6. «Дене дамуы », «Дене қуатын жетілдіру» деген ұғымдарға жауап беріңіз ? Дене дамуы - адам организмі формалары мен қызметінің индивидуалды ӛмір барысындағы өзгеру процесі. «Дененің дамуы» термині организмнің дамуы деңгейін білдіре отырып, тар мағынада қолданылады, ол бой, салмақ, кеуденің ауқымы (демді ішке тартқанда, дем шығарғанда, үзіліс жасағанда) өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы, омыртқа иілістерінің сипаты мен кӛлемі, дене 7 тұрпатының жағдайы, жауырын бұрыштары арасындағы қашықтық, табан күмбезін ӛлшеу кӛрсеткіштері, оң және сол жақ қол басының бұлшық еттерінің күші, тұла бой күші, бастың кӛлемі т.б. антропометриялық және биометриялық кӛрсеткіштермен анықталады. «Дене дамуы» терминін кең түсінікте қолданғанда, оған дене қасиеттері де (шапшаңдық, оңтайлылық, икемділік, кӛзбен шамалағыштық, тепе-теңдік сақтағыштық, күш, тӛзімділік) кіреді. Дене дамуы адам организмі – функцияларының және тұлға кӛлемдерінің бір қалыпта ӛзгеруінің, сонымен қатар бірге дамуының (қалыптасуының) табиғи процесі. Жалпы адам тұлғасының дамуының: 1) биіктеу деңгейі; 2) бір деңгейде қалыптасуы;
3) адамның дене мүмкіншілігін төмендету сияқты 3 сатысы болады.
7. Дене мәдениеті жүйесі, оның мақсаты, міндеттері. Қазақстан мемлекетінің дене мәдениеті жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, нормативтік- бағдарламалалық негіздердің жиынтығы және республикада дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер. Дене мәдениеті жүйесінің басты мақсаты – күш қуаты мықты, жан – тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан–жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген:
1 Білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі көлемінде арнайы
білім беру. 2 Сауықтыру міндеттері – дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты нығайту. 3 Тәрбиелік
міндеттері – адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.
Дене мәдениеті жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік–экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми- әдістемелік, бағдарлама–нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді. Дене мәдениеті жүйесінің бағдарлама – нормативтік негізіне жататындар: дене тәрбиесінің мемлекеттік бағдарламалары, президенттік сынама, мемлекеттік спорттық классификация.
Дене мәдениеті жүйесі. Республикамызда мемлекеттік, қоғамдық және жеке дербес негізде ұйымдастырылады. Дене мәдениеті жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене дайындығы, кәсіптік қолданбалы дайындық, спорттық дайындық.