1 емтихан билеті «Ғылым философиясы мен тарихы»


«Ғылым философиясы мен тарихы» пәні: зерзаты, құрылымы, қызметі



бет2/75
Дата26.06.2023
өлшемі321.33 Kb.
#475383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Фил емтихан

«Ғылым философиясы мен тарихы» пәні: зерзаты, құрылымы, қызметі.
Ғылым философиясының негізгі идеялары мен принциптері XVII ғасырда қалыптаса бастаған еді, өйткені классикалық ғылымның негізін құрған тәжірибелік, эксперимент жаратылыстану сол кезде шыққан еді. Бірақ ол тек XX ғасырдың екінші жартысында ғана дербес философиялық пөнге айналды. Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін ғылыми білімнің тез өсуі және жаңа ғылыми жаңалықтардың техникада кең колданыс табуы өнеркәсібі дамыған көптеген елдерде ғылыми-техникалық прогрестің кеңінен өріс алуьіна алып келді. Ал бұл ғылымды дамыту, ғылыми білімнің даму қарқынын жылдамдату және ғьглымның өнеркәсіппен, бүкіл халық шаруашылығымен байланысын күшейту істеріне деген қоғамдық мүддені жандандырды. Осындай қоғамдық қажеттіліктерге жауап ретінде түрлі ғылым салаларын зерттеуге бағытталған бір қатар жаңа пәндер туды: ғылымтану (науковедение), ғылым экономикасы мен социологиясы, ғылым тарихы және ғылыми зерттеу психологиясы сондай ғылымдар қатарына жатады. Бұл ғылымдардың ішінде жетекші орын алатын ғылым философиясы болды. Ғылыми қызметтің түрлі жақтарын зерттеуші пәндер жүйесінде ғылым философияның орнын анықтау үшін оны басқа пөндерден айырып түратын айрықша ерекшеліктерін ашып көрсету қажет. Егер ғылым тарихы деструкциялық, яғни тек баяндаушы ғылым ретіңде түрлі ғылымдардың түрлі тарихи кезендерде ашқан жаңалықтарын ретіне қарай баяндап берумен айналысса, ғылым философиясының басты міңдеті ғылыми таным процесін, оньщ зандылықтарын зерттеу болып табылады. Одан ғылым социологиясының айырмашылыгы сол, ол ғылыми мекемелер мен қауымдастықтарының құрылысын, ғылыми мекеме мүшелершің арақатынасыл, т.б. үйымдасу жақтарын зерттейді. Алайда ғылымфилософиясынан басқа бір де бір ғылым ғылыми зерттеу процесінің өзін, ғылымның өсуі мен даму зандарын арнайы зерттемейді.Сөйтіп, ғылым философиясының негізгі пәні қогсш дамуының турлі тарихи кезеңдерінде ғылыми білімдерді өндірудің, ақиқаттыгын тексеріп, негіздеудің жалпы заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Ғылыми білімді негіздеудің, дамытудың жалпы зандылықтарыл зерттей отырып, ғылым философиясы коғам тарихының түрлі кезеңдерінде объективтік ақиқат білімдерге қол жеткізудің рационалдық (тиімді) өдістері мен нормаларын табады. Алайда ғылым тарихшыларының мүқият зерттеп жинақтаған зерттеулерін пайдаланбайынша ғылым философиясы ол міндетті өз бетінше орындай алмайды. Сондықтан ол бұл жерде ғьглым тарихшьгларының көмегіне сүйене отырып, ғылым дамуының жаңа бағыттарын анықтай алады. Ғылым социологтарының зерттеулері ғылыми білім өндіріудің қазіргі нақты өлеуметтік-қоғамдық жағдайлары мен мүмкіндіктерін анықтауға жағдай жасайды. Ал ғылыми-творчестволық еңбекке психологиялық талдау жасаудың нәтижелері ғылыми ақикат іздеудің логикалық-методикалық және психологиялық әдістерінің арасындағы айырмашықтарды анықтап, таным процесінің объективтік және субъективтік критерийлерін (өлшеуішін) ажырата білуге көмектеседі. Бұл бір жағынан.Екінші жагынан алғанда, ғылым философиясы жеке ғылымдарды зерттеуші нақты пәндер үшін дүниеге көзқарастық және методологиялық түрғьгдан жалпы бағдар болып табылады. Ғылыми жаңалықтьщ нәтижелерін (ғылыми білімді) оны ашу процесіне (таным процесіне) қарама-қарсы қоюшы неопозитивистер мен сыншыл рационалистердің (К.Поппер т.б.) әрекеті ғылымды зерттеуші ғалымдардың күшін біріктіріп үйлестіруге көмектеспеді. Сондықтан ғылым дамуының гипотезалық-дедукциялық әдісіне негізделген олардың бағыты сынға үшырағаннан кейін оны талдаудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздеу басталды. Ғалымдардың көпшілігі неопозитивистердің ғылыми білімді негіздеумен ғана шектелуі жаңа ғылыми идеялар мен гипотезалар табудың немесе жасаудың мүмкіңдігін жоққа шығара алмайтыныла баса назар аударды. Мұндай жүмысты ғылым философтары ғылыми творчество саласында психологиялық зерттеу жүргізуші ғалымдармен және сондай-ақ компьютерлік ғылымдардың өкілдерімен бірлесе жүргізуі тиіс. Жаңа ғылыми идеялар іздеп табу процесіне сын көзбен талдау жасау, жаңа зерттеу проблемалары міндеттерін үсыну гьглыми зерттеудің нақты барысын дүрыс түсінуге мүмкіндіктер тудырады. Сол себепті де неопозитивизмді сынаушылар ең аддымен оның ғылым философиясына қарсы шыкды, өйткені ол философия езінің міндетін тек ғылымды негіздеу ісімен ғана байланыстырды. Ғылым философиясы ғылым тарихымен өзара қарым-қатынасқа түскенде жеке тарихи фактілерді баяндаумен ғана шектелмеуі тиіс. Ол ғылымның даму тарихының завдылықтары мен мәнді байланыстарын ашып беруі тиіс, ғылымның рухани мәдениетпен және практикалық қызметпен жан-жақты байланысын көрсететін зерттеу болашағына бағыт сілтеп, көмектесуі қажет. Сонымен бірге ғылым философиясының ойдағьщай дамуы үшін ғылым тарихындағы бай нақты факті материалдарына арқа сүйеп отыруы қажет. Мұндай өзара творчестволық байланыссыз ғылым философиясы құры бос сөзге айналар еді, ал ақиқат ғылыми дүниеге көзқарассыз ғылым тарихы айқын бағдарсыз, адасқан бірдеңе болар еді.Ғылым автономиясын, яғни осы күнгі философиядан мүддем тәуелсіз ғылым концегщиясыл үсынушы позитивизмге қарсы қазіргі кезде ғылымды адамның басқа іс-әрекеттерімен тығыз байланысты күндылықтарды зерттеу проблемасы барған сайын алға тартылуда. Ғылым практикалық іс-әрекетте қажетті нәтижелерге жетуге көмектесетін техникалық құралдар, таным әдіс-тәсілдерін жасаумен ғана шектелмейді. Ол өзінің қүндылықтар жүйесін басшылыққа алады. Бұл жүйедегі ең басты қүндылық — объективтік ақиқатты іздеу процесі. Сондықтан казіргі ғылым философиясында ғылымның ең басты мақсаты мен атқаратын қызметін ғылыми танымға тән қүндылықтар түрғысынан қайта қарау процесі жүргізілуде. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс ғылыми білімнің өсуі мен дамуын аса маңызды проблемаға айналдырып отыр. Осыған байланысты ғылымды дамытудың көптеген түрлі жолдары мен концепциялары үсынылуда. Солардың ішіндегі бір аса маңыздысы интерналистік деп аталатын, яғни ғылыми білімнің өсуінің ішкі себептері мен мүмкіндіктеріне, факторына негізделген концепциялар ерекше орын алады. Көптеген галымдар ғылым прогресі ең аддымен объективтік ақиқатты іздеумен және оған жетудің рациональдық (тиімді) әдіс-тәсілдерімен анықталады деген көзқарасты үстанады. Алайда кейбір философтар ғылымның прогресін дүние жайлы объективті ақиқат білімнің өсуінен гөрі, нақты ғылыми проблемаларды шешуге ғылымның қаншалықты тиімді екендігімен түсіндіруге тырысады. Ал проблеманың тиімді шешілуі теорияның дамуымен қаншалықты байланысты екендігін еске алсақ, олардың арасындағы әлгінде келтірілген қарама-қарсы қоюдың қисынсыздығын байқау қиын емес. Міне сондықтан да ақиқат білім ғылымның ең негізгі қүндылығы болып табылады. Олай болса, ғылыми танъгмның бүкіл қызметі ақиқатты іздеуге және негіздеуге бағытталуы тиіс. Ғылым философиясының қазіргі ғылыми-техникалық революциямен тығыз байланыстылығының екінші бір маңызды көрінісі — оның дамуында біртіндеп болатын эволюциялык өзгерістер мен бірден болатын түбірлі сапалық, революциялық өзгерістердің өзара байланыста болатындығы. Бұл проблеманы талқылау батыстың ғылым философиясында 1970 жылдары, американдық ғылым философы әрі тарихшысы Т.Кунның "Ғылыми революциялардың құрылымы"1 деген кітабы жарыққа шыққаннан кейін басталды. Ол бұл кітабында ғылым дамуына деген кумуляциялық2 көзқарасты сенімді түрде орынды сынады. Бұл теория бойынша, ғылым дамуы көп жаңа ғылыми ақиқаттардьщ үздіксіз жай жинақталуынан ғана түрады; жаңа ақиқаттарды іздеу, жаңа зандардың ашылуы және жаңа ғылыми теориялардың құрылуы бұрын түжырымдалған зандар мен теорияларға ешқандай әсерін тигізбейді. Т.Кун астрономия, механика, физика мен химия ғылымдарынан коп нақты мысаддар келтіре отырып, ғылым дамуының кумуляциялық ұғымының қателігін көрсетіп, ғылым дамуында революциялық өзгерістердің қажетті түрде болатынын дәлелдеді. Ол ғылымдағы революция деп ғылымның даму барысында зерттеудің бір парадигмасынан екіншісіне өту арқылы бұрынгы түсініктердің қайта қаралуын, сөйтіп зерттеудің жаңа стратегиясына өтуді түсінді. Аталған кітаптың төңірегінде өрбіген айтыстар мен дискуссиялар ғылымның дамуына тарихи көзқарастың қалыптасуына көмектесіп, сонымен бірге ғылым тарихына тек баяндаушылық түрғыдан ғана қарауға болмайтындығын көрсетті. Сонымен, ғылым философиясы ғылымды әр түрлі түргыдан талдайтын жеке пәндер үшін д үниеге көзқарастық багдар сілтеуші болып табылады, себебі ол ғылыми білімнің табиғаты мен құрылымын және соңдай-ақ дүние туралы объективтік ақиқат білім алудың өдіс-тәсілдері мен нормаларын зерттейді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет