1 БӨлім. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» ПӘНІ, оның мазмұНЫ



бет3/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.64 Mb.
#453858
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
СОӨЖ 14

Телеграфтық байланыс – анықтылықты көтеру үшін (қатеден қорғаусыз) арнайы шараларсыз тасымалдаудың дәстүрлі әдісі. Ол желілер бойынша жүзеге асырылады: жалпы қолданыстағы телефондық желілер және телеграфты және телексті (халықаралық).

Мәліметтерді тасымалдау – ақпаратты кейіннен компьютерде өңдеу мақсатында тасымалдауға арналған, қателерден қорғауы бар электрбайланыс. Ол адам мен компьютер байланысын және түрлі автоматтандырылған басқау жүйелері мен компьютерлік желілерінде машинааралық байланысты қамтамасыз етеді.

Көптеген есептеу жүйелерінің орталық құрылғысы электронды есептеу машинасы немесе компьютер болып саналады.

Есептеуіш желілер қазіргі өркениеттің екі маңызды ғылыми-техникалық саласының – компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялардың логикалық нәтижесі болып табылады. Есептеуіш желілер – бұл байланыс бағыттары арқылы жалғастырылған компьютерлер жиынтығы. Байланыс бағыттары кабель немесе провод, р-арналар немесе оптикалық коммуникациялық құрылғылардан тұрады. Барлық желілік құрылғылар жүйелік және қолданбалы программалық жабдықтардың басқаруымен жұмыс жасайды.

Коммуникация – компьютерлік желілер мен қазіргі техникалық байланыс құралдары арқылы қашықтықтан мәліметтерді тасымалдау. Коммуникациялық есептеу желілерінің пайда болуы үлкен маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Желілік ЭЕМ-нің әрқайсысы желі құрамында, сондай-ақ автономды түрде өз операциялық жүйесімен жұмыс істей алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет