1 дәріс. Педагогикалық психология – ғылыми білімнің пәнаралық саласы ретінде (2 сағ)


Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалар



бет7/30
Дата21.09.2022
өлшемі488 Kb.
#461085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
лекция Документ Microsoft Office Word

Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалар:

Педагогикалық психологияның жас ерекшелік психологиясынан олардың зерттеу объектісінің ортақ болғаны немен айрықшаланады?
Педагогикалық тәжірибеде қандай зерттеу әдістері күнделікті қолданылады?
Нормативтік бағытталған тест жүргіз критериилері бағытталған тест жүргізуден немен айрықшылынады және осы екіншісінің педагогикалық тәжірибеде қолданылуының басымдылығы неде?
Тестерді қолдану педагогикалық психологияда неліктен этикалық сипатқа ие?
Педагогикалық психологияның міндеттері осы ғылымның қазіргі заманда дамуымен қандай ара қатынасты?


Әдебиеттер тізімі.


Выготский Л.С Педагогическая психология М.., 1991
Никольская А.А. Возрастная и педагогическая психология дореволюционной России М.., 1995
Давыдов В.В. Философско-психологические проблемы развития образования.М.., 1994
Габай Т.В. Педагогическая психология М.., 1995
Ильясова И.И. Структура процесса учения. М.., 1986


2 дәріс.
2 дәріс. Педагогикалық психологияның пәні мен міндеттері (2 сағ)
1.Педагогикалық психологияның зерттеу пәні.
2.Педагогикалық психологияның негізгі міндеттері.
3.Педагогикалық психологияның құрылымы.
4.Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері.

Дәріс мақсаты: Педагогикалық процесті ұғынуға ықпалын тигізетін психологиялық ағымдар мен теорияларды нақтырақ қарастыру және педагогикалық психологияның тарихи даму кезеңдеріне шолу жасау.

1. Педагогикалық психология — адамды оқыту мен тәрбиелеу барысында оның болмысының даму заңдылықтарын зерттейтін, танымдық қызметі мен қоғамдық қасиеттерін жүйелейтін психология саласы. Педагогикалық психология терминін орыс педагогі П.Ф.Каптерев (1849-1922) енгізді. Педагогикалық психологияның қалыптасуына 19ғ. Ортасындағы сараптау психологиясы тікелей ықпал етті. Педагогикалық психологияның құрылымы үш бүлімнен тұрады: оқыту психологиясы, мұғалім психологиясы, тәрбие психологиясы. Педагогикалық психологияның пәні-оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық психология оқыту процесін басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық процестерінің қалыптасуын зерттейді, ақыл-ой дамуының сенімді белгілерін іздеп тауып, оқыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды,педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарын, сондай-ақ оқушылардың үзара қарым-қатынасын қарастырады.Бұларамен қоса педагогикалық психология оқушыларға жеке-дара қатынас жасауға байланысты мәселелерді зерттейді. Ғылымның ықпалдастығын талдай келе Ж.Пиаже, Б.Г.Ананев пен Б.М.Кедров ғылыми білімнің ортасынында адам туралы ғылым-психология тұр деп күрсеткен. Ғылыми білім үшбұрышының Б.М.Кедров ұсынған түсіндірмесі (оның шыны- жаратылыстану ғылымдары, оның тағандарының бұрыштары- философия және қоғамдық ғылымдар, ал, оның ортасында осы ғылымдармен психология түйісіп тұр.) Ж.Пиаженің келесі пайымдауымен сәйкестендіріледі «психология барлық басқа ғылымдардың үнімі ретінде ғана маңызы орын алып, тұрған жоқ, ол сондай-ақ олардың қалыптасуымен дамуына түсініктеме бере алушы бастау ретінде де орталық орын алады». Адам проблемксының ғылым дамуындағы рүлін анығырақ Б.Г.Ананьев анықтайды, оның ойынша адамды тереңірек зерттеу, саралап жіктеу, сонымен бірге осы саладағы барлық зерттеулердің ықпалдасуы адам проблемасының жалпы ғылымдық сипатқа ие болуына ықпалын тигізді.Педагогикалық психология әр түрлі себептерге байланысты күптеген басқа ғылымдармен байланысты. Біріншіден, ол ғылыми білім үшбұрышының ортасында жалпы психологиялық білімнің нақты саласы болып табылады.Екіншіден, оның басқа ғылымдармен байланыста болуының себебі,білім беру процесі үз мақсаты мен мазмұнына сәйкес әлеуметтік мәдени тәжірибені беруші болып табылатынында және осындай мәдениетте бүкіл үркениеттік білімдердің таңбалық, тілдік формада шоғырландырғанына байланысты.‡шіншіден, оның зерттеу пәні үзі танып білуші және танып білуге үйретілуші, басқа да күптеген адамтанушы ғылымдармен зерттелінетін адам болып табылады. Педагогикалық психология, мысалға педагогика, физиология, философия, лингвистика, әлеументтану, т.б. ғылымдармен үздіксіз байланыста екені анық.Соның үзінде, педагогикалық психология — жалпы психологиялық білімнің саласы деген тұжырымдама оның осы білімдердің негізінде, яғни психикалық даму оның қозушы күшітері,адамның даралық және жыныстық жас ерекшеліктері, оның тұлға ретінде жетілуі мен дамуы жайлы білімдердің негізінде қалыптасатынын білдіреді. Сондықтан Педагогикалық психология психологиялық білімдердің (әлеуметтік, дифференциалды психологиямен,) т.б.басқа салаларымен, ең алдымен жас ерекшелік психологиясымен байланысты. Педагогикалық психологияны бір жағынан пәнаралық ретінде, ал екінші жағынан, ғылыми білімнің дербес саласы ретіндегі түсіндірмесі Б.Г.Ананьев позитциясымен теңестірілді. Б.Г.Ананьев бойынша, педагогикалық психология- шекаралық, кешендік білімдер саласы, ол «педагогика мен психологияның ортасынан белгілі орын алып, үсіп келе жатқан ұрпақты дамыту, оқыту, тәрбиелеу арасындағы үзара байланысты бірлесе зерттеу сферасына айналды». В.И. Гинецинский бойынша, педагогика оның теоретикалық және тәжірибелік жақтарында онымен тығыз байланысқан дербес ғылым болып табылыды. Ал, жалпы және жас ерекшелік психология онымен іштей тығыз, үздіксіз байланыста болатын жалпы психологиялық білім сапасы.
2. Педагогикалық психология адам туралы ғылыми түсініктердің жалпы контекстінде дамиды. Контекс (лат.конкектис- тығыз байланыс,қосылу).Олар әрбір нақты тарихи кезеңдерде педагогикалық ойларға үлкен әсерін тигізген негізі психологиялық ағымдарда жазылып күрсетілген. Педагогикалық процесті ұғынуға ықпалын тигізе алатын психологиялық ағымдар мен теорияларды нақтырақ қарастырайық.
Ассоциативтік психология (18 ғасырдың ортасынан бастап Д.Гартли және 19 ғасырдың аяғына дейін – В.Вундт), түп тамырында психикалық процестердің байланысы ретіндегі ассоциация механизмдері мен психика негіздері ретіндегі ассоциациялардың белгілі бір түрін анықтаған. Ассоциацияларды зерттеу материалдарында еске сақтау мен үйренудің ерекшеліктері зерттеліп қарастырылған. Осы жерде, психиканың ассоциативті баяндауының негізін Аристотель (384-322 жж біздің эрамызға дейін) салынған. «ассоциация» түсінігін, оның түрлерін енгізу, ақыл-парасатын екі түрін теоретикалық және прктикалық деп ажырату, қанағаттану сезімінүйрену факторы еңбектері тиесілі.
Г.Эббингауздың (1885) ұмыту процесін зерттеу бойынша эксперименттерінің эмперикалық мәліметтері және алынған ұмыту «қисығының» сипаттарын одан кейінгі зерттеушілер дағдыларды үндіруде, жаттығуларды ұйымдастыруда есепке алады.У.Джемс (19 ғ.аяғы-20 ғасырдың басы) және Дж.Дьюидің (20 ғасырдың бірінші жартысы) прагмативті функционалды теориясы- бейімделуші реакцияларға, ортаға бейімделуге, ағзаның белсенділігіне, дағдыларды үндіруге акцент қояды.
Э.Торндайктың (19ғ. Аяғы-20ғ басы) байқап күру және қателесу теориясы үйренудің негізгі заңдарын қалыптастырған жаттығу, әсер және дайындық заңдары, үйрету қисығын және осы мәліметтерге негізделген жетістіктер тестерін сипаттаған (1904).Дж.Уотсонның бихевиоризмі (1912-1920) және Э.Толмен,К.Халл, А.Газри және Б.Скиннердің (20 ғбірінші жартысы) необихевиоризмі. 20 ғасырдың ортасында-ақ Б.Скиннер оперантты мінез-құлық тұжырымдамасы мен бағдарламаланған оқыту тәжірибесін жетілдірген. Э.Торндайктің жұмыстарының бихевиоризмінің алдын алуы, Дж.Уотсонның ортодоксалды бихевиоризмінің және бүкіл необихевиористік бағыттардың еңбегі үйренудің тұтас тұжырымдамасын жетілдіруге болып табылды, бұл тұжырымдама оның заңдылықтарын,фактілерін, механизмдерін қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет