Социологиялық теориялар. Ауытқудың биологиялық және психологиялық түсіндірмелері негізінен девиантты мінез-құлықты көрсететін адамның табиғатын талдаумен байланысты. Әлеуметтанулық түсініктеме Әлеуметтік және құрылымдық факторларды ескереді, соның негізінде адамдар девиантты деп саналады.
Мәдениеттік теориясы. Әлеуметтік бейтараптыққа негізделген теориялар адамды девиантты әрекеттер жасауға "итермелейтін" әлеуметтік күштерді қарастырады. Девиацияның мәдени теориялары өздерінің мәні бойынша әлеуметтік ыдырау теорияларына ұқсайды, бірақ ауытқуды қолдайтын мәдени құндылықтарды талдауға бағытталған.
Әлеуметтік-экономикалық факторлар теориясы. Осы тұжырымдамаға сәйкес девиантты мінез-құлық айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар жағдайында пайда болады. Үлкен әлеуметтік стратификация және әлсіз әлеуметтік қауіпсіздік болған кезде адамдар байлықты қайта бөлумен (ұрлық, тонау, экономикалық қылмыс) айналыса бастайды.
17. Дін феномені: мәдени және әлеуметтанулық перспектива
Дін - тарихи құбылыс. Адамзат тарихында дін болмаған дәуірлер де болған. Ол туралы қазіргі заманның геология, биология, физиология, этнография, тіл білімі, мәдениет тарихы, логика, астрофизика сияқты ғылымдарының мәліметтері жеткілікті.
Діннің пайда болуы мен қалыптасуының әлеуметтік және таптық себептері мен қажеттіліктері бар. Олардың ең біріншісі — діннің адамдардың көңіл күйлеріне байланысты шыққандығы. Адамдар өмірде кездескен әртүрлі жағдайларға бірде қуанып, бірде күйініп, бірде толқып, бірде қапаланады. Сонда оларға көңілді орнықты ететін, оны бір қолда ұстайтын тірек керек болады. Сол тіректі, сол медеуді адамдар табиғаттан да, өзінен де тысқары тұрған бір тылсым күштен, яғни кез келген діннің түпкілікті қазығы болып табылатын абсолюттен, құдайдан іздейді, содан табады.
Екінші қажеттілік адамдардың танымға, білімге құштарлығымен байланысты. Күннің күркіреуі, айдың тұтылуы, судың тасуы, жердің сілкінуі және т.б. табиғаттағы дүлей күштердің шын себептерін аша алмай, адам олардың әрқайсысының өзіндік иесі болады деп ойлады. Осының негізінде адамда ішкі және сыртқы құбылыстар туралы өзіндік ұғым, түсініктер қалыптасады.
Үшінші қажеттілік таптық қоғамның орнауымен ел билеуші үстем тап өкілдері қоғамдық өмірдің тыныштығын және тұтастығын сақтау мақсаттарында көктің әмірі осындай деп діни түсініктерді қолдап, қолпаштап, оларды кең таратумен байланысты. Үстем таптардың өкілдері өздерінің меншік иесі екендігін, олардың істеріне ылғи да сәттілік, табыскерлік және мәдени-рухани сипаттар тән екенін және өздеріне басқару ісі дарығанын табиғаттан тысқары тұратын бір тылсым күштердің рахымшылығымен түсіндіруге тырысады. Мысалы, олар жеме-жемге келгенде қарапайым халық өкілдеріне: «мені құдай бай қылды, ал сені кедей қылды, оған қандай таласың бар» деген сөздер айтады.
Дін әлеуметтануы XIX ғасырдың екінші жартысында Европада, дәлірек айтқанда, Франция мен Германия елдерінде пайда болды. Оны әлеуметтану ғылымдарының арнайы бір бөлігі ретінде қалыптастырған ғалымдардың алдыңғы қатарында Э.Дюркгейм, М.Вебер, Т.Парсонс және т.б. болды
Дін әлеуметтануының өз алдына жеке ғылымға айналуына байланысты, оның басқа ғылымдар сияқты зерттейтін объектісі, пәні, құрылымы, іргетасы іспетті ұғымдар жүйесі, заңдары мен қызмет кеңістігі бар. Дін әлеуметтік феномен, институт ретінде жалпы әлеуметтану пәнінің зерттейтін аса маңызды объектісі – адам сенімінің оның мінез-құлқына, іс-әрекетіне әсері, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс ретінде сол сенімнің қалыптасуынының үдерістері. Ал дін әлеуметтануының ғылым ретіндегі пәні - дін мен қоғам арасындағы, адам сенімі мен іс-әрекеттерінің арасындағы диалектикалық байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттеу. Бұл байланыстардың бірінші жағы - қоғамның, қоғамдық қатынастардың дінге жасайтын ықпалы. Екінші жағы - діни көзқарастың, діни элементтер мен дін функцияларының қоғамға тигізетін әсері.
Достарыңызбен бөлісу: |