1 емтихан билеті «Ғылым философиясы мен тарихы»



бет68/75
Дата26.06.2023
өлшемі321.33 Kb.
#475383
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   75
Фил емтихан

ПозитивизмХІХ ғ. Еуропа өнеркәсіптік революция жолына түсті. Ғылыми жаңалықтарды қолдану барлық өндіріс әлемін жаңа түрге енгізді және бұл уақыттары: көлік байланыстары, капиталдар, қалалар дамып өсті, медицинадағы бұрынғы тепе-теңдік жойылды. өмір сүру салты танымастай болып өзгерді. Бейне бір, кез келген мәселелерді шешуді құралдары игерілгендей және әлеуметтік даму айқын да және тоқталмайтындай еді.
Позитивизм (лат. Positivus – дұрыс, оң) терминін, француз философы, осы ағымның негізін қалаушы Огюст Конт (1798-1857) енгізді. Ол негізінен «метафизиканы», яғни дәстүрлі философияны, сол кездегі ғылмының дамуымен қойылған сұрақтарға жауап беруге қабілетсіз деген ойымен алған шықты. 
Позитивизм, барлық дәстүрлі философияның шамасының жоқтығын, олардың ең басты мәселелерінің жеміссіздігін дәлелдейді, позитивистердің пікірі бойынша «болмыс», «материя», «сана», «мән» және т.б. сияқты негіздік ұғымдар қажетсіз. Олардың ойынша, бұлардың бәрі жалған мәселелер, ойдан ала салған үғымдар, өйткені олардың белгілі бір шешімен болмайды, тікелей тәжірибеге немесе ғылыми экспериментке негізделмей тек пікірлерге ғана сүйене алады. Ақиқат тек тәжиірибеге сүйенеді, ал , басқа қалғандары – жалған.
ХІХ ғ., ортасында көрінген позитивизм, немесе ғылымдар философиясы көп кешікпей батыстағы кең таралған философиялық ағым болды. Өзінің дамуында ол үш негіз кезеңдерден өтті: Бірінші кезең О. Конт, Г. Спенсер, Дж. Милл позитивизмі, жоғарыдағы мәселелерді қойған алғашқы позитивизм. Екінші кезең – австриялық физиктердің өкілі Э. Махтың аты бойынша аталғагн махизм. Ең дамыған үшінші кезең – ХХ ғ№ 20-шы жж. басталған және қазірге дейін жалғасып жатқан неопозивитизм.
Ғылым философиясының неопозитивистік тұжырымдары. Ғылымды зерттеудің бірінші тарихи түрі тұтас логикалы-танымдылық (философиялық) тұғысында, ХХ ғ. басындағы ғылыми революцияның барысында келген неопозивитизммен байланысты болды. Олардың ойланған тақырыптары, мәселелері: ғылым философиясының (позитивтік ғылымның) пәні, ғылыми ойлаудағы белгі-рәміздік құралдарының ролі, ғылымның эмпирикалық негізі және теориялық аппараттар арақатынас, математикаландырудың ролі мен мәні және жалпы ғылыми білімді формаландыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет