1-деңгей Бастауыш сыныптағы тәрбие процесі және оның сипаттамасы


Бастауыш сынып оқушылары тәрбиесіндегі ынталандыру мен жазалау әдістері



бет63/63
Дата20.10.2023
өлшемі124.07 Kb.
#481226
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Сессия Теория Айнура

30. Бастауыш сынып оқушылары тәрбиесіндегі ынталандыру мен жазалау әдістері
Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың өзара байланысты педагогикалық тәсілді айтамыз.
Жазалау әдісін мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас ерекшеліктеріне және деңгейіне қарай бөледі іріктеп. Әдістер тәрбиенің мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамның тәртіп ережелеріне үйретуге, қателіктерін мойындап үйренуге, адамдармен жақсы және тығыз қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы бір тұлға ретінде қалыптасуына, жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.
Жазалау дегеніміз баланың жаман қылықтарын, нашар тәртібін, мінезінің дұрыс емес екендігін түсіндіру. Мұғалім әр бір жаза қолданған кезде өте мұқият болу керек және сақтықпен қарау керек. Жазаға қойылатын талаптар:
• жазаны талап қою әдісімен ұштастыру;
жазаны кек алу ретінде, баланың баланың намысын таптау немесе баланы кемсіту, қорлау, жәбірлеу түрінде болмауы;
жазаның әділ болуы, баланы әділетсіз жазалау баланы мүғалімнен алшақтатып, араласатын ортасынан бөлектенуіне алып келеді. Мұғалімдер, педагогтар оқушылардың немесе ұжымның көмегіне және қолдауына сүйеніп, тек тәртібі нашар оқушыны ғана жазалайды.
Жазаның түрлері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болып, тәрбиенің басқа түрлерімен байланысты болуы міндеттіг. Жазалаудың түрлеріне мыналар жатады: тәртібін талқылау, сөгіс және алдын ала ескерту, т.б.
Ынталандыру әдісі дегеніміз ол - мадақтау. Балаларды мадақтау арқылы белгілі бір нәтижеге жетуге болады және балаға немесе оқушыға жақсы баға қойып мадақтаумен қоса баланы ынталандырамыз. Қызығушылықтыда ынталандыру әдісіне жатқызуға болады мысалы оқушыны әртүрлі мысалдар арқылы қызықтырып ынталандыруға болады. Сабақ барысында оқушыларды мұғалімнің сөйлеу мәнеріменде сабаққа деген қызығушылығын оятуға болады, танымдық ойындармен пікірталастар арқылыда баланы ынталандыруға болады, үлгерімі төмен балаларды да жеткен жетістігіне қуантуда олардың ынтасын арттырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет