
|
5
|
1990 жж
|
Бір мезгілде бірнеше мыңдаған әрекет орындай алатын өте күрделі микропроцессор .
|
6
|
2000 және кейінгі жылдар
|
Массалық параллелизмде жұмыс істейтін және нейронда құрылымды оптоэлектрондық микропроцессор
|
Әрбір келесі кезең алдыңғысына қарағанда жоғары көрсеткішке ие. Осылайша ЭЕМ өнімділігі және есте сақтау құрылғыларының өнімділігі өсіп отырады.
ЭЕМ-нің бағытталуы бойынша жіктелуі
Бағытталуына байланысты 3 топқа бөлуге болады: әмбебап (жалпы қолданылатын), мәселеге байланысты бағытталған, мамандырылған.
Әмбебап ЭЕМ әртүрлі инженерлі–техникалық, экономикалық, математикалық, информациялық және басқа міндеттерді шешуге бағытталған. Олар ұжымдық пайдаланудағы есептеу орталықтарында көп қолданылады.
Мәселеге байланысты бағыттылған ЭЕМ әлдеқайда тар шеңбердегі: технологиялық обьектілерді басқару, регистрацияда т.б міндетттерді шешуге арналған.
Мамандырылған ЭЕМ қатаң анықталған қызметтер тобын жүзеге асыруға арналған.
Осындай шағын шеңберде қолданылуы ЭЕМ-ге құрылымын дәл мамандандыруға мүмкіндік береді.
Өлшемі және функционалды мүмкіндіктеріне байланысты ЭЕМ-нің жіктелуі
Өлшемі және функционалды мүмкіндіктеріне байланысты ЭЕМ-нің өте үлкен (суперЭЕМ), үлкен, кіші, өте кіші (микроЭЕМ) болып бөлінеді.
Бұл компьютерлердің салыстырмалы параметрлерін мына кестеден көруге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |