Ғылым дамуының институционалдық (дәстүрлік және заңнамалық) негіздері.
Ғылым дамуының негізгі кезеңдері:
Ежелгі əлемнің архаикалық білімі немесе ғылымның қалыптасу қарсаңы — бұл Ежелгі Шығыста практикалық тəжірибені индуктивтік жалпылау арқылы жəне қоғамда ұрпақтан–ұрпаққа жалғаса берген білім. Астрологияның, Евклидке дейінгі геометрияның, жазудың,
нумерологияның қалыптасуы.
Антика ғылымы — алғашқы ғылыми теорияларыныӊ қалыптасу кезеӊі (атомизм) және алғашқы ғылыми трактаттардың жазылуы, мысалы Птолемей астрономиясы, Теофраст ботаникасы, Евклид геометриясы, Аристотель физикасы.
Орта ғасыр ғылымы — орта ғасырдағы ғылымның қалыптасуыныӊ мысалы болып Жабир ибн Хаиянның алхимиясы болып табылады.
Ғылыми төңкеріс және классикалық ғылым — Галилео Галилейдің, Исаак Ньютонның, Карл Линнейдің еңбектерінде ғылымның қазіргі мағынасында қалыптасу кезеӊі.
Постклассикалық /классикалық емес/ ғылым — классикалық рационалдықтың дағдарыс кезеңінің ғылымы: Дарвинның Эволюциялық ілімі, Эйнштейннің Салыстырмалылық теориясы, Гейзенбергтің Анықталмағандық принципі, Үлкен жарылыс гипотезасы, Рене Томның қирау теориясы, Мандельброттың фракталды геометриясы.
Ғылыми іс-əрекеттің институционалды түрлерінің тарихи дамуы. Ғылымның институционалды дамуы - дегеніміз жаңа білімді өндіру, тарату жəне қоғамда қолдану түрінде өткізілетін ғалымдардың ұжымдық ісəрекеті жəне ғалымдардың жас ұрпақтарын даярлау. Ғылыми іс-əрекеттің институционалды түрлерінің тарихи дамуы антикада философиялық-ғылыми мектептерден бастама алды (пифагоршылдықтар, Платон, Аристотель мектептері т.б.). Ол мектептердің ерекшелігі абыздар емес, зиялы адамдар білімді шығарып сақтаған, сол себепте сакралдық қасиетіне ие болмаған. Əртүрлі пікірлер сынау пікір таластан өтеді, оған арнайы қабілеті бар жастарды оқытқан, үйреткен. Осы арқылы нақты тарихи уақытта көп ғылымдардың негізі қалыптасты (математика, физика, биология, əлеуметтану, психология т.б.). Осы ғылымдар ерекше Аристотель мектебінде ғылыми пəн деңгейіне айналды, олардың шеңберінде жүйеленген ізденістер өткізіліп, мəтін саны көбейіп, ғылыми кезек дайындалып тұрды.
Орта ғасыр кезеңінің басында білімді сақтау орталығына монастырлер жəне шіркеудегі мектептер болған.
Қазіргі ғылым пəнаралық деңгейде дамиды. Көп пəндер педагогикалық жəне институционалдық негізбен қалыптасқан, мысалы, оқытушы ұжымы, бағалау жəне оған корпорациялар себеп болған. Қазіргі тірі жəне жемісті зерттеулер пəнаралық - генетикада, география мен əлеуметтану жəне психологияда. Мысалы, əлеуметтануда экономикалық əлеуметтану, əлеуметтік психология, саяси əлеуметтану, этносоциология, əлеуметтік антропология т.б. қалыптасқан. Сөйтіп, зерттеулер мəселе емес, пəндік айырмашылық арқылы жасалады.
№ 13 емтихан билеті
Достарыңызбен бөлісу: |