WinRAR архивтік программасын пайдалану. Архивтек жұмысын бұл күндері кең тараған WinRAR архивтеу программасы арқылы қарастырайық. WinRAR – алдыңғы қатарлы архивтеуге және оларды басқаруға арналған Windows-тың RAR архиваторының 32-разрядты нұсқасы. Әр түрлі орперациялық жүйелерге арналған бірнеше RAR нұсқасы бар, мысалы, DOS, OS/2, Windows (32-разрядты), UNIX (linux, BSD, SCO, sparc, HP-UX) және BeOS.
Windows-қа арналған RAR-дың екі нұсқасы бар:
WinRAR.ехе – граикалық интерфейсті қолдану (GUI) нұсқасы;
Rar.exe – мәтіндік режимде қатарлар арқылы командаларды пайдалану тәсіліне арналған нұсқасы.
WinRAR- дың мүмкіндіктері:
RAR және ZIP архиваторларын сүйемелдеу жұмыстарын атқару;
Мәліметтерді қысудың өте тиімді алгоритмін пайдалану;
Арнайы мультимедиалық – қысу алгоритмін қолдану;
Алып бару – және – қойып кету (drag & drop) технологиясының қоршауын пайдалану;
Басқа форматтағы (CAB, ARJ, LZH, TAR, GZ, ACE, UUE) архивтерді басқару;
Бірнеше ұқсас файылдарды қысуда, қарапайым әдістерге қарағанда қысу деңгейі 10-50 %- ке көбейетін үзіліссіз архивтерді сүйемелдеу;
Стандартты және қосымша SFX модульдер көмегімен өздігінен қысылатын қарапайым және бірнеше томды архивтер жасау;
Физикалық түрде бүлінген архивтерді қалпына келтіру;
Басқа да қосымша функциялар, мысалы, шифрлау, архивтік түсініктемелер қосу (ANSI жүйесінің ESC-тізбегін сүйемелдеу), қателер хаттамасын жүргізу және т.б.
WinRAR-ды екі түрде қолдануымызға болады: Windows стандартты интерфейстің графикалық қоршауы режимінде және командалар қатарында.
WinRAR-ды қоршау режимінде қолдану үшін, WinRAR белгішісіне тышқанмен екі рет шертіңіз. Бұдан соң файлдарды архивтеуге және оларды шығаруға батырмалар мен менюді пайдаланамыз.
WinRAR-ды командалық қатарда қолдану үшін «Іске қосу» менюінен «Орындау...» жолын немесе «Программалар\ MS-DOS Сеансы» деген жолды таңдап, керек команданы енгізуіміз қажет. Файлдарды архивтеу және шығару командасының қарапайым мысалдары төменде көрсетілген. Егер WinRAR-ды параметрсіз командалық қатардан іске қосатын болсақ, онда екпінді күйде болатындығына көңіл аударыныздар.
WinRAR-ды орнатқан кзде «WinRAR-ды програмалық қоршау ішіне енгізу» опциясын іске қоспаған болсаңыз, онда файлдарды архивтеу және шығарып алуды тікелей Windows ортасында (Сілтемеден немесе Жұмыс столынан) жасай аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |