1. Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар және оларды қамтамасыз ету әдістері



бет4/23
Дата23.12.2023
өлшемі108.9 Kb.
#487785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
1. Ð Ó Ñ Ñ лÑ к Ò алÑ пÑ аÑ . Ð Ñ кÑ елÑ Ñ . Ð Ó Ñ Ñ лÑ к Ò алÑ пÑ аÑ Ò а Ò ойÑ лаÑ Ñ н жалп-emirsaba.org

Электрохимиялық әдіспен (электролиз) мысалы Буров сұйықтығын алады. Буров сұйықтығын электролиз жолымен алудың мәні - 8% сірке қышқылында алюминийдің еруі болып табылады. Процесс 3 қадамнан тұрады: 1 – электролит пен электродтарды дайындау; 2 – электролизді жүргізу; 3 – стандарттау.


  • Еріту арқылы сутегінің асқын тотығы, кальций хлориді, калий хлориді, аммиак, сірке қышқылы және т.б. сулы ерітінділерін алады. Еріту –ерітіндідайындаудың негізгісатысы. Ерітілетін заттардың және еріткіштің қасиеттерін білу, бұл сатыны тез жүргізуге мүмкіндік береді..

    Сулы ерітінділер салмақ-көлемдік тәсілмен дайындалады, яғни, дәрілік заттардың жазылған мөлшері салмақ бойынша (грамм), еріткіш -тазартылған су -көлем бойынша (мл) алынады.


    Ерітіндіні дайындап болған соң, міндетті түрде көзге көрінетін бөлшектерден фильтрлеу немесе сүзу арқылы тазартады.
    4.Суспензиялар дәрілік қалыптар ретінде. Гидрофилді және гидрофобты заттардан дайындалатын суспензиялар ерекшеліктері. Суспензиялар сапасын бағалаудың негізгі критерилері және олардың технологиясын жетілдіру бағыттары.
    Суспензиялар (Suspensіones) - сұйық дисперстік ортада ерімейтін қатты дисперстік фазадан тұратын ішке, сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогетерогенді сұйық дәрілік түр.
    Қойылар талаптар: бөлшектердің өлшемдері 50-100 мкм болуы керек, термодинамикалық тұрақты болуы тиіс, ол дз-тың жеткілікті дәл дозалауын қамтамасыз етеді.
    Артықшылықтары: суспензия түрінде еріткіштерде ерімейтін дз-ды босатуға болады. Ұнтақтармен салыстырар болсақ, суспензиялардағы бөлшектердің жоғары дисперстілігінен дз-тар тез терапевтік әсер көрсетеді. Суда ерітілген дз-дың сулы ерітінділері ағзадан тез шығарылады, ал суспензиялар ұзақ әсер етеді.
    Кемшіліктері: технологиясы қиын және тұрақсыз, сақтау мерзімі қысқа, сондай-ақ дәл дозаланбайды. Сол себепті суспензия түрінде улы, күшті әсер беретін дз-ды босатуға болмайды.
    Суспензияларды екі тәсілмен дайындаймыз: дисперсиялық және конденсациялық.
    Дисперсиялық тәсiлдің мәні механикалық диспергирлеу, ерiмейтiн iрi заттарды сұйық ортада майдалау процесi.
    Суда ерiмейтiн суспензия түзуші заттарды гидрофильдi (сумен шыланатын) және гидрофобты (сумен шыланбайтын) болып екi түрге жіктейміз.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет