2016 жылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



жүктеу 54.69 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі54.69 Kb.

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №3631 қаулысы


2016 жылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2016 жылы жұмыссыздарға ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін.

2. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақысы жергілікті бюджет қаражатынан нақты жұмыс істеген уақыт үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі жалақының екі есе мөлшерінде белгіленсін.

3. «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісінің негізінде жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақысына, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарына, әлеуметтік салыққа, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдеріне, жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтері үшін комиссиялық сыйақыға жұмсалатын шығындарын өтесін.

4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру уәкiлеттi орган мен қаулыға қосымшада белгіленген ұйымдар арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген талаптар бойынша жүргізілсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

Қостанай қаласының әкімі Б. Жақыпов

Қаулы Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 қаңтарда №6119 тіркелді



Қостанай қаласы әкімдігінің

2015 жылғы 30 желтоқсандағы

№3631 қаулысымен бекітілген


2016 жылы жұмыссыздарға ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері






Ұйымдардың атауы

Жұмыс түрлері

Жұмыс көлемі,

сағатпен


Жұмыстардың нақты жағдайлары

Еңбегіне төленетін ақының мөлшерлері мен оларды қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

1

«Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің спорт сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін аумақтарды абаттандыруға көмек көрсету.

1280

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шектеулерді ескере отырып, екі демалыс күні, бір сағаттан кем емес түскі ас үзілісі бар қоғамдық жұмыстардың бір қатысушысының жұмыс аптасының ұзақтығы - аптасына 40 сағаттан аспайды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен нақты жұмыс істеген уақыт үшін тиісті қаржы жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі жалақының екі есе мөлшері

2

«Қостанай қаласы Әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қалалық мәдениет және демалыс паркі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін орталық сквер, қалалық жағажай және тобыл жанындағы парктің оңтүстік бөлігі аумағын абаттандыру жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету

27240

3

«Қостанай облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі

Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін әр түрлі құжаттарды ретту бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету

27240

4

«Тазалық-2012» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі



Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін қала аумағын абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету

52560

5

«Помощь» қоғамдық қоры

Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін жүре біткен иммундық тапшылық синдромының профилактикасы бойынша әлеуметтік жұмыс жүргізуге көмек көрсету

18160

6

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік мекемесі «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Қостанай облыстық инспектурасы»

Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету

3328

7

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі

Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін әр түрлі құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету

5448




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет