Лазерлік – басу сапасы өте жоғары және тез. Электрлік өрістің әсерінен арнайы жасалған ұнтақ қағазға тартылып қызады да, оған жабысады.
Термопринтер – арнайы термоқағазды қолданып жұмыс істейтін принтер.
Сканер – графиктік және мәтіндік информацияларды оқуға арналған құрылғы. Түрлері: ақ-қара түсті, түрлі түсті, қолмен басқарылатын, планшеттік, роликтік, проекциялық т.б.
🕮 Сканер
Ең алғашқы «жазатын телеграфты» 1843 жылы Александр Бэйн ойлап тапты. Ол ақ-қара бейнені бере алатын еді. Оның жұмыс істеу принципі қазіргі сканерден әлдеқайда өзгеше еді.1855 жылы оның идеясын италяндық Джованни казелли дамытты. Оның «пантелеграфы» ток өткізгіш материалдан жасалған сиямен қағазға салынған бейнені оқыды. Осындай құрылғылар көмегімен алғаш рет париж бен Лионды жалғаған құжаттарды беру жүзеге асты.
Кейіннен негізгі деталі фотоэлемент болып табылатын фототелеграф жасалды. Оның жұмыс істеу принципі қазіргіге ұқсастау еді. Сондықтан сканерлеу идеясының өзіне 150 жыл болды деуге болады. Осы идея қазір сканер деп аталатын барлық құрылғыларда қолданылады.
Тышқан –экран бетінде курсорды қозғалтуға арналған.
Джойстик – кнопкасы бар тұтқаға ұқсас, ойындар мен тренажерлар үшін қолданылады.
Трекбол – роликке бекітілген шар көмегімен басқару арқылы компьютер жұмысын жеңілдету.
Колонкалар –дыбыстық информацияларды жүзеге асыру үшін қажетті құрылғы.