№1 Дәріс Тақырыбы: Тіршілік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық негіздері. Азамат қорғанысының рөлі мен міндеттері



бет2/7
Дата14.09.2023
өлшемі2.64 Mb.
#477546
1   2   3   4   5   6   7
1 Дәріс Обж

Грек философы Протагор
Төтенше жағдай (ТЖ) кезінде қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртынан соққы беруді мақсат еткен. Мұндай соққы беру 1914-1918 жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты жүзеге асырылды және оны әуеден бақылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп, қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады. Ал мұның өзі осы қалалардың ауа шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру үшін, халықты да ұйымдастыруды қажет етті. Сөйтіп, әуе шабуылынан қорғау үшін 1920 жылы жергілікті халықты әуе шабуылынан қорғау жүйесі (ХӘҚЖ) құрылды.

Кеңес одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс (АҚ) – деп аталына бастады. Кеңес үкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады және ХӘҚЖ – не төмендегідей міндеттер жүктелді: - әуе шабуылы туралы халыққа ескерту және қауіптің өткендігін хабарлау; - әуе шабуылының зардаптарын жою; - бомбадан н/е газдан, улағыш заттардан (УЗ) паналау орындарын дайындау; - зардап шеккен жан-жануарларға көмек көрсету; - қауіп төнген аудандарға қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жүргізу; - ХӘҚЖ үшін арнайы мамандар дайындау жұмысын жүргізу. Арнайы курстарда, қоғамдық қорғану ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру.


Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл істерге жоғары маңыз беріліп, бұл күштер халықты қорғауда, шабуыл зардаптарын жоюда үлкен жұмыстар атқарды. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін де бұл қызмет одан әрі қарай жалғасты және жетілдірілді. Бұл күндері оларға жаңа міндеттер жүктелінген, құрылымы өзгерген. Халықты әуе шабуылынан, атом бомбасының қолдануынан, химиялық, бактериологиялық қарулардан қорғануға дайындау жұмыстары жүктелді. Бұл жұмысты басқаруды, ұйымдастыруды министрліктерге, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктерге жүктелді.

Азаматтық қорғаныстың мақсаттары: Әр қоғамдағы ең басты және бағалы – адам. Сондықтан, барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды. Яғни, халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы. Халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет