2. Тәрбие процесінің мәні- тұтас педагогикалық процестің бөлігі.
Тұтас педагогиканың екі категориясы (оқыту, тәрбие) бір – бірімен өзара байланысы, тұтас педагогикалық процеске айналады. Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді.
Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім жөне даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн.
Тәрбие процессін жаңаша ұйымдасту барысында ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелу үшін мына міндеттерді орындауға тиіспіз:
— оқушылардың сана сезімін қалыптастыру;
— жас ұрпақ санасы туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ояту, ұлттық рухын дамыту;
— ана тілі мен дінін оның тарихын, мәдениетін , өнерін, салт – дәстүрін , рухани — мәдени мұраларды қастерлеу;
— жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерді қалыптастыру.
3. Тұлғаның әлеуметтенуінің, тәрбиеленуінің дамуының жалпы жүйесіндегі ерекшеліктері міндеттері және қызметтері.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырған уақытта отбасы тәрбиесінен бастап әрбір баланы жеке тұлға ретінде танып, оның өзіне тән қасиетіне, санасын, қабілетін ескере отырып, тәрбие жұмысында мына төмендегі міндеттерді жүзеге асыруға тиістіміз.
Қазақ халқының төл мәдениеті, салт-дәстүрлері мен әдетғұрпы арқылы жас жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір-қасиетін тәрбиелеу.
Ұлтымыздың ой-парасатын нығайту мақсатымен дарынды балаларды анықтау, олардың қабілетін дамытуға жан-жақты жағдай жасау.
Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа үйрету. Адамзат қоғамында бұрын-сонды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Жас ұрпақтарға мемлекеттік белгілердің мәнін терең білуге, оны қүрметтеп сыйлай білуге, "бостандық", "теңдік", "демократия" деген сөздердің мағынасын жеке түсініп, оны өмір жүзіне асыруға ат салысуға тәрбиелеу.
Қоғамдық тәртіпті, заң ережелерді бұзушыларға төзбестік білдіру, еңбек дағдысын баланың бойына жастайынан сіңіру, қазақ жастарынан техника тетігін еркін меңгерген жұмысшы мамандарын тәрбиелеуге баса көңіл бөлу.
Ұлттық ойын, дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін жолға қою.
Елін қорғай алатын, елжанды, ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтарды тәрбиелеу.
Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Жастардың бойына ұлтаралық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру, озара сыйластық-достық негізде өмір сүруге тәрбиелеу.
Жоғарыда көрсетілгендей тәрбиенің мақсаты мен міндетгерін көрсетумен қатар, оның мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру ірге тасын қалайтын мынадай негізгі қағидалар ұсынылады.
Тәрбиенің мазмұны оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі-адамгершілікке, имандылыққа арқа сүйеуі қажет. Үздіксіз тәрбиенің негізгі ұлттық тәлім-тәрбие. Жас ұрпақтың тәрбиесін іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы жүзеге асыру қажет.
Тәрбие жүйесінің барлық салалары, сатылар бір-бірімен сабақтас, үздіксіз жүзеге асырылуын талап ету.
Достарыңызбен бөлісу: |