1-бөлім: Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыбым: Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту



бет3/6
Дата27.05.2022
өлшемі142.05 Kb.
#458708
1   2   3   4   5   6
Топ мүшелері

Диалог

1-тапсырма

2-тапсырма

Венн диаграмма

Бағасы

Жазбаша



Ауызша












Бұл бағалаудың мақсатты оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқушыны ынталандыру сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы шығармашылығын дамыта оқытуға жетелеу екенін түсіндім. Яғни бірден жиынтық баға қоймай, материалдың игерілмей, қамтылмай қалған тұстарын нақты көрсетіп,толықтырып қайта оқуға бағыттау. Сабағымыз өзгеше формада өтетінін ескере отырып, геометриялық фигураларды пайдалып, сыныптағы 15 оқушыны 3-топқа топтастырдым, әр топ өздеріне тән құрған ережелерімен, міндеттерімен таныстырылды . Әдебиет пәнін оқыту, оқушы шығармашылық қабілеттерін дамыту, ондағы көздегенім оқыту барысында оқушылардың білімдері мен дағдыларын ескере отырып үш оқушыны зерттеу (Үлгерімі жақсы оқушы - А), (Үлгерімі орта оқушы -Б), (Үлгерімі нашар оқушы -В). Оларды зерттеу нысаны етіп алған мақсатым 3-оқушы деңгейлеріне қарай топтық жұмысқа жұмылдыру, сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен ізденуге бағыттау болып табылады . Сабақ барысында үй тапсырмасын сұрау- диалогты оқыту модулі арқылы жүзеге асырылды. Осыған орай мен сабағымдағы екінші іс-әрекетім - диалогты оқыту модулі «ойыншық тастау» тәсілін пайдаландым. Мен бұл жерде оқушылар бір-бірімен еркін байланыста болуын қамтамасыз етуді көздедім. Ж. Нәжімеденовтың өмірі мен шығармашылығы туралы бір-біріне қойған сұрақтарына тиімді жауаптарын айту кезең менің сабағымда сәтті шықты, себебі үйге берілген тапсырманы орындау кезінде оқушылар оқулықтан басқа да дерек көздерін пайдаланғаны байқалды. А деңгейдегі оқушы өз бетінше ізденіп, тақырыпты сын тұрғысынан ойлауы арқылы өз шығармашылық қабілетімен Ж.Нәжімедиенов жайлы қосымша ақпараттардан Power point слайдтар көрсетіп таныстырылым жасады. Әр оқушы диалог барысында жаңа ақпарат айтуға тырысты. Тізбектелген алғашқы сабағымның атмосферасы мазмұнында келтірілген деректерге сүйене отырып топтық жұмыстар арқылы оқушы белсенділігін арттырудың кепілі бола алатыны маған ой салды. Үй жұмысының екінші бөлігі жазбаша түрде Ж. Нәжімеденовтың «Сен ақылды болсаң екен...», «Жамандығыңды көрмесем» атты өлеңдерінің негізгі идеясын және «әке мен бала достастығы» атты тақырып бойынша жазбаша түрде шағын эссе жазып, оқушылардың ойларын тыңдадым нәтижесінде Ж. Нәжімеденовтың өлеңі оқи отырып өз әкелерімен достастығы туралы ой толғаныстарын айтты. өлеңнің идеясын, мазмұнына қарай талдау жасап көркемдігіне тоқталды. Жұмыс барысында А,Б,В деңгейлі оқушыға көп көңіл бөлдім. А деңгейлі оқушым тапсырманы шапшан орындап, «Мен әкем асқар тау» атты шығын әңгіме жазып, өз ой толғанысын өлең жоларымен аяқтағаны оқушының шығармашылық қабілетінің кең өрісті екенін байқатты. Оның жазған эссесінде адамды толғандыратындай мынадай сөйлемдерді «Әке –ұрпақтық панасы, әрі қамқоршысы, ел ағасы. Әкем үшін мен көз қуанышымын, менің әр жетістігім әкем үшін үлкен мәртебе» деген жолдарды оқыдым Жазбаша тапсырманы Б деңгейлі оқушым толық орындамады өйткені логикалық және ойлау жүйесі толық дамымағанын байқадым сондықтан ол оқушыға шығармашылық қабілетін дамуына арналған тапсырмалар қажет. Келесі сабақ жоспарында мұны міндетті түрде қарауым керек деп шештім. В деңгейлі оқушым тапсырманы орындау барысында қателіктер жібергенін байқап, жанындағы достарымен бірлесіп орындауға кеңес бердім
Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында қандай ақын қазақ қыздарды білетіндерін сұрадым. Олар өздері білетін ақын қыздардың атын атады. Бүгін солардың ішіндегі шоқтығы биік, өлең мен өнерге жаны құмар ақын - К. Ахметова туралы шағын мәліметпен таныстырдым. Сыныптағы оқушылар оқулықты жаңа ақпаратты топпен жұмыс істеу барысында К.Ахметованың 1-топ өмірімен, 2 -топ шығармашылығын, 3-топ «ана» тақырыбына постер жасап, қорғау тапсырылды. Қосыша мәліметті берілген қосымша мәтіндерден, оқулықтан алып постер қорғады. Постер қорғау барысында оқушыларға Блум таксономиясының төменгі позицияларының сұрақтарын бердім. А,Б деңгейлі оқушылар көп қинала қойған жоқ.
Б. Деңгейіндегі оқушы жауап беруге тырысты, бірақ жауабы нақты емес. Оқушының бойынан сабаққа деген қызығушылықтың пайда болғанын байқадым. Блум таксаномиясының білу деңгейінде тарих пен география пәндерінен алған білімдерін еске түсіріп байланыстыру арқылы е кең байтақ еліміз «Қазақстан жайлы» интерактивті тақтадан бейнефильм көрсетіп, ой пікірлерін тыңдап, қазақ елінің өткені мен өршіл рухы туралы өз ойларымен бөлісе «Шежіре» сөзіне оқушының рухани мүмкіндігін сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін зерделеп, дәлелдеу үшін әр топқа бірдей тапсырмалар беріліп, постер жасап, топ мүшелері өз жұмыстарына презентация жасады. Осы жұмысты орындау барысында оқушылардың әдеби тілде сөйлеу мәдениетін қалыптастыра, перзенттік жүрекпен жырлай жеткізе білді.Түсіну кезеңінде өлеңді жеке- жеке оқып танысып, мағынасын терең түсіну үшін топ ішінде дебат әңгіме жүргізіп, сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушы шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында »қазағым менің» өлеңінің ішінен 1-топ батырлықты дәріптеу туралы, 2-топ қазақтың қонақжайлылығы туралы, 3-топ қазақтың өнері жайлы постер құрау барысында А деңгейлі оқушы өз шығармашылық қабілетінің жоғарғы дәрежеде екенін байқатты. Ол өз тобының презентациясын топпен қорғау барысында қазақтың өнерін ою-өрнектің аясында көрсетіп фантазия мен қиялға бай екенін танытып, топтың көшбасшысы бола білді
Осы жұмыс барысында Б деңгейлік оқушымның белсенділігі төмендеп, топтық жұмысқа қосылмай отырғанын байқап, топтық жұмысты қорғау барысында оны сөйлетіп, батырлық, ерлік жайында өз ойын еркін жеткізуге ынталандырдым. Топтардың жұмысына формативті бағалаулар жасадым,ондағы мақсатым оқушыларды ынталандыру болып табылады. Келесі В деңгелі оқушымның топтық жұмыс барысында ынтасы артып отырғанын байқадым, бірақ топтық жұмысты қорғау барысында сөйлемей енжарлық танытқанын байқап, келесі тапсырманы қорғауда презентацияны қорғайтынын айттым. Осы жұмыстан кейін сергіту сәті оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды. Қолдану мен талдау кезеңінде «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» атты өлеңін «Қазағым менің» өлеңдерінің мәтіндері ұсынылып, топтық жұмысты Венн диаграммасы әдісін қолдана Қадыр Мырза Әлидідің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» атты өлеңін «Қазағым менің» өлеңіндегі негізгі идеяларын екі өлеңді салыстыра әр топ ерекшелігі мен ұқсатығын өздерінің шығармашылық қабілеттерін бірлесе постер жасады. Бұл тапсырманың дәстүрлі тапсырмадан ерекшелігі өлеңдерді салысттыру барысында Венн диаграммасын тиімді пайдалану.


Тапсырманы қорғау барысында А деңгейлі оқушының екі өлеңді салыстыра отырып, идеялық үндестігін таба білген.. В деңгейіндегі оқушы үндестікті айқын көрсетпесе де екі өлеңді тақырыптық жақтан талдай білді. Жинақтау мен бағалау кезіңі оқушылардың шығармашылық ойлау деңгейін ескере отырып үй тапсырмасы негізінде бердім яғни алған білімдерін жинақтап, өлеңнің мағынасын түсініп, жеке талдап өз түсініктері бойынша шағын эссе жазады. Сабақтың соңында топ басшылары табыс критерийлер бойынша бағалау парағымен таныстырады. .бағалау парағы.docx В деңгейлі оқушының өзіне деген көзқарасы төмен, бірақ бақылау нәтижесінде өзінің жауаптары арқылы өзіне деген сенімі кішкене болса да қалыптаса бастағанын байқадым. бүгінгі Менің осы сабақтағы кемшілігім уақытты тиімді пайдалана алмай рефлексияны қоңырауда алдым. Оқушыдан гөрі өзім көп сөйлеп кеткен сияқтымын, келесі сабақтарда оны ескеру қажет.
Менің осы сыныптағы екінші сабағым Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» тақырыбында өтті. Сабағымды бастамас бұрын оқытудың жаңа әдісі - ынтымақтастық пен топтағы бірлескен әдісін қолдана, оқушыларды топтарға бөлдім.Топтардың құрамын жиі өзгерту керектігін ескере отырып





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет