1. Ғылыми білімнің мәні және ерекшеліктері.
"Ғылым" деп — адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім көдімгі карапайым білімді теріске шығармайды, олардьщ екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады. Ғылым - тек білімнің, фактілердің және т.б. жиынтығы ғана емес ол сондай ақ, қоғамның мәдени-әлеуметтік маңызды құбылыстарының бірі. Яғни ғылым дегеніміз бұл:
1) мәдениеттің бір саласы;
2) дүниетанымдық әдістің бірі;
3) адамды және табиғатты қайта өңдеуші өндіргіш күш;
4) арнаулы институт (институт түсінігіне тек жоғары оқу орны емес, сонымен қатар ғылыми қауымдастықтар, академиялар, лабораториялар, журналдар және т.б, кіргізіледі). Ал егерде біз ғылым мен өнерді салыстыратын болсақ, көрсетілгеннен бөлек жағдайды көреміз. Ғылым - қоршаған ортаны зерттеп білу процесіндегі көптеген адамдардың өз тәжірибелерін жинақтап, оларды түсіндіруге бағытталған өзара үйлесімді, жүйелі іс-әрекеттерінің нәтижесі. Ал өнер болса жекелеген адамның жан – тәнінің белгілі бір жағдайын суреттеп, нақты бір сезімдерді оятуға бағытталған белгілі бір адамның интуитивтік әрекеттері.
Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинакылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинакталған акпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пөнге нұскаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді. Ғылым — табиғат (материалдық) дүниесі мен коғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде керініс береді. Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын біркатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді коршаған дүниенің көптүрлілігінен болады, сондыктан ғылымның жеке саласы көпкырлы кызметтің белгілі бір жактарьш зерттейді. Соған орай, табиғат туралы ғылымдар — жаратылыстану, қоғам туралы — қоғамтану (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар); таным мен ойлау туралы — логика, геносеология, диалектика болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы кұрайды. Математика — өзі бір арнайы ғылым. Ғылым салаларының өздері жеке ғылымдарға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |