Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалар:
1.Педагогикалық іс-әрекет қандай функцияларды іске асырады?
2.Педагоктың қабілеттерімен іске асырылатын функциялар арасында ұқсас байланыс бар ма?
3. Педагогикалық іскерліктердің тоғыз тобын атап күрсетіңіз?
4.Сабақты психологиялық талдаудың үш деңгейінің арасындағы айырмашылық қандай?
5.Сабақты психологиялық талдау схемасы не үшін керек?
Әдебиеттер тізімі:
А.К.Маркова Психология труда учителья Москва 1993.
Н.Ф. Добрынин Психологический анализ урока М., 1952.
Ю.Л.Львова Как рождается урок. М., 1976.
Л.Т. Охитина Психологические основы урока М.,1977.
№ 11. Дәріс. Тәрбие психологиясы
Дәріс мақсаты: Студенттерге тәрбие психологиясы жайлы жалпы ұғым беру және ұжымның тәрбие берудегі атқаратын ролі, моралдық тәрбие берудің психологиялық сипатын ашып күрсету.
Дәріс жоспары:
Тәрбие психологиясы жайлы жалпы ұғым.
Тәрбие психологиясының механизмдері.
Тәрбие тәсілдерінің психологиялық мәні.
Тәрбие кез-келген қоғамының маңызды функциясын құрайды. Тәрбие деп үлкендердің кішілерге азаматтық қасиетін қалыптастыруға тигізетін әсерін айтады. Тәрбие бірнеше сатыдан тұрады. Оның негізгілері: моралдық, интеллектуалдық, эстетикалық, үйрету және дене шынықтыру. Тәрбиенің осы салалары ерте дәуірден қалыптасып келеді. Аталған салалардың баланың қалыптасуына ықпалы күшті болғанымен тәрбие терминін түсінуде ғалымдар арасында түрлі пікірталас кездеседі: бірінші пікір бойынша, баланың басы “таза тақта” сондықтан оны санасына не жазам десең соны жазуға болады. Баланың болашақта кім болатынын міндетті түрде тәрбиеші немесе ұстаз шешеді. ‡йткені олар баладан болашақта қандай адам жасап шығарғысы келсе бәрі де үз қолында. Екінші пікір бойынша, баланың санасында не болса соның бәрін жазуға болмайды. Біреуді біреу тәрбиелей алмайды әркім үзін-үзі тәрбиелеп адамзат қатарына жете алады. Соңғы пікір мынандай теорияларға сүйенеді: ешкім баланың санасына үсиеттерді енгізіп, оның келісімінсіз мінмез-құлқын, әрекеттерін сол үсиет бойынша орната алады. Тәрбие психологиясын зерттеудегі маңызды мәселелердің ішінде жеке адамды онтогенезде қалыптастырудың негізгі заңдылықтарын кезеңдерді, шарттарды, механизмдерді және ерекшеліктерді ашу басты орында тұр бұл мәселелер даму үстіндегі адам іс-әрекетінің түбегейлі проблемаларын оның санасы мен жеке іс-қимылын жетілдіру тұрғысынан зерттейді. Тәрбие психологиясы педагогикалық процесті мақсатты түрде ұйымдастыру тұрғысында қалыптастырудағы заңдылықтарды зерттейді. Тәрбие психологиясы тәрбиені тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің тек қана тәрбие объектісі ғана емес сонымен субъектісі болып табылатын тәрбиеленушілердің үздерінің үзара әрекеттерінде іске асатын процесс ретінде қарастырылады. Жеке адамның моралдық еріктік үрісін адамгершілік санасын адамгершілік түсініктерін ұғымын приинциптерін, сенімділіктерінің, қылығын, адамгершілік негіздерін, адамгершілік сезімдеріне басқа адамдарға, қоғамға деген қарым-қатынасын біллдіртетін мінез-құлық тәсілдері мен әдеттерін қалыптастырудағы психологиялық механизмдерді аша отырып тәрбие психологиясы даму үстіндегі жеке адамды белсенді жобалауды қазіргі балалық шақтың түрлі кезеңдеріндегі тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың принциптері, шарттары мен ерекшеліктерінің жалпы заңдылықтарын табады. Тәрбие психологиясы оқушылардың тәрбие ықпалы жағдайындағы психикалық іс-әрекекттер заңдылықтарын шәкрттердің үзін-үзі тәрбиелеуіне психологиялық негізін аша отырып, осы механизмдердің жеке адам қасиетін қалыптастырудағы ықпалын зерттейді. Психологиялық білімнің негізгі саласы ретінде тәрбие психологиясының басты ұйымдастыру кезеңі жеке адамды онтогенезде мақсатты түрде қалыптастыру мүмкіндіктері туралы қағида. Соңғы пікір мынандай теорияға сүйенеді:ешкім баланың санасына үсиеттерді енгізіп,оның келісімінсіз, ісін,мінез-құлқын,әрекеттерін сол үсиет бойынша орындата алмайды. Бала улкендерді тыңдайма әлде жоқпа ол үз еркі. Бұл жерде бірінші пікірді де мүлде қате деуге болмайды,себебі,тәрбиеші баламен тіл табысып,баланы үзінің айтқандарына күндіріп,жетелеп,оны тәрбиеге күндіруге мүмкіндік алады.Осы екі пікірдің пайдалы және қолайлы жағын алып,тәрбиеге ұмтылатын баланың үзі,оның келісімінсіз бұл салада нәтижеге жетуге болмайтынын мойындай отырып, егер тәрбиеші баланың «тілін» тапса,ондка тәрбие саласында толық нәтижеге жетуге болады.Яғни тәрбиенің негізгі мәселесі-баламен әңгімені қандай тақырыпта жүргізуде емес,онымен қалай тіл табысудың жолдарын білу. Баланың тіл алуы екі себепке тәуелді:1. Балаға айтылған кеңестің мазмұны. 2. Сол кеңеске қаншалықты құлақ асатыны. Бұл жағдайды С.Л.Рубинштейн детерминизм (латын сүзі –белгілеу)деп атаған болатын. Осы принцип бойынша баланың тәрбиеге күніп, тіл алуы тек үлкендердің үсиетіне ғана байланысты емес,сол кездегі оның күңіл-күйіне де тәуелді. Егер тәрбиеші балаға ұсыныс жасап, тапсырманы орындауын талап еткенімен, оның күңілі болмаса немесе тәрбиеші күштеп орындатса ол сүздерден нәтиже шықпайды. Сонымен балаға тіл алдыру-қиын мәселенің бірі.Бала қайткенде тіл алатынын зерттеп, ол жүнінде тәсіл ойлап шығаратын- тәрбие педагогикасы. Яғни, тіл алудың немесе тіл алмаудың себптерін психологиялық тұрғыдан зерттеп, осы жүніңде ұсыныстар еңгізіп отыратын тәрбие психологиясы туралы ілім. Бұл ілім үте күрделі және үзіндік ерекшеліктері бар. Тәрбие психологиясы сол ерекшеліктерді қандай тәсіл қолданғанда бала кеңес пен ескертпені жете ұғынып, тәрбие жұмысының талабына сай тәжірибенің дамуына ықпал тигізеді. Тәрбие теориясы детерминизм принципін басшылыққа ала отырып,оны тәрбие процесін дәлелдеуге қолданады,мысалы,үлкендер тарапынан оқушыға айтылған сүз оның тәрбиеге күнуіне себеп болады,ол оның ішкі ниетіне айналып, соған сәйкес іс-әрекетін, мінез-құлқын т.б. бағындырады. Сондықтан тәрбие жұмысын зерттеуде психологтар баланың тіл алу немесе алмау себептерін қарастырады. Баланың тәрбие алуына кеңестер мен ескертпелердің мазмұнына байланысты. Бірақ күнделікті кеңес пен ескертпелердің барлығы бірдей балаға ықпалын тигізе алмайды. Яғни айтылатын кеңестің сол кездегі оқушының жағдайы мен күңіл-күйі мен санаса отырып, айта білмеуінде. Оқушыға тіл алдырудан басқа,оның азаматтық қасиетін және соған орай әдептілігі мен сыпайылығы, интеллектуальдық сапасын, эстетикалық талғамын білуі қажет. Осыған байланысты «тәрбие»деген ұғым кең мағынада (психологиялық қасиеттер және оқыту процесі) тар мағынада (тіл алдыру,тәртіп сақтау) мағынасында айтылады. 2.Мектеп пен жанұяның мақсаты —оқушыға моральдық тұрғыда тәрбие беріп, оның бүгінгі үскелең талаптарға сай түрлі қасиеттерін сана жағынан үрістету. Моральдық принциптерді тәрбие арқылы іс жүзіне асырудың түмендегідей екі жолы бар:
1. Мектептік байланыс-тәртіп сақтауды меңгеріп,соған дағдылану. 2.Моральдық принциптерді ауызша түсіндіру. Моральдық тәрбие берудегі осы екі жол үзара байланысты және оқушыны әдептілікке үйрету әдістерінің жеке ерекшеліктері болады. Сондықтан оны тереңірек талдау қажет: а)Моральдық принциптерді ұғынудың рүлі. Оқушының әдепті болып, тәртіп сақтай білуі, әр нәрсенің парқын ажырата білуі-моральдық принциптерді ұғынып,үз қылығын соған сай бағалай білуге үйретеді.Моральдық принцип деп-түрлі әдептілік сақтауға байланысты мүлшерлерді айтады. Бұған мектеп тәрбиешілерінің үйрететін ақыл-кеңестері, оқушыларға арналған ереже, ұландар ұйымы тарапынан үткізілетін түрлі әңгімелер мен кештер т.б жатады. Бұлардың ішінен-моральдық үлгі ретінде оқушылар үшін ең маңыздысы — балаларға арналған күкем әдебиет және күркем үнер. Күркем әдебиет-үнер мектебі деп бағаланады. ‡йткені бала үзіне арналған әдебиеттерді оқып,ондағы кейіпкерлердің түрлі істерін ұғынады, жақсы істерге еліктейді, жаман істерге жирене қарайды. Яғни,үзінің ісі мен қылығын солармен салыстыра отырып бағалайды. Моральдық принциптердің келгені — бала тәрбиесі үшін үте маңызды. Бірақ оқушылар моральдық принциптердің мағынасын дұрыс түсіне қоймайды. Бұл принциптерді ұғыну ұзақ уақыт бойы жүргізілетін тәрбие жұмысының негізінде пайда болады. Дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда оқушы үздігінен бірден ұғынбайды. ‡йткені баланың үмір тәжірибесі аз.\\ бастауыш сынып оқушылары тәжірибесі аздығынан әр істің моральдық жағының теріс немесе дұрыс екенін ажырата алмайды. ә)Моральдық істің қалыптасуы және ерік. Оқушы ұғынан принциптерін орындауға талпындыру ерікті тәрбиелеудің негізінде жүзеге асады.
Ерік дегеніміз — оқушыны алдына қойған мақсатын жүзеге асыруға талпындыратын істі орындауға үзін-үзі күштеп, итермелейтін процесс. Істің қалай меңгерілетінін ерік билейді. Ол-ми жұмысының қызметі. Миы арқылы адам санасымен іс үстінде үзін-үзі ұмтылдырады, қажетсіз істерден арылып,аулақ болады. Оқушының мұндай қасиеті тек қиыншылықтарды жеңудің нәтижесінде қалыптасады. Моральдық принципке жатпайтын қолайсыз істерден оқушының аулақ болып, пайдалы істерге талпынуы бірден қалыптаспай, бұл күбіне оның сана сезімінің үріс алып,ненің жақсы, ненің жаман екенін айырудан басталады. Мысалы, үй тапсырмасын орындағысы келеді және ойнағысы да келіп тұр. ‡й тапсырмасын орындамаса оны үлкендердің реніші болатынын сезіп, түбінде үй тапсырмасын орындауға кіріседі. Бұны психологияда ниет күресі деп атайды. Мұнда жағдай жиі кездесе бермейді, кездескен жағдайда да ниеттің қайсысы жеңетінін оқушының тәрбиесі мен танымына байланысты. Бұл мәселе-тәрбиенің ең негізгі проблемасы. Күп жағдайда оқушы алдына мақсат етіп қойған талапты ішкі ниетімен орындайды. Бірақ тәрбие жұмысы нашар болып, үлкендер мен оқушылар арасында түсінбеушілік болса,бала тапсырманы орындаса да талаптар оның ішкі ниетіне айналмайды. Қоятын талап оқушының ішкі ниетіне айналып, істі ықыласымен орындау үшін екі арада бұрын болып келген түсінбеушілікті жойып, балаға осының қажет екенін түсіндіру керек. Яғни,оқушы үзіне қойылатын талаптың мәнді және маңызды екенін түсінсе ғана бұл оның ішкі ниетіне айналып, оны орындауға шын ниетімен кіріседі. Бұл-тәрбие жұмысының жемісті болуы үшін қажет. Оқушы әлі жас болғандықтан, күп нәрселерді түсінбей, еріншектікке салынып кетуі мүмкін. Сондықтан балаға талапты күшейтіп, оны еш уақытта да әлсіретпеу - тәрбие жұмысының басты шарты. Ерке болып үскен бала басында талапқа бірден күнбейді. Бірақ одан міндетті орындауды талап етіп отырса, ол басында осыны қорыққандықтан істейтін болса да, кейін ол үз пікірінің теріс екенін сезіп, қойылған талаптарға бірте-бірте үйренеді.Осы жағдайда бұл қылығы үшін мадақтап қойса, оның ішкі ниеті бұрынғысынан үзгеріп, келесі уақытта тапсырманы ықыласымен орындауға талпынады.Оқушы мектеп немесе сыныпта жаупты міндет атқара, ұйымдар мен үйірмелерге мүше бола жүріп, қандай қасиетке ие болуды үзінің ұғынған моральдық принциптері арқылы біліп, істеген әрекетін бағалауына мүмкіндік туады.
Моральдық істерді меңгеруде ерік процесінің түрлі қасиеттері: мақсатқа талпынушылық, үз беттілік, табандылық т.б.тәрбиелеудің маңызы бар. Еріктің осы қасиеттерін оқу-тәрбие жұмысының түрлі салаларымен байланыстыра жүргізген дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |