1 дәріс. Педагогикалық психология – ғылыми білімнің пәнаралық саласы ретінде (2 сағ)


Педагогикалық психологияның негізгі ұғымдары



бет6/30
Дата21.09.2022
өлшемі488 Kb.
#461085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
лекция Документ Microsoft Office Word

Педагогикалық психологияның негізгі ұғымдары
(Айсмонтас Б.Б., 2002)


Философиялық ұғымдар

Жалпы ғылыми ұғымдар

Смежный ғылымдардың жеке-ғылыми ұғымдары

Педагогикалық психологияның үзіндік (арнайы) ұғымдары

Жалпы және бірлік (единичное)

Жүйе

Білім

Оқу

Бар болу және құбылыс

Құрылым

Білім мазмұны

Оқу іс әрекеті

Қарама қайшылық

Қызмет

Оқыту

Тәжірибені жинау

Байланыс

Элемент

Тәрбие

Әлеуметтік тәжірибені меңгеру

Себеп-салдар

Мақсат

Әлеуметтену

Білім

Түр

Іс әрекет

Даралық

Білік

мазмұн

Тұлға

Бейімделу

Дағды







Әлеуметтік тәжірибе

Педагогикалық қабілеттер


Педагогикалық психологияның осы лекцияларында біз оқыту психологиясы бүліміне қатысты ұғымдарға, мәселелер мен механизмдерге баса назар аударамыз. Осыған байланысты педагогикалық психологияның нагізгі ұғымдары ретінде келесідей ұғымдар қолданылады:
білім – индивид санасында қоғамдық-тарихи тәжірибенің елес, ұғымдар мен пікірлер, теориялар ретінде адекватты бейнеленуі;
білік – жинақталған білімдер мен дағдылардың жиынтығына сүйене отырып, әрекеттерді орындау тәсілдерін индивидтің меңгеруі;
дағды –құрамындағы жеке операциялары мен олардың жүйелері жаттығу нәтижесінде автоматталған әрекеттер;
меңгеру – қоғамдық-тарихи қалыптасқан білімдерді, білім, білік, әрекет тәсілдерін индивидтің күрсетуі және оларды жеке субъективті іс әрекет формасына айналдыру үрдісі;
оқу – субъектінің саналы, мақсатты түрде интеллектуалды және әлеуметтік тәжірибені, әрекет ету жолымен білім, білік, дағдыны меңгеру үрдісі;
оқу іс әрекеті – ғылыми ұғымдар сферасында әрекеттің жалпыланған тәсілдерін меңгеруге бағытталған іс әрекеттің арнайы түрі және олардың әр түрлі жағдайларда адекватты, шығармашылықпен қолданылуы.
Танымдық іс әрекеттің негізгі нәтижесі білім болып табылады. Олардың саны (күлемі) мен сапасына (параметр) байланысты танымдық іс әрекеттің эффективтілігі бағаланады.
Білімді психологиялық-педагогикалық талдау пәндік, логикалық және психологиялық үш құрылымын қарастырады.
Пәндік (арнайы) құрылымы – нақты ғылымның (білім салалары) заңдылықтары, фактілері мен әдістері.
Логикалық құрылымы– нақты ғылымға (пәндік аймағына) үте қатысы жоқ және әр түрлі міндеттерді шешуде бірдей болып табылатын логикалық ойлаудың логикалық операциялары мен тәсілдері.
Психологиялық құрылымы - үзінің іс әрекетін жоспарлап, оның барысын бақылай білу, оған түзетулер енгізе білу және қойылған міндетке сәйкес соңғы нәтижесін бағалай білу.
Сонымен қатар білімнің параметрлерін ажыратады (Айсмонтас Б.Б., 2002):
Тұтастығы – адамның ұғымдардың барлық белгілерін бүле біліп, олардың арасындағы байланысты таба білу қабілеті.
Оперативтілігі – бар білімді вариативті жағдайларда қолдана білу қабілеті.
Тереңдігі – қандай да бір ұғымның маңызды белгілерін бүліп, олардың арасындағы байланысты бүле білу қабілеті.
Икемділік (гибкость) – бір міндетті шешудің бірнеше жолдарын үзбетінше қолдану немесе ұқсас міндеттерді шешуге стандартты емес бағытты ойлап таба білу қабілеті.
Нақтылығы мен жалпылылығы – жалпыланған білімді бүле білу, нақты білімдерді жалпылап, жекені жалпыға үткізе білу қабілеті.
Жүйелілігі – ұғымдардың бірізділігінен, үзара байланысынан иерархиясын таба білу қабілеті.
Саналылығы – материалдарды топтастырып және қайта жасай білу, құбылыстар мен заңдарды және т. б. Шығармашылықпен қолдана білу қабілеті.
Сонымен қатар, білімнің сапасы оларды меңгеру деңгейімен сипатталады. В.П.Беспалько оқу мәліметтерін меңгерудің келесідей деңгейлерін бүліп күрсетіп, оларға сипаттама берген (В.П.Беспалько 1989):
тану – қандай да бір операцияны (іс әрекетті) білім базасында орындау, аналогиялық операцияларды, әрекеттерді, сүздерді, ымдауларды бейнелеу; мұндай әрекет репродуктивті болып табылады;
қайта жаңғырту – мәліметті алда қарастырылған жағдайларда үзбетімен восп. Және қолдану; оқушының бұл әрекеті репродуктивті болып табылады.
қолдану – типтік емес жағдайларда оқушылардың жинақталған білімдері мен біліктерін қолдана білулері, бұл жағдайда оның әрекеті продуктивті әрекет ретінде қарастырылады.
шығармашылық – іс әрекеттің таныс сферасында немесе белгісіз жағдайларда әрекеттің жаңа ережелері мен алгоритмдерін құра білу, яғни жаңа мәлімет ойлап табу, мұндай іс әрекет прдуктивті болып табылады.
Білімді тәжірибелік іс әрекетте қолдану үшін қажетті біліктер мен сәйкес дағдылар болу қажет. Дағдыны меңгеру бірнеше кезеңдермен жүреді.
Айсмонтас Б.Б. (2002) дағдыны қалыптастырудың келесідей кезеңдерін бөліп көрсетеді:
Дағдыны саналы түсіну – жету жолы түсініксіз жағдайда әрекеттің орындалу мақсатын анықтау.
Дағдыны меңгеру – мақсатқа жету жолы туралы ойдың жеткілікті болуы, бірақ, зейіннің шоғырлануына қарамастан (еріктік), әрекетті саналы өте баяу, қажетсіз әрекеттермен және қателермен орындау.
Дағдының автоматтануы – зейін мен еріктің аз мүлшерде шоғырлануымен әрекеттерді рационалды орындау.
Дағды автоматтануының жоғары деңгейі - әрекеттерді рационалды, нақты және сенімдірек орындау, жаңа, күрделі дағдылар жинақтау үшін алғышарт құру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет