Архивтеу программалары. Сіздер кез келген информацияның белгілі бір көлемі болатын білесіздер.Жинақтауыш қатты дискінің көлемі қаншалықты үлкен болғанымен ол шектелген, жаңа мәліметтерді жазуға дискіде орын болмай қалуы мүмкін.Бұл мәселені шешудің бірінші жолы – қажет емес файлдарды жою.Ал егерде қажет емес файлдың бәрін жойғаннан кейін де дискідегі орын жеткіліксіз болса не істейміз?Мұндай жағдайда дискідегі орынды үнемдеп файлдың көлемін азайту үшін, мәліметтерді сығылған түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы Архиватор программалар бар.Файлдың немесе файлдар топтарының сығылу процесі Архивтеу деп аталады.
Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақтау тәсілдері әртүрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады: файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискіде ұстаудың ешкандай қажеті жоқ.Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі – файлда қайталанып тұратың фрагменттер орнына, қысқаша басқа информацияны жазып, кейіннен оарды өз реттіліктерін сақтай отрырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндікті пайдалану.
Әрине архиватордың әртүрлі информациялар үшін тиімділігі әртүрлі болатыны өз-өзінен түсінікті, мысалы, мәтіндік файлдарды екі иесеге жуық, ал бояуларының қоюлығы онша емес сұр түсті суреттерді (PCX немесе BMP тәрізді форматтағы) қанықтылық ерекшеліктеріне қарай екі- төрт тіпті он есеге дейін тығыздап қысуға болады.
Архиваторлар файл көлемін 10-70%-ға кішірейтуге мүмкіндік береді.
Әдетте 20Мб дискіні көшіру (COPУ командасы арқылы) 15-ке дейін дискет (көлемі 1,44Мб)кажет етеді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді бірнеше есе қысқартуға болады.Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесінқысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т.б. істер атқаруға мүмкіндік береді.Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады.Архивтеу программалары тегін (SHEPEWARE) немесе делдалдық әдіспен таратылады.Олардың ішінде кең таралған архиваторлар тобына ARI, RAR, PKZIP және PKUNZIP тәрізді программалар жатады.Бұлардан басқа да архиваторлар бар.
Архивтіқ файл - қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы.Оның мазмұны (архив құрамындағы қысылған файлдар тізімі) және әр файлдң сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін, оның мазмұны тәрізді мынадай информациялар сақталады:
файлдың аты;
файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;
файлдың соңғы рет өзгертілген мерзімі;
архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау коды.
Достарыңызбен бөлісу: |