Қауіп-қатердің түрлері: Төтенше жағдай – адамдардың қаза болуына әкеліп соқтыратын, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға, шаруашылық нысандарға нұсқан келтіретін, халықты материалдық шығындарға ұшырататын, тіршілік жағдайын бұзатын авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай аймағы - төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аймақ.
Арыстағы жарылыс
24.06.2019 ж.
Жамбылдағы жарылыс
26.08.2021 ж.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктері мен орман зиянкестерінің зақымдануынан туындаған жағдай.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар – өнеркәсіп, көлік авариялары, жарылыс, қатты әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттар, энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.
Авария – технологиялық үрдістердің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтардың, ғимараттардың зақымдануы. Зілзала – төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс. Апат – аймақта және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс. Қауіптілік - тіршілік ортасындағы жәй-күйдің жағымсыз факторлары. Қауіптілік қасиетіне байланысты 6 топқа бөлінеді: табиғи, техногенді, антропогенді, экологиялық, әулеметтік, биологиялық. Адамға әсер ететін қауіптілік 5 топқа бөлінеді: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық. Локализациялық қауіптілік – литосфера, гидросфера, атмосфера, космоспен байланысты. Іс-әрекет процесі кезінде қауіп-қатер әр уақытта болғанымен, адам ылғи қатерге ұшырай бермейді. Қауіп үш жағдайда болуы мүмкін: қауіп нақты бар; адам қауіп-қатер аймағында; адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз. Қауіпсіздік - іс-әрекет кезінде қауіп-қатердің айқын болмайтындығы. Оның үш негізгі міндетті бар: Бірінші - нақты іс-әрекеттен болатын қауіп-қатерді талдау (идентификация). Талдауды келесі ретте жүзеге асыру үшін: өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау; қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі. Екінші - адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу. Үшінші - осы іс-әрекеттің салдарынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес. Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көп жақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюдың үлкен маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |