1 дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қолданбалы ғылым және жеке пән. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары



бет9/9
Дата17.10.2023
өлшемі47.55 Kb.
#480858
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ҚТОӘ дәрістер

Екiншiден, сатылы ұстанымның түпкi нәтижесi бiр ғана мақсатты көздейдi, ол: оқытудың тиiмдi, сапалы, пайдалы болуы.
Үшiншiден, бұл ұстанымдар қолданылу саласына байланысты төменнен жоғарыға қарай, яғни бөлшектен бастап бүтiнге дейiн өсiп отырса; керiсiнше орындалғанда – бүтiннен бөлшекке қарай өткенде жалпыдан нақтыға, ортақтықтан даралыққа көшiп отырады. Осының өзi дидактикалық заңдылыққа сәйкес даму мен өзгеру үдерісін көрсетедi.
Ендi осы аталған ұстанымдардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталатын болсақ, жалпыдидактикалық ұстаным қазақ, орыс, шет тiлдерiнiң барлығында көп айтылып, жазылып, нақтылы пiкiрлермен анықталып келедi. Оқытудың жалпыдидактикалық ұстанымына қатысты елеулi пiкiр қайшылықтары көп кездеспейдi, кейбiр талас тудыратын мәселелер тек сан мен сапаға байланысты ғана болуы мүмкiн.
Ғалымдардың көпшiлiгi жалпыдидактикалық ұстанымды барлық пәнге қатысты бiлiм беру мен оқыту, тәрбиелеу теориясы, соның негiзi дегендi атап өтедi. Ол – қайталауды талап етпейтiн ақиқат.
Мәселе, тек жалпыдидактикалық ұстанымның қайсысы қай ғылымға көбiрек тиiмдi, қайсысы қалай қолданылады деген сауалдарға байланысты. Сондықтан әр зерттеушi өзiнiң қарастырып отырған мәселесiне қарай оны әр түрлi пайдаланады .
Ф.Ш.Оразбаева ұстанымдарды былайша жіктейді:
Жалпыәдiстемелiк ұстаным – жалпы әдiстеме iлiмiнiң бәрiне тән, зерттеу объектiсi ортақ ғылым салаларының әдiстемесiне қатысты ұстанымдар. Бұл қағида жалпыдидактикалық негiзге сүйене отырып, одан өзiне сәйкес ұстанымдарды бөлiп шығарады.
Салаәдiстемелiк ұстаным – қарастырылып отырған объектiнiң белгiлi бiр саласына қатысты оқытудың тиiмдi ережелерi.
Салаәдiстемелiк ұстанымның ерекшелiгi: жеке ғылым саласына байланысты нақтылы ережелерге сүйенедi, жалпылықтан гөрi даралық, дербестiк басым болады.
Олар – белгiлi бiр саланың iшкi тармақтарын жете меңгеру барысында қолданылатын арнаулы ұстанымдар.
Салаәдiстемелiк ұстаным – зерттеу объектiсiне байланысты тармақтардың iшiндегi арнайы қарастырылып отырған мәселеге қатысты, оның нақтылы ерекшелiктерiн айқындайтын, өзiне етене жақын, тiкелей орыңдалуға тиiстi ұстанымдар.

5 дәріс. Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі нәтижелері – құзіреттіліктер.


Ғылыми-әдістемелік еңбектерде болашақ маманның кәсіби шеберлігін қалыптастыру туралы мәселе құзіреттілік және құзірет ұғымдары арқылы айқындалып жүр.
Құзіреттілік терминіне сөздіктерде мынандай түсініктемелер берілген: competense (латынша) сәйкес, жарамды, competent (французша) құзіретті, құқықты, competere – сай болу, қабілетті болу деген мағынаны, орыс тілі сөздіктерінде құзіреттілік «белгілі бір сұрақтарды, мәселелерді біреудің жетік білуі» деген мағынаны білдіреді. Қазақша сөздіктерде «біреуге тиесілі істер, сұрақтар шеңберінде белгілі бір адамның не мекеме өкілдігінің құқықты болуы» деген анықтама берілген.
«Құзірет» термині көбінесе «нәтижелік», «жетістікке жету», «түсіну», «меңгеру», «сапа», «мөлшерлілік» сөздерімен бірлікте қолданылатынын, ал «құзіреттілік» термині кәсіби қызметтегі білім мен тәжірибенің бірлігі мағынасында түсінілетіні байқалды.
И.Л.Зимняя «құзірет» терминінің мәні «құзіреттіліктен» әлдеқайда кең мағына беретінін айтады. Ғалымдардың ойынша, «құзірет» адамның жұмысының аспектісі ретінде танылса, «құзіреттілік» осы аспектіні орындай алу деңгейімен анықталады. Құзірет оқушының білуі қажет нәрсе болса, құзіреттілік осы нәрсені жақсы істеуі, өзін-өзі танытуы, білімі, білігі өзін-өзі бағалауы, т.б. мәселелерді қамтиды .
И.Л.Зимняя тілдік құзіреттіліктің өзін Еуропада стратегиялық, әлеуметтік, әлеуметтік-лингвистикалық, тілдік және оқу деп жіктеу кездесетінін айта келіп, шетелде бес түрлі құзіреттілікке айрықша мән берілетінін сөз етеді. Олар: саяси және әлеуметтік құзіреттілік (әртүрліжағдаяттарды бейбіт түрде шешуі, топтық шешім қабылдай алуы, жауапкершілікті сезінуі, демократиялық институттарды қолдауы және соған қатысуы); мәдениаралық құзіреттілігі ( көп мәдениетті қоғамда өмір сүре білу қабілеті, басқаларды сыйлауы, олардың мәдениеті, тілі, салт-дәстүрін сыйлай отырып, өмір сүре алуы); қатысымдық құзіреттілік (ауызша және жазбаша коммуникацияны игере білуі, жұмысы мен әлеуметтік өміріне қажетті қабілеттерді игеруі, бірнеше тілді меңгеруі); ақпараттық құзіреттілік (ақпараттың жағымды және жағымсыз жақтарын тани білуі, оған сыни көзқараспен қарауы, технологияларды меңгеруі мен қолдануы); танымдық құзіреттілік (өмірде өзінің білімін үздіксіз жетілдіруі, кәсіби тұлғасы мен әлеуметтік өмірін үнемі дамытып отыруы).

6 дәріс. Қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиялары


Ғылымда «педагогикалық технология» бағыты ХХ ғасырдың 60-шы жылдары АҚШ пен Англияда қалыптасып, қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне таралып, білім беру саласында кең өріс алуда. Ал, жалпы «технология» ұғымының қалыптасуы мен даму тарихы өте әріде. Бұл туралы бізге дейінгі зерттеуші ғалымдар кеңінен тоқталып, жан-жақты қарастырған. Соңғы кездерде білім берудің жаңа даму бағытын қамтитын оқытудың елуден астам жаңа технологиялары практикаға енгізіліп, кеңінен пайдалануда. Атап айтар болсақ: В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Н.Р.Талызиналардың бағдарламалы оқытуы; Л.В.Занков, Л.С.Выготскийдің дамыта оқытуы; С.Н.Лысенкованың оза оқытуы; Ш.А.Амонашвили, Е.Б.Бондаревскаяның жеке бағдарлы оқытуы; П.И.Третьяковтің модульдік оқытуы, Ф.Ш.Оразбаеваның қатысымдық тұрғыдан оқыту технологиясы, Н.А.Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясы, т.б.
«Технология» ұғымы жалпы үлкен екі бағытқа жіктеледі. Бірі – өндірістік технология, екіншісі – әлеуметтік технология.
Жалпы ғалымдар технологияға шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту сияқты түрлі анықтамалар берген. Солардың ішінде кең тарағаны – В.П.Беспальконың тұжырымдары. Оның тұжырымдары бойынша технология төмендегідей шарттарды іске асыруы тиіс:

  • Оқытуда дайындықсыз әрекеттерді болдырмау;

  • Оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұны оқу-тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет.

7 дәріс. Қазақ тілін оқытудың формалары, интерактивтік әдістері


8 дәріс. Жаңартылған білім мазмұны. Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы.
9 дәріс. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 5-7 сыныптарда қамтылған білім мазмұны
10 дәріс. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 8-9 сыныптарда қамтылған білім мазмұны
11 дәріс. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 10-11 сыныптарда қамтылған білім мазмұны
12 дәріске семинар сабағының тақырыбы:
Қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлері, жүргізу жолдары
13 дәріс. Рефлекция мен кері байланыс
14 дәріс. Критериалды бағалаудың қағидаттары, құрылымы. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны.
15 дәріс. Қорытынды дәріс

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет