1 БӨлім. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» ПӘНІ, оның мазмұНЫ



бет53/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.64 Mb.
#453858
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62
СОӨЖ 14

Файлдарды архивтен шығарып алу. WinRAR ортасында архивтен файлды шығарып алу үшін, алдымен архивті ашып алу керек. Оны төменде көрсетілген бірнеше тәсілмен жасай аламыз:

  • Windows ортасында архивтік файлға екі рет тышқанды шерту немесе ENTER-ді басу (сілтемеде немесе жұмыс үстелінде). Егер WinRAR орнатылған кезде(алдын ала келісім бойынша) архив-файл типімен байланысқан болса, онда архив WinRAR- да ашылады. Бұл әрекетті кейіннен WinRAR-ды орнатып болған соң да «интеграциялау» сұхбаты көмегімен жасауға да болады;

  • WinRAR терезесіне немесе белгішесіне архивті тасымалдау. Бұны жасамас бұрын WinRAR терезесінде басқа архивтің ашық болмағандығын тексеріп алған жөн, себебі тасымалданатын архивіміз басқасына қосылып кетуі мүмкін;

  • Командалар қатарынан параметр түрінде архивтік атпен WinRAR-ды іске қосу;

WinRAR терезесінде архивті ашқанда, оның мазмұны шығады. Шығарып алынатын керек файлды және буманы ерекшелеп алу қажет. Ол үшін «Бос орын» және Inc пернелерін қолдануға болады. Цифрлық пернедегі <+>, <-> пернелері файлдар тобын толық ерекшелеп белгілеуге немесе белгілеуді алып тастауға мүмкіндіктер туғызады.

Бір немесе бірнеше файлдарды белгілеп алған соң, WinRAR терезесіндегі Шығару батырмасын басамыз. Егерде архивтен шығарылған файлды басқа бумаға сақтағыңыз келсе Шығару...батырмасына шертіп, пайда болған терезеде қажет жолды көрсетіп, ОК-ды басу керек. Мұнда бірнеше қосымша параметрлерді ауыстыру болады.

Архивтеу кезінде статистикалық терезені пайдаланып, қысу процесін тоқтатуға болады. Ол үшін Болдырмау батырмасын басу керек. WinRAR терезесін жүйелік науада кішірейту үшін, Фондық батырмасын басамыз. Архивтен шығару қатесіз аяқталса, онда WinRAR өз ортасына оралады, ал кері жағдайда диагностикалық хабарламасы бар терезе пайда болады.

Архивтердің тұтастығын (бүтіндігін) тексеру.Архивтегі әрбір файл үшін оның циклдық бақылау коды (СRС) жазылып сақталады. Бұл код – файлдың ішкі мәліметінің арнайы функциясы, файлға кішігірім өзгерту еңгізілсе, оның бақылау коды да өзгеруге тиіс. Сондықтан бақылау коды архивтік файлдың бүлінбей дұрыс сақталғанының белгісі болып табылады. Файлдарды WinRAR программасында архивтен шығарар кезде олардың әрқайсысы үшін бақылау коды бөлек есептеледі де, ол бұрынғы жазылып сақталған кодпен салыстырылып нәтижесі экранда көрсетіледі.

Архивті бүлінуден сақтау. RAR архивінің форматы берілген көлемнен тыс арнайы информация типін, яғни қалпына келтіру деп аталатын мәліметті сақтайды. Егер архивте бұл мәлімет болса, онда иілгіш дискідегі информация бүлінген жағдай да оларды қайтадан қалпына аламыз. Бірақ бұл программа ZIP форматындағы архивтерді қайтадан қалпына келтіру әрекетін орындай аламыз.

Мәліметті қалпына келтіру үшін командалық қатарда RR[N] сөз тіркесін кез келген операциялық жүйе командасының кілті ретінде қолдануымызға болады немесе бұрын құрылған архивті қорғап қою мақсатында тікелей RR[N]командасын енгізуге де мүмкіндік бар. Мысалы:

a-rr neware *.txt

WinRAR d -rr4 neware dummy. Txt

WinRAR rr oldarc

WinRAR терезесіндегі команда құрамына архивтің атын немесе оның параметрлерін енгізу кезінде « Қалпына келтіру инфор мациясы» опциясын іске қосуға болады. Мұның басқаша орындалу түрі – алдын ала келісім бойынша архивтеу профиліне жоғарыдағы тәрізді опцияны іске қосу болып табылады. Мұндайда кез келген архивті өзгерткеннен кейін, оған оны қалпына келтіру ин формациясы автоматты түрде қосылып отырады.

Қалпына келтіру информациясы өз функциясын орындауы үшін оның құрамында 4096-ға дейін секторлар болуы мүмкін. Егер бүлінген мәліметтер үзіліссіз қатарласа орналасса, онда әрбір сектор оның бүлінген 512 байт көлемін қайта қалпына келтіре алады. Файлдың бір тектес бүлінуі бірнеше рет қайталанатын болса, онда бұл көлем де кішірейеді.

Мұндайда секторлар санын тікелей «RR[N]» командасы мен немесе «-RR[N]» (N=1,2..4096) параметрі арқылы беруге болады. Егер бұл параметр көрсетілмесе, онда оның мөлшері автоматты түрде файлдың көлеміне байланысты таңдалып алынады. – ол жалпы архив көлемінің 0,7% -на дейінгі мөлшерде болғанда оны қалпына келтіре алады.

Осындай түрдегі қалпына келтіру информациясы архив көлемін шамалы ғана ұлғайтады. Қалпына келтіру информациясы көлемін шамамен мына формула бойынша анықтай аламыз.

<архив көлемі>/256 + <қалпына келтіру секторларының саны>*512 байт.

WinRAR ортасында қорғалған архивтерді түзету үшін «Қалпына келтіру» командасы пайдаланылады, ол үшін командалық қатарға «r»командасы енгізіледі.

Қалпынакелтірілген архив recover.rar деп сақталады. Егер бүлінген архивте келтіру информациясы болмаса немесе ол елеулі түрде зақымданып, қалпына келмайтіндей күйде болса, онда қалпына келтіру ісінің екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде тек архив құрылымы ғана жөнделеді. Мұндай операциялардан соң бақылау коды (CRC) қате болған файлдарды қалпына келтіру мүмкін емес, ал кодтары дұрыс файлдар қалпына келтіріледі. Екінші кезеңнен өткен файлға _reconst.rar деген ат беріледі.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет