1 дәріс Тері топографиясы



бет4/5
Дата27.01.2020
өлшемі1.14 Mb.
#447880
1   2   3   4   5
Лекция


2. Ағаш пышақпен. Біртегіс мықты ағашқа теріні кигізіп, бір қолмен тартып, екінші қолмен пышақпен жұмыс істейді.

3. Тұтқа көмегімен. Тұтқа - жұқа болаттан жасалған арадан және пышақтан және кронштейннан тұрады. Кронштейнға пышақ және ара 40-50 градус бұрышпен тігінен бекітілді. Теріні майсыздандыру үшін тұтқа орындыққа қағылады.

4. Қалыпты тупикпен майсыздандыру. Бұл әдіспен түлкінің құйрығынан бастап тазартқан әлдеқайда жеңіл. Қалып қалың ағаштан дайындалады. Жұмыс істейтін бөлігінің ұзындығы 20-25 см, қалыңдығы - 2,5 см, биіктігі - 15 см. Қалыптардың жоғарғы бөлімі сопақша және ойыс болып келеді. Қалыппен жұмыс істеу үшін ешкілерге ойыс жағы бекітіледі. Осы ақырғы әдіс пласт пен теріні сыпыруға қолданылады.

Майсыздандырғаннан соң құрғақ бұлмен және қағазбен сүртеді. Майсыздандыру кезінде жүнді жағы былғанып қалса, оны тазартқан жөн. Өндірістерде тазарту қолмен және арнайы барабандарда өтеді. Барабан ішіне ағаш ұнтағын салады және сыртына терінің жүнді жабыны келеді.

Теріні сыпырып, майсыздандырумен қатар біріншілік өңдеуде кемістіктер жібермеуге тырысу керек.

Ойынды - терімен дұрыс жұмыс icтeмey нәтижесінде тepi тінінің зақымдануы.

Жыртық - тepi тесілуінен пайда болады.

Қан дақтары - қан тиген жерлерде қоңыр дақ қалады.

Дұрыс емес кecіндi – теріні кескен кезде стандартты қадағаламаса.

Kеciк - шел қабатын терең кесіп алу.

Қиынды - тepiciн сыпырғаннан соң май, ет қалдықтарын тазартқан орын.

Өлген мал теpici - қызғылт түстес арам өлгенен соң алынған тepi.
3 дәріс

Теріні біріншілік өңдеу

Реттеу, жөндеу, консервілеу
Енді, біздің алдымызда майсыздандырудан өткен жаңа тepi жатыр. Жаңа тepiнi - жас тepi деп атайды. Осыдан 1-2 сағат ішінде өңдеуге кipice алмасаңыз, оны мiндeттi түрде консервілеу керек. Әйтпесе, жас терілерде шіріткiш бактериялар көбейіп кетеді.

Tеpiні консервілемес бұрын пайдалануға болмайтын бөліктерді алып, реттеген жөн. Олар салмағын жоғарылатып келсе, өңдеу үрдістерін қиындатады. Оларға: май, ет, қан, кip, ерін, құлақ, мүйіз, лай, тұяқтар жатады. Кір мен майды қолмен, тупикпен тазартады.

Реттеуден кейін енді бip гигиеналық операция - тepiні жуу. Әдістелген жолмен мұқият жуу - микроптарды екі есе төмендететінін көрсеткен. Сонымен қатар, еритін ақуыздар да жуылып, консервілеуді жеңілдетеді. Теріні шелек, шлангалы тазартқыштармен жуады. ІҚМ терісінің қылшығын арнайы тазартқышпен тазалайды. Тазартқыштың eкi жағы болады: бipiншi жағының ені - 10см, ұзындығы - 40см бipтегic, eкіншіci - тістермен айналдырылған, биіктігі - 2см, негізгі eні - 3см болады. Tepiнi кір мен қан толықтай кеткенше жуған дұрыс. Бip теріні қылшық жағынан жуу ұзақтығы 2 минуттай, ал шел жағынан 4 минуттай жуу керек. Осыдан кейін тазартқыштың тегіс жағынан 30-40 минуттан суы сорғу үшін іліп қояды. Нәтижесінде жуған терінің ылғалы, жас тepi ылғалымен бірдей болады.

Консервілеуге дейін мамандар тepінi жөндеу қажеттілігін ескертеді. Жөндеу – қатпарлар мен әжімдерді тартып, тepiнi анықталған пішінге әкелу. Бұны арнайы щит пен рамкаларда өтізеді.

Жөндегіштерді шайыры жоқ ағаштардан алынған құрғақ таяқшалардан жасайды. Ағаш өте құрғатылған болуы керек, әйтпесе тepi жөндеген соң кішірейіп кетеді. Tepiлерді (барлық түрін) жөндегенде жөндегіштің сырты мен жонарқа бөлігін жөндегіштің бip жағына бауыр тepiciн бipкeлкi қылып жапсырады. Tepiнi щит пен рамкаға кішкене шегелермен қағады. Жөндеуге тepiні жуғаннан кейін әбден құрғаған соң бipaқ кіріседі.

Енді біз консервілеуге кipice аламыз. Консервілеуді «барлық фермент, шіріткіш бактериялар, яғни микроптардың тоқтауы» деген сөз деп ұғу керек. Tepiдe 40% ылғал болуы микроорганизмдер үшін қолайлы. Консервілеуде барлық құрғату әдіcтерi тepiнi сорғытудан тұрады. Негізгі конcepвілeyшi зат - кәдімгі құрғақ ас тұзы. Енді консервілеудің бірнеше әдістерін талдайдық.



Ылғалды тұздау. Бұл әдістің кереметі тepi тінінің сапасы, ал кемшілігі – көп тұз шығыны. 1 кг тepiгe 400 г тұз алынады, кальциленген сода 1/400 қатынастағы консервілeyшi тұзбен ІКМ, бұзау, тана терілері тұздалады. Қоспаны жақсылап араластырып, қолдануға бір күн бұрын дайындайды. Жүн жағын жоғары қаратып, бетон және тегіс ағаш бетіне теріні жазып қояды. Терінің бахтарма, яғни, ет жағына тұз себе отырып, қолмен нығыздап жағады. Бip күннен соң қайтадан тұздайды, оны «пакет» дейді. Басынан бастап төрт бөлікке, алдымен оң қолы мен сол қолын iшкe қарай, одан кейін жотасын бүктейді. Осы оралған тepiнi құйыршығымен және жіппен байлайды. Үш күннен кейін тұздалған теріні тексеру керек: егер қатты тұздар болса, онда барлығы дұрыс, ал егер орындарын қалтырып, тұз ciніп кетсе, онда кайтадан тұздаған дұрыс. Бес күннен кейін белок пен ылғалды тұздық аға бастайды. Жақсы тұздалған тepi берік және тығыз келеді. Шел жағы құрғақ, ақшыл түсті келеді, тек пышақ тигізгеннен соң сұрғылт тартады. Дұрыс тұздалған тepi жақсы сақталады, ал нашар тұздалған тepi - көп бөгеттер жасайды. Қатты тұздалған терінің қылшықтары түсіп қалады, ол мехтік және тepi өндірісінде қолдануға келмейді.

Keптipy және құрғақ npeстi консервілеу. Бұл әдіс бұзау, тана, қой, ешкі, құлын терілерін консервілеу үшін өте қажет. Артықшылығы - арзан және оңай, кемшілігі - теріде қажетсіз қабыршықтар пайда болып, май қышқылы әсерінен илеуге тура келеді.

Теріні ақпанның аяғы мен наурыздың басынан бастап, яғни жылы уақыттарда кептіреді. Бұл уақытта күннің көзінен сақтану керек, әйтпесе тері қабыршақтанып, оның құрамындағы колаген жоғары температурада желатинденіп кетуі мүмкін. Tepiні жазда 22-25оС, ал қыста жылытылған қоймаларда кeптipген пайдалы. Tepi диаметрі 3-5 см жақсы тазартылған ағаштарда ілініп тұруы керек. Теріні жерге қойып тұздауға болмайды. Иленіп тұрған терінің басына, құйрығына, аяғына таяқшалар тipeп, жазып қояды. Tepi бipкелкі кебу үшін ауыстырылып отырады.

Жақсы құрғатылған тepi созылмалы келеді, шел жағын саусақпен шерткен кезде өзіне тән дыбыс бepeдi және жүнді жабыны құрғақ кeлeдi.



Тоңазыту. Бұл әдістің айтарлықтай жетіспеушіліктері бар. Мұздалған тері бұзылады, сапасыз. Tepіні қарға мұздатуға болады. Бұл әдіс терінің сапасын сақтайды.

Құрғақ тұздау. Бұл тәсілді қолданған кезде, алдымен теріні тұздайды, сосын құрғатады. Кемшілігі - консервіленген терінің жоғары гигроскопиялығы болып табылады. Сол себептен қоймадағы тері ылғалдылықтан шіріп, дымқылданып кетеді. Негізінен құрғақ тұздауды ыстық климатты жерлерде де, суық климатты жерлерде де қолдана береді.

Егер тері дұрыс консервіленбесе, шикізатта дақтар пайда болады:



Ақ таңлақ – жел мен мұздаудан туады. Бұл кезде тері борпылдақ, ұсақ саңылаулы, созылмалы емес, ақшыл түсті болады, сондықтан оны сорғытуға тура келеді.

Мүйіздену - шикізаттың кeлeci өндеуін қиындатып, сынғыш және қатты болады. Бұл күн көзінен сақтамаудан туады.

Көгеру - аз кептіріліп, теріде ылғалдың қалып қоюы әсерінен болады.

Шірік - шіріткіш бактериялардың әсерінен терінің зақымдануы.

Шірік болу себептері:



  • Консервілеуді кешіктіру;

  • Дұрыс құрғатпау;

  • Жоғары температурада құрғату;

  • Ылғалдың көп мөлшерде қалып қоюы;

  • Теріге тұзды біркелкі жаймау.

Шіріктің қызару түpi бар. Ол ылғалды тұздау кезінде көкшіл микроптарды қоздырады. Бұған қарсы күрес жүргізу үшін тұзға 1 % парадихлорбензол және 2 % нафталин қосады. Егер тepi бетінде қызару пайда болса, онда оны тазартып, жоғарыда көрсетілген компоненттерді қосып, екіншілік тұздау керек.

Тұз дақтары - тepi қатқыл болады және ақшыл-қоңыр түстен, қара-қоңыр түске боялады. ІҚМ-да, бұзауда шел және беттік қабаттарда ылғал тұздалған болады. Оны жою үшін тұзға 2,5-3 кальциленген сода және 1% парадихлор және 2% нафталин қосады.

Егер консервілеу дұрыс, әрі мұқият жасалмаса, шикізатты бұзады.

4 дәріс

Қалың тері тінін өңдеу ерекшеліктері

Бұған бірінші топтағы терілер жатады - ірі көлемді шикізаттар: аю, ит, қасыр және т.б. Осындағы ерекше арнайы пикельдеу ертіндісінде міндетті түрде қышқыл мен ас тұзы болуы қажеттілігі ескергілген. Әйтпесе ісініп кетеді. Ал ісінуді кетірмесе, тері бұзылады. Бірақ жоғарыда айтылған теріге бұл қасиет қажетті: кәдімгі пикельдеу тәсілімен өңдеу кезінде тері тініне борпылдақтық жетіспейді және теріде шел пайда болады. Бұндай жағдайда теріге ерекше өндеу кіргізеді, ол қышқылды - гидрометикалық деп аталады.

Теріні басында қышқылмен өңдеп, сосын ас тұзын қосады. Осы өндеу нәтижесінде тері ісінеді, талшықтар борпылдақтанады және тері қажетті жұмсақтыққа кенеледі. Бұл ісінуде тері қалындайды. Ісіну дәрежесі қылшық концентрациясы мен терінің түріне байланысты. Егер күкірт қышқылын қолданса, аз концентрациялымен салыстырғанда ең жоғары ісіну жетеді. Ең жоғары ісінуден кейін концентрациясын үлкейту қажетсіз, себебі бәрібір де ісінбейді, керісінше кішірейді. Қышқылмен өңдегенде өте сақ болу қажет – бұл өте қауіпті, өткір үрдіс. Ол тері тінін жұқартып, тіпті жарып жібереді. Сапалы тері алғыңыз келсе, қышқылды гидрометикалық өндеудегі ісінуді жоғалту керек. Тұз концентрациясы 60-80 г/л болады.

Қышқыл гидрометикалық өңдеу - тек ірі көлемді терілер үшін қолданылады. Еркек мал терілері, орташа мал терілеріне қарағанда шелінің қалыңдығымен өзгешеленеді.

Қалың шелді қоян терісін өндеуді қарастырамыз: жібітуге кеткен сұйық көлемі тері салмағынан 8 есе артық етіп дайындалады. Жібіту ұзақтығы - 22 сағат. Теріні жібіткен суға 0,6 г/л биосульфит пен 40 г/л концентрациялы ас тұзын қосады. Содан кейін аяғы мен басын кесіп тастап, екінші жібітуді 10 сағаттай таза суда орындайды. Сосын теріні қырып шелдейді де, 3 сағат қышқылды-гидрометикалық өңдеуде ұстайды, оған 3 г/л концентрлі күкірт қышқылы ертіндісі пайдаланылады. Пикельдеу үшін ертіндіге 80 г/л есеппен ас тұзын қосып, толық ірігенше араластырады, 6 сағаттан кейін 10 г/л күкірт қышқылын құяды да, 19 сағатқа қалдырады. Жалпы қышқыл шығыны - 13 г/л. Жалпы ұзақтығы - 19 сағат. Ескере кеткен жөн: ертіндіге таза күйінде қылшық қоспайды, себебі ол тері пісіп кеткеніндей ертінді температурасын жоғарлатады. Өндіріске 12 сағат кетеді, сосын қысу, қағу, ұрғылауды өткізеді. Осымен пикельдеу бітіп, илеуді басталады. Илеуде сұйық көлемі тері салмағынан 7 есе жоғары болады, 28-300С температурада 10 сағаттай жүргізеді.

Илеуге 10 г/л гипосульфит, 50 г/л ас тұзы, 4 г/л хромды квасц, 1,5 г/л алюминий квасцы қажет. Операция гипосульфит пен тұз еріген соң теріге жағу арқылы жүреді, 3 сағаттай үздіксіз араластырып отырады. 25-30% хром квасцын 1 сағат аралығында 2 рет құяды, 1 сағаттан соң алюминий квасцы ертіндісін қосады. Ертінді температурасы 40°С-дан аспау керек. Сосын қысу, ұрғылау, кептіру және майлау үрдісі жүреді.



Тері тіні қалың терілерді және қоян мен тиін терілерін өңдегенде қышқылды гидрометикалық өңдеуден қаша алмайсыз. Өндеу реттілігі былайша болады: престі құрғақ теріні үлкен көлемдегі сумен (су тері салмағынан 8 есе артық болсын) 20°С температурада жібітеді. Жібіту ұзақтығы - 4 сағат. Сосын суды ауыстырып, осында 1 г/л ас тұзын, 02 г/л күкірт қышқылын қосып, 4 сағаттай сол температурада тағы да жібітеді. Сосын теріні сығып, бетін мұқият ұрғылап, жотаның бірінші қабыршығын шелдейді. Егер бауыр терісі майлы болса, онда оны майсыздандырады және шелдейді. Аяқтарын тұяғына дейін қырқып, жоғары жағын шелдеп, ені бойынша созғылайды. Осыдан сон қышқылды-гидрометикалық өндеу мен илеуді жүргізеді. Сұйық көлемі жібітудегідей алынады, ал температурасы 25°С болады. Теріні бас кезінде 3 г/л күкірт қышқылы ертіндісіңде 3 сағат жібітеді. Сосын ісінуді жоғалту үшін 60 г/л ас тұзы ертіндісіне салады, 2 сағаттан соң 35%-ды хром квасцын құяды. 6 сағаттан кейін алып, эмульсиясында 25% аммиагы бар майлаған теріні 4-6 сағат жатқызады. Қылшығын жоғары қаратып құрғатады да сілкіп, қапсырмаға иілте енімен жаяды. Сосын қылшықтарын тараған жөн.

Қоянның жұқа шелді терісін өндеу. Жібіту 18-20°С температурада тері салмағынан 8 есе артық дайындалған сұйықтық көлемінде 10 сағаттай уақыт аралығында өтеді. Жібіту суына 4 г/л бисульфит және 30 г/л ас тұзын қосады. Сосын теріні сорғытып, аяқтарын кескен соң 10 сағат ішінде екінші жібітуді жүргізеді. Теріні сығады да, қырқу бойынша шелдейді. Бұлшық етті, майлы қабықшаны қолмен сыпыруға болады, бірақ оған уақыт кетеді. Шелдеуден кейін пикельді илеу ваннасына салады: сұйық көлемі тері салмағынан 7 есе көп болады. Құрамы: 6 г/л күкірт қышқылы, 8 г/л ас тұзы, 6 г/л хромды квасц, 25% г/л гипосульфитті, 12 г/л алюминий квасцы. Операцияның орындалу реттілігі: алғашында қайнатылған су, сосын тұз бен күкірт қышқылын қосады да, тұз толық ерігенше араластырады, содан кейін теріні салады. Үзіліссіз 8 сағат араластырғаннан кейін гипосульфит қосады. Екі сағаттан соң 25% хром квасцының жартысын, 1 сағаттан соң жартысын сыздықтатып отырып құяды. Ал тағы 1 сағаттан кейін алюминий квасцын қосылады. Осыдан кейін 4 сағат тосады да, пикельдену дәрежесін тексереді. Егер тексеру нәтижесі қанағаттандырса, онда 10 сағатқа қалдырамыз. Содан соң сығып, қапсырма иілгіде ұрғылап, майлайды. Бүйіріне қарағанда, жонарқасына қалыңырақ етіп эмульсия жағады. Майлаған соң 6 сағатқа қалтырамыз, яғни кептіреміз. Терінің мүлдем құрғап кетпегені жөн. Кейінірек - ұрғылау, тазарту, сілкілеу, қылшығын тазарту сияқты үрдістерден өтеді.

Қызыл түлкі терісін өндеу. Алдымен жүнді жабынға көңіл аудару қажет, қылшығындағы қан дақтарын жылы суға батырылған щеткалармен тазартып, тарақпен тарайды. Сосын чулактың көмегімен алынған терінің ішін 35°С-дан аспайтын жылу сумен дымқылдайды. 1,5-2 сағаттан соң, су теріге сіңген соң шел жағына аударып, басынан құйыршығына қарай мұқият шелдейді: қабыршықты, өтті, май қалдықтарын алады. Еңді сылау әдісімен жібітуді бастайды. Бұл үшін ылғалды ағаш ұнтағы керек. Терінің барлық жағын ұнтақпен сылап, 12 сағатқа қалдырады. Ұнтақты тазартып, құйрығы мен аяғын буландырады. Әрі қарай теріні қапсырма илгіде шелдейді. Құйрығы мен аяғын ені бойынша созылған күйінде қалдырады. Тұяғын аяғынан кеспейді. Тері шелденгеннен кейін ұзындығы бойынша созып, пикель ертіндісімен буландырады. Пикельдеуді 4 рет жүргізеді. Ертіндіге 20г/л құмырсқа қышқылы мен 80г/л ас тұзы кетеді. Пикельдеу температурасы - 25°С. Бірінші пикельдеуден кейін 6 сағат, қайтадан пикельдегеннен соң бірнеше сағат жатады. Сосын қырқу әдісі бойынша тері басын шелдейді де, екі рет пикельдеуді өткізеді. Одан соң теріні ұзындығы бойынша, ал құйрығы мен аяғын ені бойынша ұрғылайды. Осыдан кейін жағу әдісі бойынша майлайды, ол 3-4 сағатты қажет етеді. Сосын теріні шелін жоғары қаратып кептіреді. Шел мүлдем кеппей, жеңіл ылғалданса, қылшық жағын жоғары қаратып жаяды. Теріні түтікке (трубкаға) орап кептіреді. Бұдан соң теріні шел жағын жоғары қаратады да, тазартуды жүргізеді. Тазартылған теріні қылшығын жоғары қаратып аударады, сілкіп, металды тарақпен тараған жөн.

Құндыз терісін өңдеу. Бұл кезде майсыздандыру операциясына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Қолмен майсыздандырғанда әр түрлі құралдардың көмегі жеткіліксіз болып саналады. Теріні міндетті түріне арнайы жуғыш ертінділермен жууға тура келеді. Бұған әр түрлі жуатын ертінділерді қолдана береді. Сұйық көлемі тері салмағынан 8 есе артық, ертінді температурасы 35°С болғаны дұрыс. Сосын осы температурадағы таза суда жуылады.

Жуғаннан кейін жас теріні пикельдейді, ал құрғағын жібітуге жібереді. Онда жібіту таза күйде емес, ас тұзының қатысуымен болады. Тұз концентрациясы 20 г/л, сол температурада және майсыздандыруда да 35°С. Жібіту ұзақтығы - 14-16 сағат. Жібіткеннен соң тері пикельдеуден өтеді. Пикельдеу үшін сұйық көлемі жуу мен майсыздандырудағыдай болады Пикельдеуге : 60 г/л ас тұзы, 12 г/л 80%-ды сірке қышқылы, операция ұзақтығы - 10 сағат. Ертінді мен теріні жақсылап араластырып, пикельдеуді құрғауы бойынша анықтайды. Дайын тері тәулік бойы жатады, сосын барып ұрғылауды жүргізеді. Ұрғылау барлық бағытта орындалады: алғашында ұзындығы, сосын ені бойынша. Егер тері қалың шелді болса, тері астындағы майлы қабат пен өзең бөлігін қырқу арқылы алады, бұл үшін өте мұқият қарап қылшық түбірін бүлдірмеуге тырысыңыз. Теріні сосын илеп, 6 сағатқа қалдырады. Одан кейін сығады, ұрғылайды және жағу әдісімен майлайды. Теріні майлағаннан соң қылшығын ішке қаратып бүктеліп 6-8 сағат жатады, сосын температуралық тәртіпті қадағалай отырып, кептіреді. Қайтадан 8 сағатқа қалдырады және шелді тегістеу, ұрғылау т.б. да жекеленген операциялармен аяқтайды.



Мерлушка, ешкі, лямка терілерін өңдеу. Мерлушка, ешкі, лямка - қозы терілері. Негізінен оларды пластпен шешеді және престі құрғақ консервілеу әдісін қолданады. Теріні жібіту үшін ас тұзы ертіндісі керек. Барлық дымқылды операциялар үшін сұйық көлемі тері салмағынан 10 есе артық болады, 20 г/л тұз кетеді. Лямканы жібітуде жүнді жабынның жоғары майлылығы үшін 0,5-1 г/л жуатын зат қосады. Жібіту ұзақтығы мерлушка мен ешкі үшін 18-20 сағат, ал лямканы жуатын зат қоспай тұрып, 10 сағаттан екі рет жібіту жүргізеді. Лямканың жүнді жабыны өте майлы болғандықтан, оны мұқият майсыздандыру керек, ол үшін 2-4 г/л жуғыш ертінді қажет. Майсыздандыруға 45 мин уақыт кетеді. Егер терідегі май сығып, жуғаннан кейін кетпесе, онда операция қайталанады. Сосын пикельді-илеу өткізіледі. Пикельді-илеудің жалпы ұзақтығы - 14-16 сағат. Әр 2 сағат сайын теріні мұқият араластырады.

Ешкі мен мерлушкаға қарағанда лямкаға басқа бірнеше ертінділер дайындалады. Темпертурасы 40-42°С суға 45г/л ас тұзы мен 6 г/л сірке қышқылын қосады. Теріні салып, жақсылап араластырып, 4 сағаттан кейін 10 г/л гипосульфит, ал жарты сағаттан соң 0,9 г/л хром оксиді есебімен хромді квасц ертіндісін құяды, сағат сайын араластырып отырады.

Пикельді-илеуден кейін теріні дұрыстап жайып, 10 сағатқа қойып қояды. Кейінірек теріні сығады және қапсырма иілгіде барлық бағыт бойынша алдымен ұзындығын, сосын енін жазып қояды. Жағу әдісі бойынша майлайды да, 50°С дейінгі температурада іледі. Оны алады да 8 сағатқа қалдырады. Сосын дымқыл ұнтақ пен жұқалап ылғалдайды немесе су себеді. Теріні біраз жатқызғаннан кейін қағып, барлық бағыты бойынша созғылайды. Сосын тері тінінің жүнді жабынын құрғақ ұнтақпен сүртеді.

Мехтік қой терісін өңдеу. Қой терісі - бұл қой мен қошқардың биязы және аралас жүнді жабыны, олар әртүрлі қылшық және жүндес тұқымды болады. Биязы жүнді жабыны - қалың, ұзындығы біркелкі, ақ түсті болып келеді. Тері тіні жұқа және борпылдақ, ал жүні май бездерінің салдарынан майлы болады. Жартылай биязы қойлардың жүні азырақ майлы. Аралас жүнді қойлардың жүнді жабыны бір түске боялған, майлылау болады.

Жас малдың терісін өңдеу. Жас мал терісін өңдеу жеңілдеу. Ал үлкен малда, әсіресе, биязы жүнді қой терісін, ұзын жүнді жабындарын өндеу қиынға түседі. Мехтік қой терісін престі құрғақ, құрғақ тұздалған немесе ылғалды тұздау әдісімен консервілейді. Әр түрлі операцияларды жүргізу үшін суды 1:19 қатынасындай қылып алу керек. Жібітудің екі түрін өткізеді. Бірнші құрғақ тұзды немесе престі қүрғақ әдіспен консервіленген қой терісін температурасы 35°С ерітіндіде 20-24 сағат, сосын 0,75 г/л кремнофторлы натрий, 0,5 г/л жуғыш заттарда ұстайды. Жібіту ұзақтығы - 8-10 сағат.

Ылғалды тұздалған шикізатты жібітудің біршама өзгешеліктері бар: температурасы 35°С ерітіндіде, 1 г/л кремнофторлы натрийда. Жібіту ұзақтығы - 4-6 сағат. Қой терісін жібітуден кейін қылшығы бойынша қисық қалыпқа соғады. Келесі операция майсыздандыру да екі түрлі жолмен жүргізіледі. Бірінші майсыздандыру, ертіндісі:3 г/л жуатын зат, 0,5 г/л кальциленген сода, 40%-ды 0,5 г/л формалин. Кальциленген соданы мөлшерімен ерітеді. Майсыздандыруды 43°С температурада, 45 минут үздіксіз араластыру арқылы өткізеді. Сосын қылшығы бойынша қалыпта сығады және осы құралды қолдана отырып, шелдейді. Одан соң екінші майсыздандыруды жүргізеді. Ертіндісі: 0,1 г/л кальциленген сода, 40%-ды 0,5 г/л формалин, 5г/л жуатын зат - биязы жүнді қой үшін, ал жартылай биязы жүнді қой үшін - Зг/л . Осыдан кейін қой терісін түсіріп алып, үздіксіз араластыра отырып сорғытады, сосын екі қайталап жуады. Жібітуден түсіргеннен соң пикельдеп-илеу үрдістерінің 20 сағаттан аспауын еске сақтаған жөн.

Пикельдеп-илеу үшін 42°С температурадағы суға 40г/л ас тұзын, 2,5г/л күкірт қышқылын қосып араластырады да, теріні салады, сосын биязы жүнді және жартылай биязы жүнді терілер үшін 3 сағат, аралас жүнді терілер үшін 4 сағаттан кейін, 0,3-0,5 ертілген күйдегі кальциленген сода қосып араластырады және 2 г/л гипосульфит пен 2,5 г/л хромды илегіш салады.

Илеу 12-20 сағатқа созылады. Илеудің аяқталғанын тығыздығы мен түсі бойынша білуге болады. Ол жеткілікті тұздалған және жасыл түске боялған болуы тиіс. Майыстырып тартқанда ақ сызықтар пайда болады. Содан соң қайыста барабанның көмегімен ылғалды ұнтақпен ұрғылайды, жүнді жабынын тарап, кептіреді.



Тондық қой терісін өңдеу. Бірінші операциясы – жібіту, престі құрғақ және құрғақ тұзды әдіспен консервіленген қойлар үшін екі рет жібіту қажет. Жұмыстың барлық жағдайында 1 кг теріге 5л сұйықтығы бар ерітіңді кетеді.

Бірінші жібітуге мынадай заттар қажет: 0,55 г/л жуатын зат, 2г/л кристалды натрий сульфиті, 1 г/л натрий кремнофторы. Жібіту ұзақтығы - 20-24 сағат. Теріні салғаннан кейін 4 сағаттан соң араластырады және әр сағат сайын бір бағытқа араластырған дұрыс. Біріншілік илеуден соң теріні қалыпта жүні бойынша сығады.

Екіншілік илеуге 2 г/л жуатын зат, 1 г/л натрий кремнофторы, 20г/л кристальды натрий сульфиді қажет. Жібітуді бір бағытта араластыра отырып, 12 сағат аралығында өткізеді. Осыдан кейін теріні сығады, шелдейді, контуры бойынша бахтармасын кеседі.

Егер тері ылғалды тұздау өдісімен консервіленген болса, онда жібітуді екі рет өткізеді. Біріншісін 35°С температурада, 2г/л натрий кремнофторы мен 2г/л натрий сульфиді қатысында 6-8 сағат жібітеді. Екіншісін 35°С температурада, 2г/л жуғыш заттың көмегімен 2-4 сағат жүргізеді. Сосын теріні алдыңғы жағдайдағыдай өңдейді. Шелдеуден соң теріні міндетті түрде майсыздандырған дұрыс. Бұл үшін мынадай дайын ертінді дайындайды: 3 г/л жуғыш зат, 40%-ды 1мл/л формалин және 0,5 г/л калъциленген сода. Операцияны 40-42°С температурада 1 сағат ішінде үнемі араластырып отырып жүргізеді, сосын теріні 40°С-дан төмен емес температурадағы таза сумен 20 минуттан екі қайтара жуады.

Енді 2,4 г/л күкіртпен 2г/л құмырсқа қышқылмен және тек қана күкірт қышқылымен орындалатын пикельді-илеу үрдісін жүргізуге болады. Екі жағдайда да теріні қышқылмен қоса хром оксиді құрамына байланысты 2,5 г/л хромді илегіш, 40 г/л - ас тұзы бар ертіндіге салады. Ертінді температурасы - 40°С. Бірінші жағдайда - 12 сағат, екінші жағдайда - 8 сағат бір бағытта үнемі араластырып отырады. Осыдан кейін бірінші ингредиенттер қосылады: 1-ге 2 г/л гипосульфит пен 2г/л хромді илегіш. Теріні мұқият араластырады да жарты сағаттан соң 0,25-0,3 г/л кальциленген сода ертіндісін қосады. Үрдіс басталғаннан кейін 15 сағаттан соң және әр сағат сайын ертіндіге жоғарыдағы мөлшердегідей кальциленген сода қосады. Сосын 18-20 сағатқа созылып, терінің иленген мехтік қой терісінің көрсеткішіндегідей болғанынан білесіз. Дайын теріні 20-24 сағатқа қалдырады, сосын сығады және қалыпта дұрыстап, қолмен және щеткамен жағу әдісімен майлайды. Майланған терінің жүнін ішіне қаратып 4-6 сағатқа қалдырады, сосын барып жақсы желдетіретін қоймаларда кептіреді.

Сосын теріге ылғалды ұнтақ пен суды жеңілдетіп себеді, тағы жатқызады. Тері тіні жұмсарғаннан кейін жүнін тарайды және пемза мен наждак қағазбен тазартады.

Біз айтып кеткендей, қой терісі өте майлы, сондықтан да теріде май ақаулары болу себебі әбден мүмкін. Бұндай жағдайда ертедегі әдісті қолданып, топырақ көмегімен майсыздандырамыз. Бұл үшін топырақты суда ерітеді де майлы жерлерге жағады. Қой терісін қараңғы қоймаларда толығымен кепкенше іліп қояды. Одан соң кепкен топырақты түсіреді және тері тінін тазартады. Егер дақ кетпесе, онда операцияны қайталаймыз.

Жабайы шошқа терісін өндеу. Жабайы шошқа терісін қоян ретінде және интерьерді бөлектеу үшін пайдаланады. Терісін шешу қойдікі сияқты, тері асты қабатының майы қалың болуы қиынға түседі. Терісін шешкеннен соң суытады, бірақ мұздатады. Консервілеу алдында мұқият араластыру керек. Бұл өте көп еңбекті қажет ететін жұмыс, сондықтан мұқият жасаған дұрыс. Егер теріні алмай, теріге тұз себсеңіз, сақтау үрдісінде қышқылданып, желім тәрізденіп, келесі үрдістерді қиындата түседі.

Майсызданған шикізатта 100 дм2 ауданға 2-3 кг тұз кететіндей қылып қалыңдап себеді. Осындай жағдайдағы теріні 1-15°С температурада 3-4 тәуліктей ұстайды. Жоғары температураның салдарынан тері ісініп кетеді. Сосын терідегі тұз қабатын алып, жаңадан жағады. Осыдан кейін теріні ұзақ уақыт сақтауға болады. Қысқы уақытта шикізат мұздап кетпес үшін сақтанған жөн.


5 дәріс

Мех шикізаттарына сипаттама.

Mexтi өңдеудегі басты мақсат - мал терісінен алынған шикізаттан әртүрлі қажетті өнім алу. Барлық түрдегі шикізаттар мехтік өңдеуге жарамды болып табылады. Бipaқ әрқайсысының өзіне тән қасиеті бар. Сондықтан оны тұтас мехтік-мамық шикізат жіктемесі (классификациясы) дейді. Ол екі негізгі классификациядан тұрады: мамықты сою кезіндегі және оның өлшемі бойынша. Біз соңғы классификацияны пайдаланамыз. Ceбeбi, тepiні өңдеудің практикалық маңызы өте зор.

Mеxтiк шикізат ipi, орташа және ұсақ болып бөлінеді.

Ipi шикізатқа - қой, бұзау, теңіз мысығы, итбалық, түлен, қасқыр, ит және тағы басқалары жатады.

Орташа шикізатқа - қаракөл, елтірі, лақ, мерлушка, қоян, құндыз, түлкі, қара сусар және т.б. жатады.

Ұсақ шикізатқа - ала тышқан, көр тышқан, бұлғын және т.б. жатады.

Бipiншi топтағы терілердің ерекшелiгi – олардың ipi өлшемділігінде. Ipi терінің ең жақсы бөлігі - жота, құйымшақ тұсы және мойын. Негізгіде бүйір мен бауыр тepiciндегi жүн сиректеу. Бip терінің өзінде-ақ жүнді жабынның бағыты әртүрлі болуы мүмкін. Бұны пішкен кезде ескерген жөн. Енді кeйбip тері түрлерімен толығырақ танысамыз.

Мехтік қой тepici - қой және қошқар тepiлepi. Олар қырқылған және қырқылмаған болуы мүмкін. Өнім жасаған кезде табиғи түpдегі және қара, қоңыр, сұр, сарғыш және т.б. түске боялған қой тepiлерiн қолданады. Қой терісінен әйелдер мен балалар пальтоларын, жағалар, бас киімдер жасайды.

Сүт еметін бұзау тepici - әлі шөп жей алмайтын жас бұзау терілері. Қасқырдың терісін қыста аулап алады. Жүнді жабыны қалың, биік, әртүрлі жұмсақтықта және жібектей болады. Мехтің түci қара және ақшыл көктен қара жиренге дейін болуы керек. Одан бас киім, әйел және балалар пальтосын жасайды.

Орташа топтағы теpiлерді пішілуіне байланысты бірнеше топшаларға бөледі:

а) Қаракөл терісі - eлтipi, қаракөл, мерлушка, қаракөл-қаракөлше және басқалары.

б) Бағалы мамық мехтік тepi - қара күзен, бұлғын, сусар, күзен, түлкі, құндыз, кәмшат және басқалары.

в) Мысық, қоян, аңдардың тepiлepi.

Бұл тoптағы терілердің өлшемі әркелкі. Бip өнімге орташа есеппен 15-тен 40-қа дейін тepi кeтyi мүмкін. Бұйраланған топқа қозы, қойдың бағалы қаракөл тұқымы мен ірі қылшықты қойдың (бағалы) қозысының тepici жатады. Ең бағалы терілерге: қаракөл, қаракөл-қаракөлше, елтірі жатады. Осы топтағы терінің ерекшелігі жүнді жабыны құйымшақ тұсынан мойынына қарай бағытталған, бұйралығы да осыған сай келген. Бұйрасының тығыздығы, түpi, пішінi тepі сапасының негізгі көрсеткіші болып табылады. Тері бұйрасының түріне байланысты үш топқа бөлінеді: бағалы - валек, боб, гривка; арзаны - моншақ бұйра, ұсақ және ipi сақиналар, деформацияланған - берік бұйралар.

Валек - ең бағалысы. Олар қылшықтардан тұрады. Валектің қылшығы екі топқа бөлінеді: жабатын - ол бұйраның сыртқы бөлігінен тұрады және оның пішінін анықтайды, eкіншіci шығып тұратын - бұйраның iшкi бөлігi. Вальканың күштілігін жабатын қылшық бұйралық дәрежесін көрсетеді. Ол сақина пішініне қанша жақын келсе, сонша мықтырақ келеді. Егер қылшық доға тәріздес және бұйралығы аз болса, онда валек борпылдақ болады. Терінің әдемілігі мен бағалылығын валектің биіктігі, ұзындығы және ені арқылы анықтайды. Ені бойынша: енді (8 мм жоғары), орташа ( 4-8 мм) және қысқа (4 мм-ге дейін); ұзындығы бойынша: қысқа (12-20 мм), орташа (12-53 мм), ұзын (33 мм-ден жоғары); биіктігі бойынша: биік (енінін биік), жартылай дөңгеленген (биіктігі енімен бірдей), тегіс (енінен кіші). Орташа және ұсақ өлшемдегі жартылай дөңгеленген валька бұйра тepici - ең бағалысы болып болып саналады.

Боб - өте қатты қысқартылған валекті елестететін бұйра.

Гривка - орталығы сызықтан, eкi жағы да тіс бұрышпен таралатын бұйра қылшық. Олар симметриялы және ассиметриялы болуы мүмкін. Гривка ені бойынша: тарлау (4 мм -ге дейін), орташа (4-8 мм), енді (20-30 мм) және ұзын (30 мм жоғары) болады. Тар және ұзын гривкалы валек терісін кирпук дейді. Олар әдемі суреттегідей болады және жоғары бағаланады. Енділеу гривка терісі, бағалы болып саналады.

Домалақ тәрізді бұйра нeгiзгi бүгіліңкірек келген, ал жоғары жағында бұғақша пайда болады. Ұсақ сақиналы бұйра. Heгiзгi ақырындап берілген, жоғарғы жағы ұсақ сақина болып бітіп, тeгic тepiгe қарсы жатады. Ал ipi сақинада негізіндегі бұйрасы берілмеген. Олар ipi сақина түзеді және теріге қарсы орналасқан. Жартылай сақиналығының бұйрасы доға тәріздес болады.

Моншақ тәріздес бұйра спираль тәрізді бұйраланған. Олар қылшығы өсіп кеткен төменгі сорттағы қаракөлмен сәйкестеу. Ұлу тәріздес бұйралы терілер арзан бағалығы жатады. Киіз тәріздес орайы мен бұйрасы тepi тініне қысылған. Орайдағы бұйраның қылшықтары әр жаққа бағытталған. Бұндай терілердің бұйралары ұйпа-тұйпа болады. Қысылған бұйраларды «жабысқан қылшық» деп атайды. Бұйраның сапасын тығыздығы көрсетеді. Егер қылшықты алақанмен ұстаған кезде бұйраның биіктігін байқасаңыз, ол оның тығыздығы деп түсініңіз, ал беріктігі айтарлықтай болмаса, орташа тығыздықты, беріктігін мүлдем сезбесеңіз, онда тығыздығы нашар деп саналады. Енді біз осы топтағы терілерді жеке қарастырамыз.

Қаракөлше - бұл тұсақ пен бұғының төлінің терісі, олар жергілікті және таза тұқымды қаракөл қойларынан алынады. Бұл осы топтағы бағалы шикізат.

Қаракөл - бұл қаракөл тұқымды қойдың 1-ден 3 жасқа дейінгі қозысының терісі. Таза тұқымды қаракөлдің жүнді жабыны жұмсақ, жібектей жылтыраған болады. Жергілікті қаракөл арзандау бағалы шикізат, оның жүнді жабыны ірі, жібектігі аз және шыны түсті. Қаракөлден әйел пальтосын, пелерин, жаркет, палантин, ер адамның бас киімін және жағалар жасайды.

Мерлушка - бұл бірінші жүнді жабынды қозы терісі. Тұқымына байланысты орыс және қазақы болып бөлінеді. Орыс мерлушкасының жүнді жабынының пішіні боб, сақина-моншақ тәрізді болады. Бірақ таралған бұйрасыз мерлушкалар да кездеседі. Орыс мерлушкасының жүнді жабынының сапасы қазақы мерлушкадан жақсы. Мерлушканы қара, қоңыр, сарғыш түске бояйды. Негізінен ер адам пиджагін, бас киімдер жасайды.

Лақ - жүнді жабыны қара және қоңыр түске боялған және табиғи көкшіл-сұр түстегі ешкі төлінің терісі. Лақ терісін жүнді жабынының ерекшелігіне байланысты келесі топтарға бөледі:

Жағалық - ол талшықты жүнді жабынымен сипатталады, тегістелген лақтың терісі шыны түсті, ақшыл түсті жүнді жабынның биіктігі 4 см ден жоғары; жалаңаш жері де сирек, төмен, әлсіз байланатын жүнді жабыны болады. Лақтың терісінен әйел мен балалар пальтосын жасайды.

Лямка - ірі қылшықты тұқымды қойдың қозысының терісі, жүнді жабыны ұзын және қысқа, мөлдір түсті, биіктігі мен пішіні ұсақ және орташа көлемде болуы мүмкін. Лямканың жүнді жабынының әркелкілігінен қандай да бір өнім жасағанда бірдей тері алу өте қиын. Сондыктан лямкадан кішілеу өнімдер жасайды. Мысалы: бас киімдер мен балалар пальтолары.

Енді біз қымбат мамықтық терілерді қарастырамыз.

Жабайы және тордағы қара күзен терісі - жүнді жабынының түсі бойынша айтарлықтай өзгеше. Жабайы қара күзеннің екі түрі бар: европалық және америкалық.

Европалық қара күзен Европа елдерінде мекендейді. Америкалық қара күзен торда ұстау жағдайында өсіріледі. Қара күзеннің түсі қоңыр және ақшыл-қоңыр болып келеді, тіпті әртүрлі ашық-қарадан қара қоңыр түске дейін болуы мүмкін. Олар сұр, көкшіл-сұр, сарғыш, қара, қара дақты түсте болады. Жонарқа, құймышақ тұсы терілерінің жүнді жабыны - жылтыр. Бауыр терісінің жүнді жабыны сирек және қысқа. Қара күзенді көлемі бойынша: ұсақ тері (3-4,5 кв.дм.), орташа ( 44,5-6 кв.дм), ірі ( 6-8 кв.дм), ерекше ірі (8-9,5 кв.дм) және одан да ерекше (9,5 кв.дм - ден жоғары) деп бөледі.

Күзен, сусар, бұлғын терілерінің ерекшелігі - орайының ақ және сары түсті болуы, жүнді жабын бағытының әр жаққа қарай таратылуы және жұмсақ, қалың, жалтырауық жүнді жабыны мен тері тінінің жұмсақ әрі жеңілдігі болып табылады. Бұндай тері өте бағалы және де әдемі. Сондықтан осындай теріден палантин, пелерин, шарф, бас киімдер, кейде тон және мехтік пальто да жасайды.

Құндыз терісінің жүнді жабыны орташа биіктікте. Ол ірі, толық, жылтыр, қоңыр түсті, қалың, тығыз және қара - қоңыр мамықтан тұрады. Ең жақсысы бауыр терісі болып саналады. Мамықтың қылшығы қалың болады.

Сондықтан терілерді жонарқасы бойынша кесіп түтікпен сыпырып алады. Құндыздың мамығының қылшығы жұқа болады. Құндыз терісі қырқылған және қырқылмаған, боялған және табиғи түрде (боялмаған) қолданылады. Оны қоңыр, сарғыш, қара түске бояйды. Құндыздан әйел пальтосын, жағалар, бас киімдер және т.б. дайындайды.

Кәмшат және құндыз терілері керемет жылу сақтағыш қасиеттерімен ерекшеленеді. Жүнді жабаны тығыз, орташа қатты және әдемі келеді. Бұлардан ерлер мен әйел жағаларын, бас киімдер жасайды.

Түлкі терісінің өзіне тән топографиясы бар. Түлкінің: қызыл, қара, қоңыр және т.б. сан алуан түрі кездеседі. Осы барлық түрдегі түлкінің жүнді жабыныны қалыңдығы, ұзындығы және түсі бойынша ерекшеленеді. Терінің жеке бөліктерінде жүнді жабыны әркелкі: бүйірінде - қалың, ұзын, жұмсақ; құймышақ тұсында - ірілеу, ұзындау; бауыр терісінде - ұзын, бірақ сирек; бүйірмен салыстырғанда, жонарқада - қалың, ірі, қысқа болады. Аяқтарының ұзындығы орташа, бірақ төменірек келгенде қысқарып және іріленіп кететін қылшықпен қапталған. Құйрық жағының жүнді жабыны ұзын, қалың.

Қоян терісінің ең жақсы бөлігі - жонарқа мен құйымшақ тұсы, қылшығы мойынынан құйымшағына қарай бағытталған. Құйрығы мен құйымшақ тұсына қарағанда, бауыр мен бүйір терілерінде қылшық сирек болады. Қоян терісінен әйел пальтоларын, жағалар мен бас киімдер жасайды.

Міне, біз орташа көлемдегі мехтік терілерімен қысқаша танысып өттік. Енді үшінші үлкен топ - ұзақ көлемді терілерді талдаймыз. Қысты күні мех бағалы болып саналады. Ақ тиіннің бүйірі мен бауырында жүнді жабыны сирек, ақшыл түсті, тері тіні жұқалау болып келеді. Көлемінің кішілігіне қарамастан топографиясы әркелкі. Сондықтан пішу кезінде теріні жеке бөліктерге бөледі: төс, сан, аяқ және т.б. Сосын пластина қосады. Оны кейінірек өнімді тіккенде қолданады.
6 дәріс

Былғары шикізатына сипаттама.

Мүйізді ірі малдың терісі шикізаттың майда және ірі топтарына кіреді. Майда шикізатқа жататындар: өлі туған, сүт еметін және отқа ілінген бұзау терілері.

Өлі туған бұзау терісінің салмағы есепке алынбайды, терісі мех жасауға жарамайды. Терісінің ауданы 40—50 дм2 құйымшақ тұсындағы терінің қалыңдығы 1,2—1,4 мм, қыртыс қабаты қалыңдау, галантереялық былғары жасауға қолданылады.

Еметін бұзау терісінің салмағы есепке алынбайды, жынысына қарай бөлінбейді. Бұзауларды сою көктем мен жаздың басында жүреді, терілері тұздай құрғату арқылы консервіленеді.

Тері ауданы 40 — 90 дм2, қалыңдығы біркелкі жаңа сойған бұзау терісінің сауырындағы қалыңдығы 1,3—2,5 мм. Бір ерекшелігі ірі малға қарағанда, терінің емізікше қабаты қалыңдау. Бұзау терісінен аяқ киімнің жоғарғы бетіне былғары дайындайды.

Ірі малдікіне қарағанда жүні әлі қатаймағандықтан, иленген былғары бетіндегі табиғи бедері өте әдемі, майда болып келеді. Шикізат күйімен салыстырғаңда жарғақ пен дайын былғарыда сорттылық біраз төмендеу болады, себебі бұзау терісіндегі кейбір ақауларды (тұз дақтарын, сүт қыртыстарын, шандырлы терілерді) байқау қиынға түседі. Жоғары сортты желатин алу үшін бұзаудың бас терісі аса бағалы шикізат болып табылады.

Мүйізді ірі қараның майда шикізатының келесі түрі — отқа ілінген бұзау терісі. Жаңа сойылған кездегі салмағы 10 кг-ға дейін, аяқ киімнің жоғарғы бетінің былғарысын жасау үшін қолданылады. Белгілері: болашақ мүйіздің орны дүмпиіп біліне бастайды, терісі қалыңдау, бірак біркелкі емес, мойнында сүт қыртыстары біліне бастаған. Ауданы 60—150 дм2 қалыңдығы 1,5-3 мм. Өңделген былғары бетіндегі табиғи өрнек сүт емген бұзаудікіне карағанда онша майда және әдемі емес, ірілеу. Бұзауларды сою күзде басталады, қысқа таман ылғалды түздау арқылы консервілейді.

Мүйізді ірі қараның ірі шикізаты. Тана терісі — жаңа сойылған кездегі салмағы 10-нан 13 кг-ға дейін. Жақсы күтімде болған малдың 5—7 айлығында, ал кәдімгі жағдайда бағылған малдың 1—1,5 жасында терісі осыңдай салмаққа жетеді. Ауданы 120—250 дм2, қалыңдығы 2,5—3 мм, кейде 4 мм-ге дейін болады.

Тананы жазғытұрым немесе қыста сояды, терісін ылғалды тұздау арқылы консервілейді. Терісінің қалыңдығы онша біртегіс емес; аяқ киімнің жоғарғы бетте арналған былғары жасауға, юфть былғарысын пайдаланылады.

Өгізше терісі жаңа сойылған мал терісінің салмағы 13—17 кг аралығында ауданы 200 — 270 дм2 сауырының қалыңдығы 3-4 мм. Мойын терісі қалыңдау, сүт сызықтары теріде де, былғарыда да анық байқалады. Өгізше терісі аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары, ұлтарақтық және юфть былғарысын дайындауға қолданылады. Тайынша терісі, жаңа сойылған мал терісінің салмағы 17 кг-нан жоғары. Салмағына байланысты сиыр терісі жеңіл (17—25 кг); және ауыр (25 кг-нан жоғары) болып екіге бөлінеді.

Сауырының қалыңдығы 3,5—5 мм, қол терісінікі 2—2,5 мм, ауданы 300 — 570 дм2, тұрқы 1,75—2,2 м аралығында болады.

Тері құрылымы біркелкілеу. Аяқ киімнің жоғарғы жағы үшін былғары дайындауда юфть, ұлтан, ұлтарақ, ер-тұрмандық, техникалық және иленбеген шикі қайыс шығаруда қолданылады.

(17-25 кг) және ауыр (25 кг-нан жоғары) деп бөледі. Бұқа терісінің салмағы кейде 60 кг-ға дейін жетеді немесе одан да асып кетеді. Ауданы 550 -600 дм, тері қалыңдығы біркелкі емес, сауырының қалыңдығы 4,0—4,5 мм, мойнының қалыңдығы 4—6 мм және одан да жоғары. Терісінен ұлтандық, иленбеген қайыс, техникалық былгары дайывдалады, ал жеңіл теріден ұлтарақтық былғары шығарылады.

Сиыр терісі — жаңа сойылған мал терісінің салмағы 13 кг-на жоғары. Салмағына байланысты сиыр терісін жеңіл (13—17 кг), орташа (17—25 кг). және ауыр (25 кг-нан жоғары) деп бөледі. Ауданы 200 — 450 дм2, қалыңдығы жеңіл салмақтысынікі 2,5—4 мм, орташасыныкі 3—4,5 мм, ауырыныкі 3,5—5 мм.

Терісі біршама тегістеу, бірақ көп бұзаулаған сиырдың терісі қарын жағы созылған, біраз ақаулы болып келеді. Сиыр терісі аяқ киімнің жоғарғы бегіне арналған былғары және юфть шығаруда қолданылады, бағалы аяқ киімнің үсгіңгі бөлігіне арналған былғары шығаруға іске асатын тілінді алынады. Одан басқа сиыр терісінен ұлтан, ұлтарақтық, ер-тұрмандық, техникалық және иленбеген қайыс шығарылады.

Енді өңдеу үрдісіне келуімізге болады. Мехті өңдеу кезіндегі ең негізгі іс - колаген талшығынан тұратын өзеңмен жұмыс істеу болып табылады. Колаген суда ерімейді, бірақ көп мөлшерде ылғал сіңіре отырып, ісінеді. Суға ас тұзы, қышқыл, сілті қосқан кезде колагеннің ісіну дәрежесі өседі. Мехті өңдеудегі негізгі мақсатымыз - колаген борпылдақтану үшін химиялық заттар мен концентрацияларын тағайындау, тері жұмсақ болуы керек, ал колаген келесі ертінділерде қабыршақтанбау керек. Бұлай болмаса тері беріктігінен айырылады. Мехті өңдеу үрдісі келесі операцияларға бөлінеді: жібіту, шелдеу мен уату, пикельдеу, илеу, майлау, уату.



7 дәріс

Жібіту үрдісі

Мех және былғары шикізаттарын сумен өңдеуді - жібіту деп атайды. Жібітудің мақсаты - шикізатты сулану дәрежесі және микроқұрылымы жағынан мал денесінен жаңа сыпырылған күйіне мейлінше жақындату, яғни «жас тері» қалпына жеткізу.

Егер тері консервілегеннен кейін тұрып қалған болса, теріні міндетті түрде жібіту керек. Жібіту жеңіл көрінгенмен, күрделі және маңызды операция, ол терінің сапасына әсер етеді. Келесі операцияларды қанша сапалы істеп, жібітуді нашар орындаған болсаңыз, тері бәрібір ірі, іші қатты және онымен жұмыс істеу жағдайы ыңғайсыз болады. Жібітуді орындамас бұрын терідегі кір, қан, тұз және ерігіш ақуыздар (альбуминдер, глобулиндер) кетіріледі. Жібіту дұрыс жүргізілген кезде шикізаттардан ақуыздық заттарды аз шығындай отырып, толық және бірқалыпты суландыру қамтамасыз етіледі, сонымен қатар шикізаттардан мүмкіндігінше барлық натрий хлоридін және басқа да консервіленген заттарды кетіріп, шикізаттарды бактериалдық әсер етуден қорғауды қамтамасыз ету керек (әсіресе мех терілері үшін).

Жібіту үрдісінде жеткіліксіз және бірқалыпсыз суландырылған тері, басқа үрдістерді жүргізгенде терінің беткі қабатының тартылуына немесе қатты болуына себеп болуы мүмкін. Бірқалыпсыз суландырылған мех терілері жеткіліксіз созымдылыққа ие болуы мүмкін. Жібіту кезіндегі ақуыздық заттардың өте көп шығын болуы былғары құрылымының босаңқы болуына алып келеді. Мех және былғары шикізаттарын жібіту үрдісі, әдетте мынадай реагенттердің қалыптасуымен жүргізіледі: натрий хлориді, натрий корбанаты, әртүрлі беткі белсенді заттар (ПАВ), натрий гексафтормиликаты, қалий хлориді.

Бұл реагенттерді жібітетін суға не жібітуді жеделдетуге көмек ретінде немесе бактерияның өсіп-өнуін тоқтататын антисептиттік заттар ретінде қосады. Натрий гексафторсиликаты ең көп тараған антисептикке жатады. Кейбір кезде аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне қолданылатын былғарыны өндіру үшін, әсіресе қой мен ешкі терісін қолданылғанда жібітетін суға жібіту соңында кальций гидроксидін қосады.

Жібіту үрдісінде температураны үрдістің ұзақтылығы, жібітетін сұйықтың рН-ын және оның құрамындағы аз тұзының бактериалдығын, жібітуден кейінгі шикізаттардың серпімділігін және суландырылған дәрежесін бақылайды. Мақсатқа сәйкес, зертханалық (лабораториялық) жағдайда, оқтын-оқтын терінің әр қабатының суландырылу дәрежесі тексеріледі. Жібітетін сұйықтықта жоғарғы мөлшерде азотты заттар болса, онда терінің бүлінгендігін дәлелдейді. Жібітуден өткен терінің бар ауданы жұмсақ болуы керек, кескен кезде кесінді ақшыл-күңгірт түсте болып, терінің ылғалдылығы 67% төмен болмауы керек. Мех пен былғары шикізаттарының сулану дәрежесін кептіру әдісімен анықтайды.

Жібітуді орыңдағаңда келесідегідей талаптарды ескеру қажет:

1. Судың сапасы мен температурасы. Біріншіден су таза, жаңа және ағын судан алынған болуы керек. Әйтпесе, тұрып қалған судағы шіріткіш бактериялар терінің белок сапасын бұзады. Екіншіден, ең жұмсақ немесе орташа кермектікте болғаны дұрыс. Өте кермекті су тұздың үлкен концентрациясын қажет етіп, ерімейтін әктік сабын түзеді, ол теріні баптауға бөгет жасайды. Егер сізде өте кермекті су болса, оған әлсіз сілті немесе калъциленген сода қосьп, жұмсартыңыз.

Су температурасы 10о-20оС болу керек. Төменгі температурада жібіту баяу жүріп, тері сапасын төмендетеді, ал жоғары температурада- тезірек өсіп, шіріткіш бактериялар көбейеді.



2. Судың мөлшері. Судың мөлшері жібітіп жатқан теріден 6-7 есе көп болады.

3. Өлтіргіш заттар. Суланған теріде тез және шіріткіш бактерияларды көбейтпеу үшін өлтіргіш заттар қолданады. Үй жағдайында өлтіргіш зат ретінде ас тұзын пайдаланды. Бірақ керекті концентрациясын білген жөн, әйтпесе шіріткіш бактериялар керісінше көбейіп кетеді, 1 л суға 30-50 г тұз қажет. Жібітуді тездету үшін басқа да өлтіргіштер ретінде - сілтіні, өте қатты кептірілген шикізатқа әлсіз сілті (кальциленген сода, аммиак бұлар 1 л суға 1г кетеді) пайдаланады. Тері біркелкі ылғалдану үшін жүйелі түрде араластырған дұрыс.

Мех және былғары шикізаттарын сумен өңдеуді: жібіту деп атайды. Жібітудің мақсаты - шикізатты сулану дәрежесі және микроқұрылымы жағынан мал денесінен жаңа сыпырылған күйіне мейлінше жақындату.

Жібіту үрдісінде, шикізаттан консервіленетін заттар, қан, былғаныш заттар және ерігіш ақуыздар (альбуминдер, глобулиндер) кетіріледі. Жібіту дұрыс жүргізілген кезде шикізаттардан, ақуызды заттарды аз шығындай отырып, толық және бірқалыпты суландыру қамтамасыз етіледі сонымен қатар шикізаттардан мүмкіндігінше барлық натрий хлоридін және басқа да консервіленген заттарды кетіріп, шикізаттарды бактериалдық әсер етуден қорғауды қамтамасыз ету керек (әсіресе мех терілері үшін).

Жібіту үрдісінде жеткіліксіз және бірқалыпсыз суландырылған тері басқа үрдістерді жүргізгенде терінің беткі қабатының тартылуына немесе қатты болуына себеп болуы мүмкін. Бірқалыпсыз суландырылған мех терілері жеткіліксіз созымдылыққа ие болуы мүмкін. Жібіту кезіндегі ақуыздық заттардың өте көп шығын болуы былғары құрылымының босаңқы болуына алып келеді. Мех және былғары шикізаттарын жібіту үрдісі, әдетте мынадай реагенттердің қалыптасуымен жүргізіледі: натрий хлориді, натрий корбанаты, әртүрлі беткі белсенді заттар (ПАВ), натрий гексафтормиликаты, қалай хлориді.

Бұл реагенттерді жібітетін суға не жібітуді жеделдетуге көмек ретінде немесе бактерияның өсіп-өнуін тоқтататын антисептиттік заттар ретінде қосады. Натрий гексафторсиликаты ең көп тараған антисептикке жатады. Кейбір кезде аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне қолданылатын былғарыны өндіру үшін, әсіресе қой мен ешкі терісін қолданылғанда жібітетін суға жібіту соңында кальций гидроксидін қосады.

Жібіту үрдісінде температураны үрдістің ұзақтылығы, жібітетін сұйықтың рН-ын және оның құрамындағы аз тұзын бактериалдығын, жібітуден кейінгі шикізаттардың серпімділігін және суландырылған дәрежесін бақылайды. Мақсатқа сәйкес, зертханалық жағдайда, оқтын-оқтын терінің әр қабатының суландырылу дәрежесі тексеріледі. Жібітетін сұйықтықта жоғарғы мөлшерде азотты заттар болса, онда терінің бүлінгендігін дәлелдейді. Жібітуден өткен терінің бар ауданы жұмсақ болуы керек, кескен кезде кесінді ақшыл-күңгірт түсте болып, терінің ылғалдылығы 67% төмен болмауы керек. Мех пен былғары шикізаттарының сулану дәрежесін кептіру әдісімен анықтайды.



8-9 дәріс

Шелдеу үрдісі

Тері әбден суланғаннан соң, оның майлы және бұлшық ет қабаттарын біріктіретін тін талшықтар мен шел қабаттарын шелдейді. Бұл үрдіс «шелдеу» деп аталады. Шелдеу екі рет жүреді: бірінші жібітуден соң, екінші илеуден кейін. Бірінші шелдеу пикельдеуге теріні дайындайды, жақсы иленген тері қышқыл мен ас тұзы ертіндісін жақсы сіңіреді. Шелдеуге қарапайым пышақ және арнайы доға тәріздес пышақ, қозғалмайтын пышақ қолданылады. Терінің ұзындығы, сосын ені бойынша бүктейді де, пышақка әкеліп, алдыға артқа қозғалта отырып шелін алады. Үшінші әдістегі пышақ керісінше жоғары қаратылған. Теріні майсыздандыруға қолданатын құралдармен де шелдеуге болады. Лезвия және басқа да барлық құралдардың өткір болғаны дұрыс. Қозғалатын құралды қолданғанда теріні стол және тақтайға шегемен бекітіп қояды. Шелдеудің екі әдісі бар: «кесу» және «қырқу». Бірінші әдіс өткір құрал көмегімен орындалады. Бұл әдіс кезінде терінің шел жақ май қабатын лезвиямен кесіп алмау керек, ол үшін ұқыпты және мұқият жасаған дұрыс. Қырқу әдісінде шел жақ май қабатын қырқып, сосын жартылай өткір құралмен өзеңнен бөлектейді.



Жас терімен жұмыс істегенде, кейде қабыршағын айыру қиынға түседі. Бұндай жағдайда теріні кішкене борпылдақтандыруға болады. Бұл үшін терідегі еттерді тазартып, терінің, бахтармасын аздап жуып, бахтарманы бахтармаға беттестіріп, қосақтайды, оның көбірек тұрғаны жақсы. Бұл операция сәтті өту үшін, 15 қосақталған теріден аз болмау қажет. Сосын теріні тығыздау үшін үстіне жүк қойып, 20-40 сағатқа қалдырады. Шеберханада төмен температура және тері аз болса, престе көбірек ұстайды. Жылудың әсерінен бахтарма созылады да, шелдеу оңай жүреді. Толық созылған бахтарма кірлеу сұр түске боялады. Егер аз тері өнделіп жатса, оны қосақтап қоюға болмайды, теріні жайған бойы 20-30 сағаттай суда қалдырады.

Шел қалдығы құрамында колаген бар екенін ескеріп, одан желім жасауға болады.


Жүнсіздендіру және күлдеу

Жүнсіздендіру үрдісі (терінің түкті жабынын кетіру) екі сатыдан тұрады:

1. Алдын-ала жүннің және терінің беткі қабатының қыртысының өзеңмен байланысын әлсірету;

2. Жүнді жүн алатын машина арқылы механикалық жолмен алып тастау.

Жүнсіздендірудің бұл әдісі көбінесе жүні мол майда шикізаттардан (ешкі, қой, терілері) хромдық, сонымен қатар юфть және аяқ киімнің астыңғы бөлігіне арналған былғары өндірісінде де қолданылады.

Түк пен қыртыстың өзеңмен байланысын алдын-ала әлсірету үшін химиялық немесе ферментативтік әдістер жүргізіледі. Химиялық әдістермен жүннен арылту кезінде, (шикізаттарды сілтілік реагенттермен өңдеу) терінің астар жағына жағатын қоспаны немесе жүннен арылту мен күлдеудің біріккен әдістерін пайдаланады.

Жүнсіздендірудің басқа әдісі - жүн түгін бір жола жою (еріту). Химиялық әдіс арқылы түктің өзеңмен байланысын әлсірету немесе түкті түгел жою кезінде жүннен химиялық реагенттермен әсер ету, түктегі кератиннің дисульфидті байланыстары арқылы жүргізіледі.

Шикізаттардың ферменттер арқылы жүннен арылту негізіне қыртыс пен өзеңнің арасындағы кейбір ақуыздарды (мукоид, альбулин, глобулин) еріту жатады. Сол себепті түк пен өзеңнің байланысы әлсірейді. Күлдеу үрдісінде өзең, өзара байланысқан көптеген өзгерістерге ұшырайды. Күлдеу сұйықтарының құрамдас бөліктері өзеңнің ақуыздарымен өзара химиялық байланысады, колагеннің құрылысындағы кейбір молекулалар арасындағы байланыстардың бірен-сараны қайтымсыз бұзылады, өзең қатты ісінеді, өзеңнің талшықтары арасындағы ақуыздар ерітіндіге ауысады, шикізаттарда аз мөлшерде болатын табиғи май сілтілік реагенттердің әсері етуімен көпіршіктенеді. Осының нәтижесінде, өзеннің микроқұрылымында және одан өңделген былғарының қасиетінде мәнді өзгерістер болады. Қазіргі кезде ірі қара мал терісінен аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған хромдық былғары өндірісінде біріккен күлдеу және жүннен күйдіру арқылы арылту әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдістер былғары шикізаттарын жібітуден кейін құрамына натрий сульфиді, кальций гидроксиді және аммоний сульфаты бар (рН туралау үшін) сілтілік ерітіндісімен өндейді. Күлдеу үрдісінде, күлдеу сұйықтығының құрамындағы кальций гадроксиді, натрий сульфиді, сұйықтықтың ортақ сілтілігі және оның температурасы жүйелі түрде бақыланады. Күлдеу сұйықтығындағы құрамында азоты бар заттардың мөлшері оқтын-оқтын тексерілуі қажет.



Теріге жағылатын натрий сульфиді және кальций гидроксиді қоспасын талдау. Алдымен натрий сульфидінің мөлшерін анықтайды 10 см3 жағылатын қоспаны алады да сыйымдылығы 250 мл өлшемі бар шыны ыдыста қайнаған тазартылған сумен араластырады. Алынған аналитикалық ерітіндіні сүзіп одан титрлеу үшін 25см3 -ді алады. Титрлеуді, натрий сульфидінің мөлшерін жібітетін суда анықтағандай, натрий нитропрусидінің қатысуымен жүргізеді.

Натрий сульфидінің мөлшері, г/л, мына теңдеумен анықтайды:



Содан соң кальций гидроксидінің мөлшерін анықтайды. Әдетте оның мөлшерін жағылатын қоспаның тығыздығы арқылы бақылайды, ол 1,35 - 1,40 см3 аралығында болу керек.



Натрий сульфиді мен кальций хлоридінен тұратын жағылатын қоспаны талдау. Алдымен натрий сульфидінің мөлшерін анықтай 10 см3 ұқыпты түрде араластырылған жағылатын қоспаны сыйымдылығы 150 мл өлшемі бар шыны ыдысқа салып, белгіге дейін тазартылған су құйып араластыра. Сұйытылған ерітіндіден 5 см3 алып натрий нитропруссиді индикаторының қатысуымен 0,1 н гексацианоферрат (ІП) калий ерітіндісімен көк түстен сарыға ауысқанға дейін титрленеді. Натрий сульфидінің мөлшері, г/л,

бұл жерде: а1 - титрлеуге кеткен 0,1 гексацианоферрат калий (III) ерітіндісінін көлемі, см3, К1 - гексационафферрат калий (ПІ) титріне түзетпе.

Содан соң кальций хлоридінің мөлшерін анықтайды. Сұйытылған ерітіндіден 5см3 жағылатын қоспаны алады да фенолфталеин индикторының қатысуымен 0,1 н күкір - қышқылының ерітіндісімен түссіз деңгейге дейін титрлейді. Ерітіндінің түсі 3 мин дейін пайда болмау керек. Кальций хлоридінің мөлшері, г/л

бұл жерде: а2 - титрлеуге кеткен 0,1 н күкірт қышқылы ерітіндісінің көлемі, см3; К2 - күкірт қышқылының титріне түзетпе.



Күлдеу сұйықтығын талдау. Күлдеу сұйықтығынан кальций гидроксидінің мөлшерін және оның сілтілігін анықтаудан бұрын талдауға әзірленген ерітіндіні мыс торшадан (сеткадан) немесе марлі арқылы сүлгіден өткізеді. Күлдеу сұйықтығынын негізділігі кальций гидроксиді немесе тотығының мөлшері арқылы беріледі. Олар әртүрлі қоспаларды (жүн, шел т.б.) ұстап қалады да, тек әк бөлшектерінің өтуіне ғана кедергі жасамайды. 10 см3 жақсы араласқан күлді сұйықтықты шыны түтікпен конус формалы шыны ыдысқа ауыстырады да, фенолфталейннің қатысуымен 0,1н. тұз қышқылының ерітіндісімен түссізденгенге дейін титрлейді.

X1 кальций тотығының мөлшері және X2 кальций гидроксидінің мөлшері немесе сілтілігі, г/л, мына формулалар бойынша анықталады:

;

Жалпы сілтілікті анықтау кезінде, титрлеуге индикатор ретінде фенолфталейнді емес, метил қызғылтын пайдаланады. Фенолфталейнмен титрлеу кезінде тек қана калий гидроксидінің мөлшерін емес, сондай-ақ сульфидтердің мөлшерінің де жарымы анықталады. Натрий сулъфидінің қатысымен кальций гидроксидінің мөлшерін дәл анықтау үшін, оның 1л күлді сұйықтықтығының жалпы мөлшерін осы ерітіндідегі калий тотығына есептегендегі, натрий сульфидінің мөлшерінің жарымын алып тастайды.

Мысал: 25 см3 күлдеу сұйықтығын титрлеуге 8,4см,3 0,1 кальий гексацианоферратының (Ш) ерітіндісі, ал 10 см3 титрлеуге кеткен кальций гидроксиді мөлшерін анықтағанда 26,2 мл 0,1н. тұз қышқылы ерітіндісі кетті.

Кальций гидроксидінің мөлшері мына теңдеуімен есептеледі:

г/л.

Күлдеуден кейінгі жартылай фабрикаттың сапасын бақылау. Жарғақтың күлденгендігін оның серпімділік дәрежесіне қарай бағалайды, яғни жарғақтың беткі жағын саусақпен басқан кезде із қалмауы керек. Сонымен қатар, жота сызығы бойынша сауыр бөлігінен алынған тілік біркелкі және жартылай мөлдір болуы керек.

Жартылай фабрикаттың күлденгендігі өзеңнен алынған тілікті ферменттерде еру жылдамдылығы арқылы сипатталады, сондықтан ферментті термиялық әдіспен анықтайды. Өзеңнің тілігі қаншалықты тез ерісе, соншалықты оның күлденгендігі жоғары. Жарғақтың күлденгендігін бұл әдіс бойынша былай анықтайды: кез-келген партиядан 3 дана жарғақ тандап алады да, сауырдың стандартты учаскесінен өлшемі 3х5 см тең сынықтарды кесіп алады.

Алынған сынықтарды өлшемі 10х6 мм тең бөліктерге бөлшектеп, сұйық көмір қышқылының көмегімен беткі қабатын мұздататын микротомда мұздатып, одан қалыңдығы 30 мкм тілік жасайды. Анықтауға керекті тіліктерді өзеңнің ортасынан (торлы қабаттан) алып, суы бар шыныаяққа салады. Өзеңнің төменгі бөлігінен алынған тілікті анықтауға алмайды.

Әрбір сынақтардан үш тілікті 15 см3 панкреотин сығындысы бар шыны стаканға салады. Оны дайындау үшін 0,15г панкреотинді 30 мин аралығында, 15 см3 27оС температурада тазартылған суда ұстайды. Содан соң сығындыны сүзіп, оған 1,5 см3 5% натрий хлориді ертіндісін қосады.

Тіліктер және сығынды бар стакандарды алдын-ала, аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғарының жарғақтығын анықтау үшін 57оС дейін қызырылған, юфтке арналған жарғақтың күлденгендігін анықтау үшін 55оС дейін қыздырылған, ал бұзау терілерінен хромдық былғарыға арналған жарғақтың күлденгендігін анықтау үшін 54оС дейін қыздырылған су моншасына қояды. Колагеннің еру үрдісін бақылау үшін, тілік алынған стакандарды әлсін-әлсін су моншасынан алып бақылайды. Тіліктер майда бөлшектерге ыдырайды, ал олар өзінше шоқ таяқтарына бөлінеді. Соңғылары ферментті-термиялық әсерден нүктелік массаға айналғандай жіңішкеріп, көп ұзамай мөлдір сығынды түріне келеді (талдаудың соңы).

Жарғылықтың күлденгендігін анықтау үрдісі кезінде мынадай жағдай болуы мүмкін: негізгі тіліктердің массасы ерігенмен, ерітіндіге айналмаған жіңішке жолақтар қалады (бұл кезде талдауды қайта жүргізу керек). Бұл мынадай себептерден болады:

Мұздатқыш микротомда тіліктерді дайындау кезінде үлгілердің бірқалыпты тілінбеу салдарынан, (мысалы біркелкі тоңазытылғандықтан) ұстара торлы қабатпен қатар емізікше қабатының бір бөлігі немесе тері асты шел қабатының бөлігін алып кету мүмкін. Бұндайдан аулақ болу үшін талдаудың алдында тірліктерді микроскоппен тексеру керек.

Торлы қабаттың тіліктерін, колагенді шоқтардың бірімен-бірінің күшті өрленуімен шаш тамырларының болмауынан, эпителиалды құрылымның және көп жағдайда қан тасығыш түтіктердің болмауынан оңай тануға болады. Тері астындағы клеткалардың тіліктерінен колагенді талшықтар едәуір жіңішке, оның керілуі, өрілуі онша анық емес, қан тасығыш түтікшелер өте үлкен. Торлы қабаттың тіліктері кератиннің қалдықтары және талшық қалтасы арқылы оңай танылады. Талдау кезінде мынадай жағдайлар да болуы мүмкін: негізгі колагенді масса ерігенмен, бірен-саран, көп уақытта ертіндіге айналатын талшықтар алады. Бұл ретикулді құрамындағы талшықтар, олар фермент әсеріне берік келеді, сондықтан оларға еру ұзақтығын белгілеу кезінде назар аудармау керек. Егер ерімеген талшықтар колаген талшықтары емес пе екен деген күмән болса, онда былай жасайды.

Негізгі колагендік тілік массасының еру уақытын белгілеп, қалған талшықтарға одан ары ыстықпен әсер етеді. Егер 10 мин аралығында осы көрініс өзгермесе, онда еру ұзақтығына негізгі массасының еру уақытын қабылдайды. Егер талшықтар ерісе, онда еру ұзақтығы массасы мен талшықтардың еру уақытының қосындысынан құралады.

Төменде, колагеннің еру ұзақтығымен сипатталатын, жарғақтың күлдену мөлшері келтірілген, мин:

бұзау терісі 25-35;

23-ші бөлік өлшемі 35-40;

24-ші және 3-ші бөлік өлшемі 40-50;

4-ші бөлік өлшемі 50-60;

тана терісі 50-65.

Қажет болғанда жарғақтағы ылғал, су, ақуызды заттар мөлшерін химиялық талдау арқылы анықтауға болады. Оларды шикізатты немесе былғарының химиялық талдау кезіндегідей әдістермен жүргізіледі.

Күлденуден кейін жартылай фабрикатты гистологиялық бақылау, микроскоптың көмегімен жүргізіледі. Өткір ұстарамен жарғақтың жал бөлігінен алынған өлшемі 2x2 см үлгіні, өлшемі 10x3 мм тең бірнеше бөлікшеге бөліп, оларды фиксация үшін екі тәуелікке 10% формалин ерітіндісі бар банкаға салады. Жарғақтың 2-3 бөлікшелері үшін 100 см3 формальдегид ерітіндісін алады. Бекітілгеннен кейін үлгілерді сумен жуады да, тоңазытқыш микротомда қалыңдығы 30-40 мкм тіліктер жасайды, содан кейін оларды гемотокселинмен және экозинмен бояйды, құрғатады, заттық шыныға ауыстырады және беті шынымен жабылған самырсын шайырының ішіне енгізеді. Содан соң микроскоппен қыртысты-кератиндік құрылымының жоғалуын немесе жойылу дәрежесін және талшықтарға бөліну белгілері мен колагенді шоқтардың жай-күйін байқайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет