Азаматтық қорғаныс міндеттері:
- халықты жаппай қыру құралдарының (ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;
- төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
- зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;
- апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;
- зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;
- төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;
- өндірістік орындардағы апаттың көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіру;
- адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;
- территорияны, техниканы, киімді, тамақты, улы радиактивті заттардан, бактериялардан қорғау.
Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары: республикадағы азаматтық қорғаныс штабы; облыстық, қалалық, аудандық штабтар; министрлік бойынша жергілікті жердегі мекемелер; АҚ штабтары немесе қызметкерлері; азаматтық қорғаныс ұйымының кезекшілік қызметкерлері мен байланыс органдары. Азаматтық қорғаныстың күштеріне жататындар: азаматтық қорғаныс әскерлері; министрліктерге бағынатын жасақшылар; арнайы жасақшылар. Басқару органдары: Қазақ Республикасының Премер-министрі; республикалық азаматтық қорғаныс штабы; төтенше жағдай жөніндегі комиссия; облыс әкімі; қала әкімі; аудан әкімі; әр мекемедегі бірінші басшы . Мекеменің басшысы осы мекеменің төтенше жағдай кезінде дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдастырылуына жауап береді. ТЖ-дың зардабын жоюға жауапты адам. Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады. Территориялық – дегеніміз әр облыс, қала , аудан территориясында құрылады. Өндірістік – дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын азаматтық қорғаныстың орындары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |