№1 Дәріс Тақырыбы: Тіршілік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық негіздері. Азамат қорғанысының рөлі мен міндеттері



бет5/7
Дата14.09.2023
өлшемі2.64 Mb.
#477546
1   2   3   4   5   6   7
1 Дәріс Обж

ҚР Азаматтық қорғаныс туралы заңы 07.05.1997 ж. жойылды. Азаматтық қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ. Азаматтық қорғаныс (АҚ) күштері халықты, ұйымдар мен аумақты қорғау, бейбіт және соғыс уақытында химиялық, биологиялық, бактериологиялық зақымдану кездерінен құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізуден тұратын АҚ міндеттерін атқаруға арналған. АҚ күші келесілерден тұрады: - ҚР АҚ әскери бөлімінен; - АҚ аумақтық және нысандық құрылымдарынан; - АҚ және ТЖ қызметтерінің құрылымынан; - жедел құтқару отрядтарынан тұрады (РЖҚО, ОЖҚО). АҚ күшін пайдалану АҚ бастығының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Аумақтық құрылым әкімнің шешімімен құрылады. Құрылымның құрамы мен жалпы саны бейбіт және соғыс уақытында ұйымдар мен аумақты және халықты қорғауды қамтамасыз ететін қағидалар бойынша АҚ ұйымдары анықталады: Жер сілкінісі аймақтарында - 10 адамға 1 құтқарушы; Су тасқынына, өртке, басқа да қауіпті қатерлерге ұшыраған өнеркәсіпті аймақтар мен аумақтар үшін – 15-20 адамға 1 құтқарушы дайындалады.

Арнайы АҚ құрылымдары бөлінеді: Негізгі құрылымдарға - барлау - құтқару - медициналық - инженерлік - өртке қарсы - авариялық-техникалық - радиациялық-химиялық қорғаныс Қамтамас ететін құрылымдар - байланыстар - материалды-техникалық -көліктік - қоғамдық тәртіпті сақтау - аңдар мен өсімдіктерді қорғау - тағы басқалар Жедел әрекет ету отрядының саны - облыс – 150 адамнан кем емес - қала – 100 адамнан кем емес - аудан – 50 адамнан кем емес

Жедел әрекет ету отрядын дайындаудың максималды уақыты - жедел әрекет ету отрядтары үшін – 2 сағат, кем емес - негізгі құрылымдар үшін – 4 сағат, кем емес - басқа барлық құрылымдар үшін - 6 сағат, кем емес АҚ құрылымы еңбекке жарамды ер және әйел адамдармен іріктеледі. Құрылым құрамына кірмейтіндер: - 1, 2, 3 топтағы мүгедектер - жүкті әйелдер - 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдер - соғыс уақытында – қолында жұмылдыру бұйрығы бар әскери міндеттілер «АҚ және ТЖ саласындағы Заңдар» Осы Заңдар Қазақстан Республикасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша қоғамдық қатынастарды реттейді . 1. ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 2.ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» 3.ҚР «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар мәртебесі туралы» 4. ҚР «Өрт қауіпсіздігі туралы» 5.ҚР «Өндірістік қауіпті нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 6. ҚР «Терроризммен күрес туралы» 7. ҚР «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 8. ҚР «Төтенше жағдайлар туралы» 9. ҚР «Әскери жағдайлар туралы» 10. ҚР «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен қорғаныс туралы»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет