1 емтихан билеті «Ғылым философиясы мен тарихы»


Ғылым және диссертациялық жұмыс: өзара байланысы



бет75/75
Дата26.06.2023
өлшемі321.33 Kb.
#475383
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
Фил емтихан

3.Ғылым және диссертациялық жұмыс: өзара байланысы.
Ғылым (лат. scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені меңзесе, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді ғана емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе. Ғылымның арғы тамыры 3500-3000 жыл бұрынғы ежелгі Мысыр мен Месопотамия өркениеттеріне барып тіреледі. Олар математика, астрономия, медицина секілді ғылымдардың алғашқы кейпін жасап, 2600 жыл бұрын басталған Грек табиғат философиясына, антикалық классикаға арқау болды. Олар физикалық дүниені ондағы оқиғалардың табиғи себептері арқылы түсіндіретін дәстүр қалыптастырды. Әсіресе ғылым тарихында түрлі ғылымдардың ең алғашқы зерттеу объектін бекітіп, жүйелі пайымдаудың алғашқы сынағын жасаған ұлы ойшыл Аристотель дәуір бөлгіш рөл ойнады. Бірақ Рим империясының христиан дінін қабылдауы Еуропада ғылымның құлдырауына алып келіп, қараңғы орта ғасыр 5 ғасырдан 15 ғасырға дейін жалғасты. Осы тұста шығыстағы Түркі, Парсы, Араб жұртынан шыққан ойшыл ғалымдар - Әл Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, ИБн Рушд, Омар Хаиям секілді ұлы тұлғалар сол ежелгі ғылым мен Аристотель салған жолды жылғастырып, ғылымды жаңа кезеңге шығарды. Бірақ Шыңғыс хан жорықтарынан кейін бұл талпыныс діни әсірешілдік пен қатып-семушілдіктің зардабынан мүлде әлсіреп, мұсылман әлемі де ғылымы құлдыраған қараңғы орта ғасырға кірді.

  • 15ғ бастап Еуропада Ренессанс сана жаңғыруын жасап, ғылымға жаңа көк жиек ашты. Әсіресе Астрономиядағы Католик шіркеуінің мың жылдық өтірігін ашқан гелиоцентризмнен кейін ғылымның тасқынын ендіқайтып ешкім тоса алмастай болды. Өнеркәсіп революциясының ғылым мен техникаға мұқтаждығы ғылымға жаңа күш бітірді.

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР Магистранттың ғылыми-педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар: 1) магистрлік диссертация орындалатын және қорғалатын магистратураның білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келеді;; 2) өзекті және ғылыми жаңалық пен практикалық маңыздылықты қамтиды; 3) ғылым мен практиканың заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделеді; 4) ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін пайдалана отырып орындалады;; 5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерден тұрады; 6) тиісті білім саласындағы озық халықаралық тәжірибеге негізделеді. Магистранттың бейіндік магистратурадағы эксперименттік-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар: 1) магистрлік жоба орындалатын және қорғалатын магистратураның білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келеді;; 2) ғылымның, техниканың және өндірістің заманауи жетістіктеріне негізделеді және нақты практикалық ұсынымдарды, басқарушылық міндеттердің дербес шешімдерін қамтиды; 3) озық ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалады; 4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерден тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет