Шәрбаттарды 2 топқа жіктеуге болады:
Шәрбаттар құрамына қарай дәмдік және медициналық болып бөлінеді. Дәмдік шарбаттар негізгі дәрілік заттардың дәмін түзету құралы ретінде ғана қолданылады. Оларға қант шәрбаты, сондай-ақ жеміс-жидек шарбаттары кіреді. Сонымен қатар, қант шәрбаты таблетка өндірісінде түйіршіктерді алу үшін желім ретінде кеңінен қолданылады.
Дайындау әдістері:
Дәмдік шарбаттар қантты, ашытылған жидек шырындарын еріту немесе жоғары сапалы тамақ сығындыларын қант шәрбатымен араластыру арқылы жасалады.
Медициналық сироптар дәрілік заттарды, тұнбаларды, сығындыларды қант шәрбатына қосу немесе қантты дәрілік заттардың сулы ерітінділерінде, өсімдік шырындарында, сығындыларда, жаңа немесе кептірілген өсімдік материалдарынан еріту арқылы дайындалады.
Дәрілік шәрбаттар технологиясы:
1)Өндірісті санитариялық өңдеу.
2)Шикізатты дайындау: қантты өлшеу, суды өлшеу, қант суын сироп қайнататын қазандыққа салу.
3)Қант шәрбатын дайындау: қайнағанға дейін қыздыру, сүзу, стандарттау.
4)Дәрілік шәрбатты дайындау: дәрілік заттарды қосу, қажет болған жағдайда консерванттарды қосу, қыздыру және араластыру.
5) Орау. Таңбалау. Буып-түю: құтыларға құю, таңбалау, екіншілік қаптамаға орау.
Стандарттау кезінде дайын шәрбаттар келесі көрсеткіштер бойынша тексеріледі:
1.Органолептикалық қасиеттері (түсі, иісі және дәмі).
2.Тығыздығы (Пикнометр көмегімен анықталады.)
3.Сыну көрсеткіші-рефрактометриялық.
4.Сутегі көрсеткіші (рН).
5.Тұтқырлық (Вискозиметр көмегімен анықталады.)
6.Түстілік.
7.Микробиологиялық тазалығы..
8.Сироптың сапалық және сандық құрамы.
9.Крахмалдық сірнесі. Препараттың тең көлемін және 96% этил спиртін араластырған кезде тұнба да, бұлдырлық та пайда болмауы тиіс.
10.Инвертті қант.
11.Хлоридтер, сульфаттар, кальций және ауыр металдар. (яғни аур металдарға реакция бермеуі керек)
Достарыңызбен бөлісу: |