1. Дүниетаным, оның құрылымы және тарихи түрлері


Георга Вильгельм Фридрих Гегелдің философиялық тұжырымы. Диалектика, негізгі қағидалары және категориялары



бет17/34
Дата30.11.2022
өлшемі80.85 Kb.
#466129
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
1. Д ниетаным, оны рылымы ж не тарихи т рлері

22.Георга Вильгельм Фридрих Гегелдің философиялық тұжырымы. Диалектика, негізгі қағидалары және категориялары
Георга Вильгельм Фридрих Гегель кез келген философиялық білім нақты проблемаларды негіздеумен қатар, тарихи мұқтаждыққа қарай жүріп келе жатқан бір жүйенің дамуы кезеңінде белгілі рөлге ие болатының айтты. Егер философия ілімі үздіксіз даму үстіндегі тарихи жүйе болса, онда оның маңындағы нақты проблемалар -ғылыми дамудың негізгі құрамдас бөліктері болып саналады. Үздіксіз тарихи дамудың нәтижесінде проблемалар үнемі өзгеріп, жаңадан туындап отырады, ал ескілері заман талабына сай келмей ығыстырыла береді. Мұның барлығы философияның өзіндегі ішкі өзгерістермен тығыз байланыста көрінеді. Ал жаңа буын өз заманының талабына оңтайлы шешім іздейді. Яғни, Гегельдің ойынша, философия — өткен кезеңді , тарихты оймен шолу болып табылады. ОЛай дегенмен де,Гегель тарихқа өткен шақ ретінде қарамайды, ол оны үздіксіз жалғаса беретін жүйе ретінде бағалайды.Гегель философиясында диалектика ұғымы маңызды рөл атқарады. Ол үшін диалектика дегеніміз - бір анықтаманың екінші анықтамаға ауысу, яғни олар өз өздерін жоққа шығарады. Демек, диалектика, Гегельдің ойынша, “ойдың кез-келген ғылыми дамуының қозғаушы жаны және ғылымның мазмұнына имманентті байланыс пен қажеттілік енгізетін бірден-бір принцип” болып табылады.
23.Л.Толстойдың өмірдің мәні туралы ілімі.
Толстой өзінің айналасындағы адамдардың өмір сүру салтын, мақсаттарын және ақыл-ой деңгейін бақылап оларды өмірдің мәні туралы ойлану қабілеттеріне қарай 4 топқа бөлді:
Ештеңе білмеу жолы — бұл өмірдің қатігездікке толы және мәнсіз екендігін білмей, түсінбей өмір кешетіндер. Бұл топқа өте ақылсыз адамдарды жатқызды.
Эпикур жолы — өмірдің үмітсіз, өтпелі екендігін түсініп, қолында бардың пайдасы мен қызығын көріп қалуға тырысатындар тобы.
Күш пен энергия жолы — өмір мәнің таппай,сол себепті оны жою қажеттілігіне көздерін жеткізіп, өзін-өзі өлтірушілер.
Әлсіздік жолы — өмір мәні жоқтығын біле тұра, өмірдің ағынына еріп өмір сүретіндер тобы.
Өмірдің мәні туралы философиялық ойлары әрбір саналы адамды ойландыра алады.Өйткені Толстой адамдарды Адамгершілікке шақырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет