28.Ұлттық ойындар олардың түрлері, тәрбиелік маңызы Ұлттық ойынның түрлері:
1.Ойын-сауық, тұрмыс-салт, дәстүрлі ойындары;
2.Аңшылыққа байланысты ойындар;
3.Дене шынықтыру, дене тәрбиесі спорт ойындары;
Тәуелсіздік еліміздің қазіргі жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт пен ойындар арқасында салауатты өмір сүруге баулу, денсаулығын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жас ұрпақ тәрбиесінде өте өзекті мәселелердің бірі боп табылады.
Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің жалпы педагогикада алатын орнын анықтау, қазақ халқының ұрпақ тәрбиесі ішінде тән тәрбиесіне аса зор мазмұн бергендігін, оған ұлттық ойындарды ұтымды қолдана білгендіктерін көрсетіп, жалпы тәрбиенің сансаласына өзіндік үлкен үлестерін қосқан ойыншылар, ағартушылар еңбектерінің көп екендігін, оларға қазақ халқының рухани тәрбие көсемдері Асанқайғы, Бұқар жырау, Тәуке, Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің педагогикалық көзқарастары, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты еңбектері әлі зерттемегендігін атап өту тиіс. Қысқасы, этнопедагогикалық ойдың дамуына үлкен үлестерін қосқан ұлы ғұламалары ал-Фараби, А. Құнанбаев, Ш. Уалиханов, С.Торайғыров, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, т.б. халқына тәрбие құндылықтарын, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты айтқандарын ашу да бұл істің өзектілігін айқындайды.
Қазіргі заман талабына сәйкес дене тәрбиесі және спорт саласында ұлттық ойындар мен спорт түрлерін тиімді қолдана білу жолдарын іздестіру, тарих толқынында жоғалған, шеттетілген, ұмытылған дәстүрлі ұлттық ойындарымызды халқымыздың мәдени, рухани құндылықтары негізінде қайтадан қалпына келтіру де бұл істің өзекті тақырыбы боп саналады.
Дене шынықтыру ойындар мен спорттық ойындардың ұлттық түрлерін дене тәрбиесі сабақтарында ұйымдастырудың ғылыми әдістемесіне тоқтала кетсек. Дене шынықтыру ойындар мен эстафеталарды жүргізу үшін мына үлгілерді қолдануға болады:
- Ең алдымен сабақтың мақсатына байланысты ойын түрлерін таңдау (осы жерге сабақты жүргізу орны мен инвентарьді даярлау, алаңды даярлау кіреді);
- ойын мен эстафетаны түсіндіру; ойындар көп жағдайда түсіндіру дәрежесіне тікелей байланысты, ойын мақсатын дұрыс түсіндірілсе, соғұрлым ойын жақсы өтеді. Ойын түсіндіруге байланысты, түсіндіру қысқа да нұсқа болу тиіс.
Ойынды түсіндіру.
Ойынды түсіндіру логикалық және шартты болу керек.
Ойынды түсіндіру төмендегідей көрсетілу керек:
-ойын атауы;
-ойыншылар ролі;
-ойын барысы;
-мақсаты;
-ережелер.
Ойынды түсіндіру барысында оқытушы ойыншыларды қатарға тұрғызады, ойыншылардың қалауымен топ басқарушысы сайлайланады және ойын шарты бойынша топқа бөлінеді және ойын жеребье бойынша басталады. Ойын жүргізуші немесе капитан топты деңгейіне қарай, күш-қуатына, жасына қарай бөледі. Ойынның басы оқу қызметіне қарай ысқыру немесе белгілі бір сигнал арқылы басталады. басталады. Ойынның арасында ескертулер жасауға болады және белгілі бір белгі арқылы тоқтатуға болады. Ойын аяқталғанда ойынның шарты арқылы қорытындыланады. Ойын барысында үзілістер жасауға болады. Ойын ережесі бқзылған жағдайда немесе ойыншылардың қызығушылығы төмендеген жағдайда немесе ойын тым ұзақ болған жағдайда ойын тоқтатылады. Ойын тоқтатылар алдында 1-2 минут бұрын ескертіледі.
Ойын нақты нәтижеден және талдаудан тұрады. Соңында ойын қорытындыланады.
Ал, спорттық ойындарға келетін болсақ, жалпы қандай ұлттық спорт ойынының нақты бекітілген ережесі, мекемесі және күнтізбесі болады.
Дене мәдениеті жалпы ұлттық мәдениеттің бір бағыты болып саналады. Ұлттық дене тәрбиесі құрамына: ұлттық ойындар, ұлттық спорт және халықтық дене жаттығулары жатады.
Ұлттық ойындар дене тәрбиесінің құралы болып саналады. «Ұлттық ойындар – ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын түрлері. Ұлттық ойындарды ойнау арқылы немесе зерттеу барысында балалар мен жасөспірімдер әртүрлі жаттығулар жасау арқылы денесін шынықтырады, ойын дамытады. Қазақтар ұлттық ойындарды дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде дамытып отырған.
Достарыңызбен бөлісу: |