1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы


Әдеби процесс және әдеби бағыт-ағымдар, әдеби мектептер



бет12/52
Дата26.10.2022
өлшемі233.12 Kb.
#463361
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52
1. дебиет теориясы ылымыны діснамалы а идалары дебиет тео

18. Әдеби процесс және әдеби бағыт-ағымдар, әдеби мектептер
Әдеби бағыт, әдеби процестің көркемдік-эстетикалық ұстанымдарын құрайтын түсініктер. Әдеби ағымдармен әдеби мектептердің бірімен-бірі пікір алмасып, дамуы - әдеби процестің заңдылығы болып саналады. Әдеби бағыт ағымдар мен мектептерге тән ортақ рухани мазмүндағы көркем ұстанымдардың негізгі шарттарынқамтиды. Көбіне аталған терминдер синоним ретінде де қолдануы мүмкін. Әдеби бағыт көбінесе көркемдік әдіс, стиль орнында қолданылады. Еуропалық әдебиет тарихындағы болған белгілі бағыттар: ренессанстық реализм бағыты, барокко, классицизм, ағартушылық реализм, сентиментализм, романтизм, сыншыл реализмы, модернизм, соцреализм постмодернизм. Натурализм, символизм, маньеризм, рококо, импрессионизм, экспрессионизм, экзистенциализм әдеби ағымдар болып саналады.
Әдеби ағымдар (ағылш. literary movement, фр. mouvement littéraire, нем. Literaturrichtung) — дүниеге көзқарасы, шығармашылық әдісі, бағыты, тақырыбы, жанры мен стилі жағынан бір-біріне жақын шығармашылығын айқындайтын көркемдік, эстетикалық принциптер жиынтығы. Кей жағдайда бір әдеби ағымға жататын қаламгерлердің дүниетанымы, идеологиялық, суреткерлік концепциясы әр түрлі болуы да мүмкін. Мысалы, романтикалық әдебиет өкілдері Джордж Байрон, Адам Мицкевич секілді жазушылар қоғамдық құрылысты түбегейлі өзгертуді ұстанса, А. Ламартин, Василий Жуковский дінді, Эрнст Гофман өнерді уағыздады. Бұл әр қаламгердің шығармашылық стилинің өзіндік ерекшелігінен туындайды.
Бір әдеби ағымның ішінде бірнеше әдеби мектеп болатыны да осыдан. Әдеби ағымдар көркем әдебиеттің қоғам өміріндегі ықпал-әсері кеңейіп, жазушының суреткерлік дүниетанымы мен шығармашылық поэзиясы даралана бастаған кезде пайда болды.
Әлем әдебиетіндегі әдеби ағымдарды

  • қайта өрлеу,

  • барокко,

  • классицизм,

  • ағартушылық әдебиет,

  • сентиментализм,

  • романтизм,

  • реализм,

  • натурализм,

  • символизм деп бөлуге болады.

Бүгінгі әдебиетте әдеби бағыттар мен әдеби ағымдар көптеп саналады. Классицизм, сентиментализм, авангардизм, символизм, экзистенц иализм секілді әдеби бағыттардың әрбірні ерекше зерттеуді қажет етеді. Бұл бағыттар әдебиеттің проза, поэзия, драма жанрында көптеп кездеседі. Лирикалық жанрлардың да өзара түрлері бар. Бұл түрлер көрсетпек болған өмір құбылыстарын қалай суреттеуі, ақыннын көңіл-күйі қалай берілуіне байланысты. Бұл жанрға тән ақынның дүние танушылығы, көзқарасымен өзінің ішкі сезімін, күйініш-сүйінішін дайым ұштастыра жырлау десек, айырмасы, қалай жырлауында ғана. Кейде шаттық, қуаныш, асқақтықты білдірсе, кейде мұң, зарды, кейде көңілдің бижай қоңыр күйін сездіруі мүмкін. Бар адамды бір адамның (ақынның) «қуанышымен қуантып, қайғысымен қайғыртар, шаттығына бөлеп, үмітімен таныстырар, құлағымен есіттіріп, тілімен сөйлер…» (Белинский) лирика дегеніңіз осы ғой!.. Тек ақын талантты болсын да … ірі болсын, қолынан келсе, ұлы болсын! «Ұлы ақын, — дейді Белинский, -өзі туралы, өзінің жеке мені туралы айтса, — жалпы жұрт туралы айтса, — жалпы жұрт туралы, бүкіл адам баласы туралы айтқаны; өйткені оның тұлғасында жалпы адам баласына тән күллі қасиеттің бәрі бар».
Міне, осы сипаттарына қарап, лирикалық жанр әлденеше түрлерге бөлінеді. Олардың ода, элегия, сатиралық лирика, сонет, мадригал деген түрлеріне тоқталамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет