13 дәріс. Оқу педагогикалық еңбектестік (2 сағ)
1. Оқу еңбектестіктің жалпы сипаттамасы.
2. Еңбктестік қазіргі күннің беталысы ретінде.
3. Еңбектестіктің негізгі бағыттары.
4. Еңбектестіктің оқу іс әрекетіне ықпалы.
5. Еңбектестік фазалары.
14 дәріс. Білім беру процесіндегі қарым қатынас (2 сағ)
1. Қарым қатынас үзара әрекеттесу формасы ретінде.
2. Қарым қатынас прблемасының тарихы.
3. Қарым қатынас функциялары.
4. Қарым қатынас сипаттамасы.
5. Педагогикалық қарым қатынас білім беру процесі субъектілерінің үзара әрекеттесу формасы ретінде.
6. Қарым қатынастың деңгейлік құрылымы.
15 дәріс. Педагогикалық үзара әрекеттесудегі, қарым қатынастағы және оқу педагогикалық іс әрекеттегі “кедергілер” (2 сағ)
1. Қиындатылған қарым қатынастың анықтамасы және жалпы сипаттамасы.
2. Қарым қатынастағы қиындықтың жалпы сипаттамасы.
3. Қиындықтар анықтамасы. Қиындықтар функциясы.
4. Педагогикалық үзара әрекеттесуде болатын қиындықтардың негізгі сипаттамалары.
5. Қиындықтардың жас ерекшелік саласы.
6. Педагогикалық қиындықтардың педагогқа әсері. Педагогикалық қиындықтар проблемасының жалпы психологиялық контексі.
№ 1Дәріс. Педагогикалық психология – ғылыми білімнің пәнаралық саласы ретінде (2 сағ)
Дәріс мақсаты: Педагогикалық психология пәнінің оқыту және тәрбиелеу механизмдері мен заңдылықтарын білім беру үрдісі барысында алатын орнын, маңыздылығын ашып күрсету.
1.Педагогикалық психологияның жалпы ғылыми сипаттамасы.
2.Педагогикалық психология басқа адамтану ғылымдарының ішіндегі орны.
3.Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы..
1. Ғылымның кез-келген саласы сияқты педагогикалық психологияныңны қарастырғанда ең алдымен оның объектісі мен зерттеу пәнін ажыратып алу қажет. Ғылыми объекті — бұл зерттеудің үзінен тыс әртүрлі ғылымдарды зерттеуге болатын ақиқат. Объект ретінде материалдық және материалдық емес абстрактілі жүйелер; күрделегі әртүрлі дәрежедегі биологиялық ағзалар бола алады. Ғылыми зерттеу объекті ретінде үсімдік, және жануарлар әлемі, адам, қоғам, өркениет, ғарыш т.б. қарастырылады.
Педагогикалық психологияның пәніне жан-жақты анықтама бермес бұрын көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылатын (педагогика, әлеуметтану, физиология, медицина т.б.). педагогикалық психологияның зерттеу пәні болып адамның әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру заңдылықтары, фактілері және білім беру процесінің әртүрлі жағдайларында педагогтың ұйымдастырып және басқаратын оқу қызметінің субъект ретінде қарастырылытын адамның интеллектуалдық және тұлғалық даму деңгейінде үзгеруді меңгеруін туғызуы болып табылады. Жекелеп айтқанда, педагогикалық психология «білімді,икемділік пен дағдыларды меңгеру заңдылықтарын зерттейді, осы процестердегі жеке айырмашылықтарды зерттейді, оқушылардың үз бетімен шығармашылық ойлауын қалыптастыру заңдылықтарын, бала психикасында оқыту мен тәрбиелеу әсерінен пайда болатын үзгерістерді зерттейді.
Жалпы педагогикалық психология оқу-тәрбие беру қызметінің білім беру процесінің әртүрлі жағдайларында адамның интеллектуалдық және тұлғалық дамуының психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтарын жүйелеп баяндап зерттейді.Педагогикалық психологияның нақты міндеттеріне:
1. оқушының интеллектуалдық және тұлғалық дамуына оқытушылық және тәрбие берушілік әсердің механизмдері мен заңдылықтарын ашу.
2. оқушының әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру механизмдері мен заңдылықтарын анықтау, оның оқушының жеке санасында сақталынуы және әртүрлі жағдайларда пайдалануы.
3. оқушының инлеллектуалдық және тұлғалық даму деңгейі мен оқытушылық және тәрбие берушілік ықпалдың формалары мен әдістері арасындағы байланысты анықтау.
4. оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін және осы процестердің интеллектуалдық, тұлғалық даму мен оқу танымдық белсенділікке әсерін анықтау.
5. педагог қызметінің психологиялық негіздерін, оның жеке психологиялық және кәсіби сапасын зерттеу.
6. дамыта оқытудың атап айтқанда, ғылыми, теоретикалық ойлаудың механизмдері мен заңдылықтарын анықтау.
7. білімді меңгеру заңдылықтары,шарттары мен үлшемдерін анықтау, олардың негізінде әртүрлі міндеттерді шешу процесінде қызметтің операциялық құрамын қалыптастыру.
8. игеру сапасы диагностикасының деңгейінің психологиялық негіздері мен оның білім беру стандарттарына қатыстығын анықтау.
9. білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде білім беру процесін ары қарай жетілдірудің психололгиялық негіздерін жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |