1-деңгей Бастауыш сыныптағы тәрбие процесі және оның сипаттамасы


Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке және оны жауапкершілікпен қарауды қамтамасыз ету



бет55/63
Дата20.10.2023
өлшемі124.07 Kb.
#481226
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63
Сессия Теория Айнура

18. Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке және оны жауапкершілікпен қарауды қамтамасыз ету.
Баланы кішкентай кезінен жұмыс жасауға үйрету тәрбиенің ажырамас бөлшегі болып есептеледі. Еңбек ету барысында оқушылардың еңбекке көзқарасы, сүйіспеншілігі, тәртіптілігі, табандылығы, жігері, ұстамдылығы, ұжымшылдығы,жауапкершілігі қалыптаса бастайды. Оқушылар еңбекке баулу сабағында еңбектің бастапқы алғы шартымен танысады, еңбектің қарапайым құрал - саймандарымен жұмыс істеу дағдыларын үйренеді, түрлі материалдарды қолданып, қолмен жұмыс істеудің өмірде қажетті қарапайым әдістерін меңгереді. Еңбек сабағының жаңа бағдарламасының ерекшелігі: жан-жақтылық, оқытуды тікелей еңбекпен байланыстыру, еңбектену барысында жауапкершілікті сезіну. Бастауыш сынып оқушылары мектепте арнайы жабдықталған сыныптарда еңбекке қажетті құрал-жабдықтармен танысып, түрлі өнімдерді өндірудің әр тарапты технологияларын интерактивті тақтадан көріп, нақты дәлелдермен көз жеткізеді. Бұл сатыда кішкентай оқушылар мамандық түрлерімен таныстырылады.
Балалар еңбетің бұл түрімен физикалық тұрғыда өздерін шынықтырып, салауатты өмір сүру дағдыларын бойланыра қалыптастырады. Дені сау, өрелі, мықты азамат болатындарына көз жеткізеді.Бұл тұрғыда оларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, жол көрсетіп отыратын мұғалім болмақ. (20% плагиат)
19.Бастауыш сынып оқушыларының еңбек тәрбиесі.
Еңбек тәрбиесі - қоғам мүшесі болып табылатын әр адамның жалпы жауапкершілік туғызатын негізгі саласы. Мақсатына тоқталатын болсақ – әрбір іске орынды қатынасты дамыту, қоғамдағы барлық еңбекті қажет ететін пайдалы дүниеге тәрбиелеу, еңбек тәртібін жолға қою. Еңбек тәрбиесі тәрбиенің басқа да салаларымен бір жүйеде іске асады. Еңбек барысында тапсырылған жұмысты нәтижелі орындап шығуға оқушының талпынысы жоғарлайды. Балалардың бойындағы мына қасиеттер ерекше көзге түседі. Олар: жауапкершілік, ұқыптылық, көпшілік ортада жұмыс істеу, шыдамдылық. Осы арқылы оқушыны еңбекке психологиялық және тәжірибелік тұрғыдан әзірлеу, балалардың еңбек етуін қалыптастыру, еңбек мәдениеті дағдыларын дамыту, шәкірттердің ынта жігерін, қарым қабілетін дамыту.Бастауыш сыныптардағы көркем еңбек жүйесі өзінің ерекшеліктерімен оқушы қиялына әсер ете отырып,олардың шығармашылық қабілеттерінің артуына ықпал етеді.Сондықтан көркем еңбек - оқушының еңбек ету барысында түрлі қажеттіліктен өзін қамтамасыз ете алады.
Шәкірттерді еңбек етуге тәрбиелеудің негізгі мақсат міндеттері:
- баланың еңбекке қабілеттілігін дамытып,жетілдіру;
- баланы шаруаға үйрету арқылы шеберлікке баулу;
- еңбекті табысты шығармашылықпен орындауға ынта жігерлерін арттыру.
- оқытудың негізгі қағидаларын анықтау;
- балаға білім алуы үшін барлық жағдай жасау;
- баланы жалқау, еріншек болудан алыс ұстау;
- бала еңбегін ынталандыру және насихаттау;
- еңбектің нәтижелі жұмысын арттыру;
- жұмыс орнында гигиеналық тазалықты сақтау;
- әр оқушыға бөлек әдіс тәсілмен, бағыттар қолдану;
- мұғалім мен оқушының арақатынасын анағұрлым жақсартып, өзара сенім туғызу; (0% плагиат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет