1. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері пәні, оның маңызы


Дене мәдениеті жүйелерінің негіздері



бет5/29
Дата18.12.2022
өлшемі120.61 Kb.
#467436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
дене лекция

8. Дене мәдениеті жүйелерінің негіздері.Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді.
Әлеуметтік-экономикалық негіз. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамымыздың басқа әлеуметтік-экономикалық жүйелерімен, саясатпен, ғылыммен, мәдениетпен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың объективті негізі – дене тәрбиесі жүйесінің қоғамдық өндіріске керектігінде. Жүйе қоғамдық өнім шығармаса да сол ортаға өндірістік қатынастардың иесі – адам арқылы әсер етеді. Ол адамның әлеуметтік жағдайын қалыптастырып, қоғамдық қатынастарды жетілдіреді.
9. «Президенттік сынама» - адамдардың дене қуаты деңгейін анықтайтын негізгі сынақтар жиынтығы.
Президенттік сынамалар – бұл бақылаулы нормативтер арқылы халықтың оқуға, еңбек қызметіне дене тәрбиесі даярлығының және жастардың әскери қызметіне даярлығының жалпы деңгейін айқындайтын жаттығулардың (сынақтардың) жиынтығы.
Президенттік сынамалар Қазақстан Республикасы балаларының, жастарының және ересек халқының дене тәрбиесі даярлығына қойылар нормативтік талаптардың негізі болып табылады.
Президенттік сынамалардың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, халықты дене мәдениеті және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, өз денсаулығын және өмірдің әртүрлі кезеңіндегі дене тәрбиесі даярлығының деңгейін айқындауда оның қажетін қанағаттандыру.
Президенттік сынамалардың негізгі міндеттері дене тәрбиесінің жай – күйі мен дене шынықтыру жаттығулары әдістерімен халықтың сауығуын, жастардың оқуға, еңбек қызметі мен әскери қызметіне даярлығын бағалау болып табылады.
Халықтың дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары күштілікті, шыдамдылықты, шапшаңдық пен ептілікті көрсететін сынақтың жеті түрін қамтиды.
12 - ден 23 - ке дейінгі жас шамасындағы жастар үшін сынамалар дене тәрбиесі даярлығының екі деңгейінен тұрады.
1. Президенттік деңгей жан - жақты дене тәрбиесі даярлығы бар дені сау адамдар үшін арналған.
2. Ұлттық даярлық деңгейі оқу немесе жұмыс орны бойынша да, тұрғылықты жері бойынша да спорттық секцияларда, топтарда, командаларда дене мәдениеті және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар үшін арналған.
23 жастан асқан халық үшін адамның денсаулық деңгейін айқындайтын Президенттік сынама ретінде адам ағзасы қызметін бағалаудың неғұрлым сенімді тәсіліндей. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған 1, 5 милге (2400 м) жүгіру нәтижелері бойынша сынамалар енгізіледі.
Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстар жалпы білім беретін мектептердің 5, 9, 11 сыныптарында, кәсіби - техникалық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының соңғы курсының алдыңғысында өткізіледі.
Президенттік сынамалар нормативтерін тапсыруға дәрігердің рұқсаты бар, спортпен ұйымдасқан түрде немесе өз бетінше айналысатын барлық тілек білдірушілер жіберіледі.
Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстарды қалалық (аудандық) жастар ісі, туризм және спорт басқармалары бекіткен жаттығуларды орындау шарттары мен спорт түрлері бойынша жарысу ережелеріне сәйкес төрешілер алқалары өткізеді.
Республикада, облыстарда, аудандар мен қалаларда Президенттік сынамаларды орындау жөніндегі жұмысқа басшылық және бақылау жасау Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің дене тәрбиесі басқармаларымен жүзеге асырылады.
Президенттік сынамалар бойынша жұмысты ұйымдастырудың жауапкершілігі жалпы білім беретін мектептерде, кәсіби - техникалық мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындары мен ұйымдарда әкімшілікке жүктеледі.
Президенттік сынамалар бойынша практикалық жұмыстардың тікелей жауапкершілігі оқу орындарында - дене тәрбиесі оқытушысына (жетекшісіне), мед қызметкерлерге; ұйымдарда мамандар мен спорт жөніндегі нұсқаушы - әдістемешілерге, жаттықтырушы - оқытушылар мен мед қызметкерлерге жүктеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет