1 БӨлім. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» ПӘНІ, оның мазмұНЫ


Операциялық жүйелер, қабықшалар және орталар, платформалар арасындағы өзара байланыс



бет4/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.64 Mb.
#453858
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
СОӨЖ 14

Операциялық жүйелер, қабықшалар және орталар, платформалар арасындағы өзара байланыс. Жүйелік бағдарламалық жабдықтама – бұл бағдарламаларды орындау және жаңа бағдарламаларды жасақтауды автоматтандыруға қолданылатын және компьютердің техникалық құралдарын ортақ пайдаланатын бағдарламалар және бағдарламалар кешені.

Жүйелік бағдарламалық жабдықтама 5 топтан тұрады:

1) операциялық жүйелер;

2) файлдарды басқару жүйелері;

3) қолданушының операциялық жүйе және бағдарламалық ортамен өзара әрекетін жүзеге асыратын интерфейстік қабықшалар;

4) программалау жүйелері;

5) утилиттер.

Операциялық жүйе – компьютердің аппараттық жабдықтары мен қолданушы арасындағы интерфейс болып табылатын басқару және өңдеу бағдарламаларының кешені, есептеу жүйелерінің ресурстарын тиімді қолдануға арналған.

Операциялық жүйе қызметтері:



  • қолданушыдан берілген тапсырма немесе бұйрықты қабылдау;

  • басқа бағдарламаларды іске қосу немесе тоқтатуға берілетін бағдарламалық сұраныстарды қабылдау және орындау;

  • орындалатын бағдарламаларды жедел жадыға жүктеу;

  • бағдарламаны орындауды басқару;

  • барлық бағдарламалар мен мәліметтерді идентификациялау;

  • файлдарды басқару жүйесі немесе мәліметтер қорын басқару жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;

  • дау;

  • енгізу/шығару операцияларын ұйымдастыру және басқару;

  • нақты уақыт жүйесінде жауап берудің ең аз уақытын қамтамасыз ету;

  • виртуальды жадыны ұйымдастыру, жадыны бөлу;

  • орындалып жатқан бағдарламалар арасында хабарламалар мен мәліметтер алмасу;

  • бір бағдарламаны басқа бағдарлама әсерінен қорғау, мәліметтерді сақтау;

  • жүйенің жиі істен шығуы жағдайында қызмет көрсету;

  • бағдарламалау жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету.

Файлдарды басқару жүйелері файл түріндегі мәліметтерге әлдеқайда қолайлы енуді ұйымдастыруға арналған. Қазіргі барлық операциялық жүйелер сәйкес файлдарды басқару жүйелері бар, кейбір операциялық жүйелер бірнеше файлдық жүйелермен жұмыс істей алады (тіпті бір мезгілде). Бұл мүмкіндік файлдық жүйелерді монтаждау арқылы жүзеге асады.

Интерфейстік қабықшалар қолданушының операциялық жүйемен өзара әрекетін қолайлы жүзеге асыруға арналған. Бағытталуы – операциялық жүйені басқару мүмкіндіктерін кеңейту немесе жүйеге кіріктірілген мүмкіндіктерді өзгерту. Мысалы: Explorer, X Window, т.б.

Операциялық орта – белгілі бір қызмет алу мақсатында операциялық жүйелерге бағытталатын бағдарламаларға қажетті интерфейс. Операциялық жүйе жалпы жағдайда бірнеше операциялық ортаны қамтуы мүмкін. Операциялық орта бірнеше инфтерфейстерді қамтуы мүмкін: қолданушылық және бағдарламалық.

Бағдарламалау жүйелері келесі элементтерден тұрады:

Өзіндік бағдарламалау жүйелері (операциялық жүйеден тыс) болмайды.

Утилиттер – операциялық жүйелерге, сондай-ақ есептеу жүйелеріне қызмет етуге мүмкіндік беретін арнайы жүйелік бағдарламалар. Олар келесідей қызметтер көрсетеді:



  • мәліметтер тасымалдау жұмысына дайындық;

  • қайта кодтау;

  • дискіде мәліметтерді орналастыруды оңтайландыру;

  • магниттік дискідегі жинақтауышты бөлімдерге бөлу;

  • форматтау;

  • мәліметтерді архивтеу.

Операциялық жүйе мына қызметтерді жүзеге асырады:

  • есептеу жүйесіндегі есептеу процестерін басқару;

  • есептеу жүйесіндегі ресурстарды түрлі есептеу процестері арасында бөлу;

  • қолданушының қолданбалы бағдарламасы орындалатын бағдарламалық (операциялық) қабықша құру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет