1 БӨлім. Глоссарий автотрофный



бет6/10
Дата24.02.2016
өлшемі4.07 Mb.
#14594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Серпімді шеміршек. Серпімді шеміршек негізінен гиалин шеміршекке ұқсас келеді. Мұның клеткалары да капсуламен қоршалып, изогенді топтар түзеді. Серпімді шеміршектерде серпімді талшықтар негізгі заттың базофильді бөлімдеріне таралып, соларды торлап жатады. Серпімді шеміршектердің түсі сары болады. Гиалинді шеміршекке қарағанда солғындау. Серпімді шеміршектін құлақ қалқаны, кеңірдектің кейбір шеміршек сақиналары құралады.

Талшықты шеміршек. Талшықты шеміршектің гиалинді шеміршектен айырмашылығы сол олардың негізгі затының коллагенді талшықтары шогырларға жинақталған. Талшықты шеміршек гиалинді шеміршекке немесе қалыптасқан дәнекер тканьге ауысып отырады. Талшықты шеміршектерден омыртқа аралық дискілер тұрады Бұл шеміршек тканьнің сырткы қабатын кұрайды. Шеміршектің тіршілігінде оның өсуі мен қоректенуін қамтамасыз ететін бұл дәнекер тканьді қабықтың маңызы зор. Клеткалары митоздық бөліну- қабілетін сақтайды. Соның ерекшелену есебінен шеміршектің өсуі және закымданғанда қалпына келуі жүзеге асырылады. Сөйтіп шеміршек өзінен тыс орналасқан элементтердің есебінен түзіледі.

Шеміршектің дамуы. Гиалинді шеміршек басқа дәнекер тканьдер сияқты мезенхимадан дамиды. Даму синцитиалды мезенхима участоктерінін. тығыздалуынан басталады. Бұл тығыздалу оларды құрайтын клеткадан тез бөлініп, ажырап кетпеуінің нәтижесінде түзіледі. Айналасындағы мезенхимадан жекеленген тығыз участоктар қаңқалы бөлімшелер деп аталады. Клеткалар жымдасқан сайын оларды жуып тұратын ткань сұйығының химиялық касиеті өзгереді. Онда шеміршектің аралық затына ұксас заттар пайда болады. Кейін олардан коллаген талшыктары дамиды. Осы шақтан бастап шеміршектің екі негізгі бөлігі — аралық заты және клеткасы айкындала бастайды. Клеткалары көбейіп, өсіп, негізгі заттың тығыздалған жіңішке қабаттарын түзеді (20-сурет). Осының нәтижесінде негізгі заттың базофилдігі мықтап артады. Ұрықтық шеміршектің дамуының осы кезеңі калыптасқан шеміршек тканінен өзгеше болады. Біріншіден, ұрықтық шеміршектің клеткалары изогенді топ түзбей, бір-бірінен бөлек орналасады, екіншіден, ұрыктық шеміршектің клеткалары қалыптасқан шеміршектің негізгі затынан көп болады.

Қалыптасатын шеміршектің мұнан кейін өсуі және артуы оны қоршаған мезенхима тканінің есебінен орындалады. Мезенхиманың клеткалары бөлініп, саны артып, біртіндеп, негізгі заты ерекшеленетін тығыздалған бөлімдер түзеді. Ал, клеткалары шеміршек клеткасына ауысады. Қалыптасушы тканьнің үстіне жас тканьнің жаңа кабаттары салыну жолымен шеміршек өсіп, оның көлемі үлғаяды.





20-сурет. Гиалінді шеміршектің мезенхимадан дамуы. 1- шеміршектің негізгі заты түзілуінің басталуы; 2- тығыздалған мезенхима; 3-болбыр мезенхима; 4- негізгі заттың бөлімдері.
СҮЙЕК ТКАНІ

Тканьнің құрылысы. Сүйек ткані денедегі ең тығыз тканьдердің бірі. Сүйектен омыртқалылардың қаңқасы құрылады. Шеміршек пен сүйек дененің беріктігін қамтамасыз етеді және формасын белгілейді.

Сүйектің қызметіне сәйкес оларға механикалық беріктілік беретін клеткасыз аралық заттың маңызы да зор. Сүйектің аралық заты аморфты заттан және коллаген талшықтарынан тұрып, біркелкі болмайды. Солардың орналаусына сәйкес торлы талшыкты және пластинкалы құрылысты сүйектер ажыратылады.

Егер жуандығы әр түрлі жеке талшықтар немесе олардың шоғырлары сүйектің негізгі затында әр түрлі бағытта тәртіпсіз, бір-бірін қиып өтіп орналасса, ондай сүйекті — торлы талшықты сүйек деп атайды. Мұндай сүйектерден жоғарғы сатыдағы омыртқалылар ұрығынын қаңқасы даму процесінде біртіндеп пластинкалы сүйекке айналады.

Пластинкалы сүйектер өте жүқа және күрделі құрылысты болып келеді. Бұл сүйектің негізін дұрыс орналасқан тығыз коллаген талшықтарын шоғырларынан тұратын сүйек пластинкалалары кұрайды (21-сурет). Шоғырлардың жуандығы біркелкі болып, бір бағытта өтеді. Сондықтан сүйектің кесе көлденең кесіндісінде нүкте тәрізді құрылысты, ал көлденең кесіндісінде жазық сызықтарды көруге болады Пластинкалы сүйектің пластинка аралык фибрилдері әр багытта болып, бір-біріне кесе көлденең немесе кесе бұрышты орналасады. Осындай күрделі құрылым сүйектің беріктігін сактайды.

Пластинкалы сүйек филогенездік дамуында талшықты сүйектен кейін пайда болып, тығыз тканьдердің ең жоғары формасына жатады.

Негізгі заттың әктенуі тек сүйек тканіне ғапа тән емес, сонымен қатар әктену кәрі шеміршекте, тарамыста кездеседі.



Химиялық құрамы. Сүйектің клеткасыз аралық заты органикалық және неорганикалық косылыстардан тұрады. Неорганикалық заттар сумен бірге сүйектің 67 процентін, ал органикалық заттар 33 процентін құрайды.

Сүйектің талшық түзілістері қайнатқанда желім беретін коллаген талшықтары сияқты оссейн деп аталынатын органикалық заттан тұрады. Оссейн талшығының баулары шеміршектің негізгі заты хондромукоидқа ұксас органикалық зат оссеомукоидпен желімденеді.




21-сурет. Адамның пластинкалы сүйегінің ұзына бойы кесіндісі.

1 — фибрильдері көлденең кесілген пластинкалар; 2 — ұзына бойы кесілген фибрилдер; 3 -сүйектің қуыстары.
Суды былай койғанда сүйектің бітім кұрамының басым көпшілігін неорганикалык заттардың ішінде кальций тұздарының Саз(РО4)2 сиякты күрделі қосылыстары құрайды. Осы косылыстар аркылы сүйек беріктікке ие болады. Кальций тұздарының қосылыстары коллаген талшығының мицеллаларына орналасып сүйектің негізгі затына сіңіріледі. Дегенмен олар мицеллалармен берік байланыспайды.

Егер сүйекті күйдірсек, онда оның органикалық заттары күйіп кетіп, сүйектің тек формасын сақтайтын неорганикалық заттары қалады. Егер сүйекті неорганикалық қышқылдардан өткізсек, онда кальций тұздары еріп, сүйектің формасын және құрылысын сақтайтын органикалық заттары қалады. Кальций тұздары жойылған сүйек қаттылығынан айрылып, пышақпен онай кесілетін болады. Қальций тұздарының жеңіл жойылу себебі мынада: олар фибриллярлы құрылыстардан өткенде органикалық заттармен берік қосылыстар бермейді. Сондықтан сүйектің құрылысын бұзбай жеңіл бөлініп кетеді. Жас ұлғаюына байланысты неорганикалық тұздардың мөлшері көбейіп, кәрі адамның сүйегі морт сынғыш келеді.

Сүйек тканінің аралық затында — остеоциттер (оs — сүйек) деп аталатын сүйек клеткалары орналасады. Остеоциттер әртүрлі жұлдызша тәрізді көбіне сәл созылыңқы және жазықтау келетін клеткалар. Олардың ядросы дөңгелек немесе сопақша болып келеді (22-сурет). Жас клеткалардың протоплазмасынан хондриосомдарды және ішкі торлы аппаратты оңай көруге болады. Қалыптасқан сүйекте остеоцит клеткалары жоғары маманданып, бөліну қабілетін жояды. Негізгі затының өте тығыз болуына байланысты әрбір клетка өзінің формасына лайық ерекше қуыстарда орналасады.


-

Сурет 22 Суйек клеткалары. 1-ядро; 2-протоплазма; 3- тармақтар.


Қуыстардан жалпы жүйені қосып тұратын каналшалар шығады, Остеоциттердің тармақтары сол каналшаларға кіріп, кейбір жануарларда мысалы, балыктарда жалпы синцитийге ұйымдасады. Сүтқоректілер остеоциттерінің тармақтарының бір-бірімен қосылатындығының негізгі себептері осы уакытка дейін белгісіз.

Сүйектің куыстары мен каналшаларына жақын орналасқан негізгі заттардың бөлімінде коллаген талшықтары болмайды. Сондықтан препараттарда ол бөлімдер негізгі заттың баска бөлімдерінен күштілеу болады. Бұл участокты Руже-Нейман қабықтары деп атайды.

Талшыкты сүйектерде остеоциттер клеткасыз аралық затта тәртіпсіз, ал пластинкалы сүйекте талшықтар шоғырларының арасына орналасып, жазық формалы болады. Соған байланысты сүйектің қуыстары да көбіне созылыңқы келеді.



Суйек клеткасы аралық затының микроскоптық құрылысы. Сүйек тканінің клеткасыз аралық затының микроскоптық құрылысы өзінде орналасқан коллаген талшықтарымен белгіленеді. Жай көзбен қарағанының өзінде сүйек заты кейде болбыр, кейде тығыз болып көрінеді. Соған байланысты сүйек заты тығыз және кемікті болып келеді. Екеуінің құрылысы да пластинкалы, айырмашылығы тек пластинкалардың аз немесе көп болуында.

Қемік тіластинкалары өзара айқасатын, жуандығы әр-түрлі көпірлер түзеді. Қөпірлердің орналасуын механикалық жағдайлар белгілейді, көп пластинкалардан түратын жуандау көпіршелер қысымды кабырғаға күш түсіретіндей болып орналасады. Құрылысы мүндай сүйек берік, салмағы жеңіл келеді. Көпірлердің аралықтары сүйектің қызыл миына толы болады. Сүйектің кемікті затынан ұзын түтікті сүйектердің үштары түрады. Жазық сүйектер сүйектің екі затынан түрады. Бірак мысалы, бас сүйекте кемік заттар, ал жанбас жауырында тығыз зат-тар басым болады. Сүйектің тығыз заттарынан дөңгелек сүйектердің денесі қүралады.

Организмде сүйек түрлері арнаулы қызмет атқарады. Соған байланысты сүйектің ткані белгілі құрылысы бар орган болады. Пластинкалардың орналасуы суйектен өтетін қан тамырларының бағытына байланысты. Қан тамырларының әрқайсысы Гаверсов каналы деп аталынатын қуысқа өтеді. Сүйек пластинкалары Гаверсов каналының айналасына дүрыс шеңберлі орналасады. Пластинкалар каналшадан алысырак орналасса, тузілетін цилиндрдің диаметрі солғүрлым үлкен болады. Сүйек пластинкаларының осылай орналасуы нәтижесінде Гаверсов каналы жуан қабырғалы цилиндрмен қоршалғаң сияқты болып көрінеді. Ұзын сүйектердің көлденең кесіндісінде пластинкалардың шеңберлі орналасқанын әбден көруге болады.

Қан тамырларына бай түтікті сүйек бір-біріне тығыз орналасып, ұзына бойында жататын көптеген остеондардан тұрады. Остеондар аралығындағы пластинка қондырма пластинка деп аталады.

Түтікті сүйектердің сыртын негізгі сыртқы пластинкалар қоршайды (23-сурет). Сүйекті қуыстардың ішкі беті негізгі ішкі пластинкалармен төселінеді. Сонымен қатар сүйекке негізгі пластинкалар мен Гаверсов жүйесін өзара байланыстыратын пластинкалар және қан тамырлары да болады.

Түтікті сүйектердің тығыз заттарында остеондар білікті бойлай орналасады. Ал жазық сүйектерде білікке кесе көлденен орналасады.



Сүйектің дәнекер тканьді қабығы. Сүйектердің барлығы, буындасатьш жерден басқасы, сүйек қабығы немесе периос деп аталатын дәнекер тканьді кабықпен қапталады. Ол сыртқы және ішкі қабаттардан тұрады. Ішкі қабатында коллаген және эластикалы талшықтар болады. Олардың арасында сүйек клеткаларын түзетін клеткалар көп мөлшерде кездеседі. Мұндай клеткалар жас сүйектің қабығында өте көп болады, ерекшеленіп, сүйекті заттың өсуін қамтамасыз етеді.

Периостің сыртқы қабаты сүйектің беріктігін сақтайтын жуан коллаген талшықтарынан тұрады. Бұл қабатта қан тамырлары мен нервтер өтеді. Олар осы қабаттан Гаверсов каналдарына өтіп, сүйекті қоректендіреді. Сүйек айналысы ішкі қабатының әр жерінен талшықтардың баулары арқылы бөлініп, сүйекке кіріп тығыз сүйекпен байланысады. Мұндай бөлімдерде сүйек қабығын сүйектен бөлу өте қиын. Сүйек ішкі негізгі пластинкалар жағынан эндоост деп аталынатын жұқа дәнекер тканьді қабықпен төселеді.

Сүйектің қызыл миы. Ұрықтың барлык сүйектерінін қуыстары қан жасайтын орган суйектің қызыл миына толы болады. Ол ретикулярлы тканьнен тұрады. Ретккулярлы тканьнің құрамында әртүрлі дамү кезеңіндегі клеткалары кездеседі. Дүниеге келген соң сүйектің қызыл миы тек түтікті сүйектердің кемігінде омыртқаның денесінде және жазық сүйектерде мысалы, кабырғаларда калады. Сүиектің басқа қуыстары май клеткаларының жиналуы нәтижесінде түзілетін сүйектің сары миына толы болып, кан түзуге қатыспайды.






23-сурет. Сүйсктің кұрылысы (көлденең кесіндісі).

1- гаверсов каналы; 2 — сыртқы басшы пластинкалар; 3 — қосымша пластинкалар; 4- гаверсов жүйесі.


Сүйектің дамуы. Сүйек екі жолмен дамиды. Жак және бас сүйектері ұрықтық дәнекер тканінен тікелей дамиды. Бірақ сүйектердің көбі мысалы, омыртқа және аяқ, қол сүйектері, бастың қарағұсы және басқа бөлімдері алғанында шеміршек тәрізді қалыптасып, кейіннен біртіңдеп сүйекке айналады. Осыған байланысты сүйек ұрықтық дәнекер тканінен дамитын шеміршек орнында дамитын болып екіге ажыратылады. Біріншісі, дәнекер тканьді сүйек, екіншісі, шеміршек тканьді сүйек деп аталады. Екі жағдайда да даму процесінің негізі бір, ал сүйек түзілуінің қайнар көзі — мезенхима.

Сүйектің ұрықтық дәнекер тканінен дамуы. Сүйектің ұрықтык дәнекер тканінен дамуы шеіміршек орнында дамудан бұрын басталады. Сүйек түзілетін жерде мезенхиманың клеткалары күшті бөліне бастайды. Бөлінген клеткалар тығыз топтар түзеді. Клеткалардың көбеюімен қатар олардың арасында нәзік талшықшалары бар коймалжың заттар пайда болады. Қөбеюі тоқталмаған клеткалар талшықтарды тығыздап, қысады.

Сүйек бастамасында остеоциттер мен негізгі заттар жекеленген соң, олардың үстіне мезенхимадан ерекшеленетін остеобластар орналасады. Өйткені, остеобластардың қатысуы мен сүйектің заттары түзіледі. Остеобластардың протоплазмасы эктоплазмаға, эндоплазмаға бөлінеді. Эктоплазма сүйектің аралық затына айналады. Эндоплазма ядро мен қабат түзеді, немесе жойылып кетеді. Сүйек бастамасының аралық заты өсіп, талшықтарын көбейтеді. Көбейген талшықтар остеобластарды қоршайды. Қоршалган остеобластар көбею касиетін жойып, остеоциттерге айналады. Клеткаларға тән аралық затта сүйек қуыстары түзіледі. Сүйек дамуында клеткалар тармақтар арқылы байланысады.

Сүйек бастамасы ерекшеленуі тоқталмайтын остеобластар аркылы өседі. Остеобластар өзінін кебею клеткалары және мезенхимді клеткалардан түзіліп, қосылатын клеткалар арқылы өседі. Остеобластардын, ерекшеленуі нәтижесінде бастамаға аралық заттың жаңа қабаттары қосыла береді (24-сурет). Осымен қатар аралық затта бірінші дамитын сүйекке тән талшықтарды тығыз желімдейтін оссеомукоид пайда болады. Мұнан кейін кальций тұздары жиналып, суйектің әктенуі етеді.


24-сурет. Шошка ұрығының бас сүйегінің кесіндісі, 1-остебластарға ауысатып остеогенді тканьнің клеткалары; 2 — коллаген талшықтары; 3—остебласт; 4 — остеоцит

Сөйтіп сүйектің жеке аралшалары қалыптаса бастайды. Олар өсіп бір-бірімен қосылып, сүйектің кемігін түзеді. Сүйек бастамасын қоршаған дәнекер ткані периостыға ауысады. Периостың дөрекі қабатын және шамалы ерекшеленген камбиалды элементтерге бай ішкі қабатын көруте болады. Сүйектің дәнекер тканьді кабығында қан тамырлары өсіп, тығыз тор түзеді. Жоғары омыртқалыларда дөрекі талшықты сүйек уақытша өсіп, кейіннен біртіндеп ыдырап, пластинкалы сүйекке айналады. Сүйектің осылай өзгеруі екі түрлі клетканың әрекетінен болады. Бірінші, сүйекті бұзатын остебластардың (оs — сүйек, blastos — бастама) екінші сүйекті түзетін остеобластардың әрекеті. Сүйектің дамуы шеміршектің орнында болған жағдайда да сүйектің дөрекі талшықты затының пластинкалылыға ауысуы жоғарыдағы айтылғандай



Сүйектің шеміршек орнында дамуы. Сүйектің шеміршек орнында дамуы күрделі процесс. Өйткені, алдымен шеміршек қалыптасады да, бірте-бірте оның орнын сүйек ткані басады. Остеобластардын ерекшеленуі аралық заттың фибриллярлы түзілістерінің пайда болуына жағдай жасайды. Бұл арада алдымен дөрекі талшықты сүйек түзіліп, ол кейіннен пластинкалы сүйекке айналады. Бұл процесс сүйектің түзілуімен қатар шеміршектің өсуіне және бұзылуына байланысты болады. Сүйектің шеміршек орнында дамуын жілік сүйекте жаксы көруге болады. Жіліктің орта бөлімі — диафизді, екі шеті эпифизді болады. Сырты шеміршек қабығы мен перихондр коршалған болады. Жіліктің сүйектенуі орта бөлімінен басталды. Диафизді коршаған мезенхимді тканынан тұратын перихондрде остеобластар пайда болады. Ал, сүйекті заттардың түзілуі жоғарыда баяндалған әдістер бойынша өтеді. Шеміршектің айналасында сүйектен тұратын сақина (манжетка) пайда болады. Сүйекті заттардың перихондрда жиналуын перихондрлы сүйектену деп атайды. (25-сурет). Перихондрлы жас сүйекті қоршаган дәнекер тканьді қабықты периост деп атайды.

Сақина өсіп, шеміршектің үстіңгі жағымен эпифиздерге бағытталып, тарайды. Сол кезде оған клеткалардың ерекшеленуі және остеобластардың түзілуі тоқтамайтын периостың шеткі бөлімдерінен жаңа қабаттары қосылады. Сакинаның үстіндегі кабат қабат түзілістер сүйекті жуандатады. Сакина түзілетін жердегі шеміршек өзгере бастайды. Сакина түзіле бастаған жерде шеміршектің коректенуі тоқталады. Сондықтан шеміршекте кальций тұздары жинала бастайды. Шеміршек клеткалары ісінеді, өледі. Перихондралы сүйектің саңлаулары арқылы шеміршектің ішіне остеобластар және сүйек түзетін, шеміршекті бұзатын ткань (хондрокластар) енеді. Осымен бір кезде шеміршекке қан тамырлары да енеді. Сүйек түзетін ткань өскен сайын шеміршектің негізгі затының ыдырауы және клеткаларының бұзылуы күшейе түседі. Соның нәтижссінде сүйек түзеуші ткань мен қан тамырларына толы болатын қуыстар пайда болады. Орталық бөлімде басталған шеміршектің бұзылуы одан екі жағына (эпифиздерге) тарайды. Бұзылуға ұшыраған шеміршектің маңындағы шеміршек клеткалары әлі болса көбеюге қабілеттігін сақтайды.





Сурет 25. Адамның ұрығындағы бармак сүйегінің дамуы (ұзына бойы кесіндісі), А — периосталді манжетканың пайда болуы; Б — остеобласты тканьнің шеміршектің ішіне алғашқы енуі; 1- диафизді шеміршектің өсуі; 2 — әктелген шеміршек: 3 — сүйек манның жіңішке жолагы мен .осгеобласты қабаты; 4 — надкостницаның фиброзді кабаты; 5 — эпифиз; 6 — перихондр -сүйек; 7 — әктелген шеміршекке өсетін остебласты тканьнің бүршігі

Пернхондралды сүйек арқылы еніп өсетін остеобластар шеміршектің әлі де бұзылмаған аралық затының қалдығына орналасады. Сүйектің түзілуі басталады. Шеміршектің ішінде өтетін бұл процесс — энхондралды сүйектену деп аталады. (26-сурет). Бүл жағдайда сүйек ткані склетогенді мезенхималық клеткалардан дамиды. Шеміршектің аралық затының қалдығы энхондралды суйекті тузеуге катыспайды.





Сурет 26. Бірынғай салалы ет клеткасының орта бөлімі. (Клетка орталығы ядроның тұсында).
Ендігі жерде сүйек бастамасында сүйектенудің екі процесі катар жүреді. Оның біріншісі, шеміршек үстінде (перихондралды) сүйектену, екіншісі, бұзылушы шеміршектің орнында (энхондралды) сүйектену.

Энхондралды сүйек пайда болысымен остеобластар


өз қызметін бастайды. Олар скелетогенді тканьнің клеткаларынан тузіледі. Скелетогенді тканьнің клеткалары алғашқысында бір ядролы және жоғары маманданған клеткаға айналады. Остеобластар жас энхондралды сүйекті диафиздің ортасынан бұза бастап, эпифиз бағытына
өрлейді. Нәтижесінде үлкен қуыстар түзіледі. Ол қуыстарды толтырып тұрған ткань ретикулярлы тканьге айналып, онан сүйек миына ауысатын алғашқы гемоцитобластар түзіледі.

Жоғарыдағы өзгерістермен қатар шеміршектің ішінде сакина өсе береді. Сүйек ткані сақина үстінде қабаттала береді. Сүйек жуандайды. Мұнан бұлай сүйектің ұзына бойы өсуін бастаманың ішінде көбейіп жататын шеміршек клеткалары қамтамасыз етеді. Бірақ түзілетін сүйекте ересек организмнің сүйегіне тән тұрақты құрылыс әлі де болмайды. Сүйек заттары сүйектің қабаттарын түзгенде, бірде пластинкалы, бірде дөрекі талшықты сүйекке тән көпіршелер турінде пайда болады. Сүйек затының көбеюімен қатар оның сәл бұзылуына байланысты өзгерістер де пайда болып отырады. Сүйек затында кан тамырларының айналасына орналасатын және сүйекті «жейтін» остеобластар пайда болады және мезенхима тканімен толып туратын кең каналшалар түзіледі. Мұнан кейін кан тамырларының айналасына орналасқан мезенхималы клеткалардан дамитын остеобластардың қатысуы арқылы сүйек заттарының құрылысы пластинкалы болады. Алғашқы пластинкалардың дамуын қан тамырлары бағыттайды. Сүйектің жас талшықшалары қан тамырын бойлап өсіп, нәтижесінде барлық сүйек затының өсу бағытын белгілейді. Бірінші пластинкалардан кейінгі пластинкалар қан тамырларының айналасына сакина тәрізді қабаттар түзіп өседі. Сөйтіп Гаверсов жуйесінің алғашқы құрылуы өтеді. Сүйектердің қайта құрылуы мұнан соң да тоқтамайды, ол 30 жасқа дейін созылады. Онын себебі біріншіден сүйектің өсуі, екіншіден, оған түсетін жуктің салмағынын өзгеруі. Суйекке түсетін жуктің артуына байланысты суйектің құрылымы өзгеріп отырады. Гаверсов жүйесінің бірінші құрылымы біртіндеп бұзылып, ол екінші, онан кейін үшінші т. б. кұрылымдар жүйесіне ауысып отырады.

Периосталды сақинада оның эпифиздің үстіне кабатталып өсуінен бастап, өзгерістер пайда болады. Ең алдымен перихондр сүйектің қабыгы периостыға ауыса бастайды. Сонан соң әрбір эпифиздін орталығында әктену орны пайда болады және шеміршектің бұзылуы басталады. Эпифиздің диафизбен шекаралас жерінде орналасқан шеміршек клеткалары дұрыс катарлар түзеді. Бұл жерде клеткалары бөлінуге қабілетін жоймаған шеміршек пластинкалары қалады. Солардың көбеюі нәтижесінде сүйектердің ұзынан өсуі қамтамасыз етіледі. Сондықтан оны өсудің шеміршек пластинкасы деп атайды.

Эпифиздің әктену орнында энхондралды сүйектену басталып, диафизге карай жүреді. Энхондралды сүйектену бір-біріне қарсы өсуі нәтижесінде өсу пластинкасы кішірейіп, ақырында оның өзі сүйектенеді. Сөйтіп түтікті сүйектердің ұзыннан өсуі тоқталады. Адамда бұл процесс 20—25 жас арасында өтеді. Эпифиздің сыртқы бөлімі шеміршек күйінде қалып, перихондр клеткаларының көбеюі есебінен өседі. Кейіннен ол буын шеміршегіне айналады.

Шеміршектің орнында осылайша сүйек түзілуі өзара байланысты бірнеше процестерден тұрады: оның біріншісі, перихондралды сүйектену кезінен басталып, ересек организмде тоқталмайтын сүйек тканінің түзілуі, екіншісі, шеміршекте өтетін процестер. Бұл процестердің ересек сүйектің құралуында маңызы өте зор. Өйткені екі процестін, біреуі бұзылса, сүйек дамуы дұрыс өтпейді.

Сүйектің дұрыс түзілуінің шешуші шарттарының бірі — оның қалыпты коректенуі. Егер баланың қанында кальций мен фосфор аз болса, негізгі заттың әктенуі кешеуілдеп, сүйек жұмсак, майысқақ келеді. Сүйектің дамуы үшін витаминдердің де маңызы зор. Олардың кайсы біреуі сүйектін өсуі мен дамуына тікелей әсер өтсе, екіншілері қосалқы әсер етеді. Мысалы Д витаминінін тағамда мүлде болмауынан немесе жетіспеуінен ұзын сүйектін диафизіндегі энхондралды сүйектену кешеуілдейді. Соның салдарынан шеміршек пластинкасы күшті есіп кетеді де, сүйек морт сынғыш болады. А витаминінің жетіспеуі түтікті сүйектердін дәнекер тканьді қабығындагы тамырларды тарылтады. Соның нәтижесінде өсудің шеміршек пластинкасында сүйек түзуші клеткалардың дұрыс коректенуі бұзылып, түтікті сүйектердің өсуі тоқталады. Сүйек тканінін дамуында С витаминінің де ерекше маңызы бар. Ол жок болса, сүйектің қоллаген талшығы түзілмейді. Осыған орай сүйек пластинкасы да түзілмей қалады.

Адамның сынған сүйегінің орны бітетіндігі мәлім. Сынған сүйектің бітелуі жас ткань бір-біріне қарай өсіп, бірігуінен болады. Клеткалардың толған жеріне қан тамырлары өтіп, оның артынан остеобластардың қатысуымен қарқынды түрде сүйек түзіле бастайды.

Бақылау сұрақтар:


  1. Дәнекер үлпасына жалпы сипаттама және классификациясы. Борпылдақ дәнекер ұлпасының кұрылысы және қызметі. Клеткалары мен талшыктарынын пішіні, морфологиясы және кызметі. Қан мен борпылдак дәнекер ұлпасының тұтастығы.

  2. Тығыз дәнекер ұлпасы, кұрылысы мен кызметі. Талшыктарының орналасу жүйесі және клеткаларының кызметі. Ретикулярлы ұлпа. Майлы ұлпа құрылысы, маңызы. Пигментгі ұлпа.

  3. Шеміршек ұлпасы. Жалпы морфофункционалдық сипаттама. Классификациясы. Шеміршек ұлпасының клекткаларының құрылысы (хондроцит). Шеміршек ұлпасының клеткааралык заты. Хондробласт. Гиалинді, талшыкты және эластикалык шеміршекгің құрылысы. Шеміршектің дамуы және регенерациясы.

  4. Суйек ұлпасы. Сүйек ұлпасының құрылысы, химиялық құрамы, клеткааралык заты, сүйек клеткалары. Остеон ірі талшықты және пластикалық сүйек. Сүйектің гистогенезі, регенерациясы

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.

  2. З.Қ. Тоқаев. Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған Гистология зертханалық сабақтарының оқулық-әдістемелік құралы. Семей, 2002.

  3. А.А. Заварзин. Основы сравнительной гистологии. Л., ЛГУ, 1985.

  4. О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.

  5. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.

11-12 Дәрістер. Бұлшық ет ұлпасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет