Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар: ұқсастыктары мен ерекшеліктері.
Жаратылыс құбылыстарын (биологиялық өмірді қоса) зерттейтін жаратылыстану ғылымдары және
Адамзат өмірі мен қоғамдарын зерттейтін гуманитарлық ғылымдар.
Бұл санаттар эмпирикалық ғылымдар болып табылады, яғни ондағы білім табиғатта көруге және зерттеушілердің әлдебір шарттарда тәжірибе арқылы тексеруге болатын құбылыстарға негізделген.
ДНК (DNA) қос спиральі — барлық тірі организмдер мен вирустардың дамуы мен жұмыс істеуіне негіз болған генетикалық нұсқаулық кодтарды қамтыған молекула шоғыры.
Кейде фундаменталды ғылым деп аталып үшінші санатқа жатқызылатын математика ғылымының жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдармен ұқсастығымен қатар айырмашылықтары да бар. Ұқсастығы — объективті, ұқыпты және жүйелі әлдебір білімді зерттегенінде болса, айырмашылығы білімді тексеру тәсілінде: ол эипирикалық емес, көбінше априори тәсілдеріне жол береді. Статистика мен логистика ғылымдары жататын фундаменталды ғылымдар эмпирикалық ғылымдар үшін өте маңызды. Фундаменталды ғылымдарының ірі жетістіктері физика және биология ғылымдарына да жиі ірі жетістіктер әкеледі. Фундаменталды ғылымдар нәрселердің қалай жұмыс істейтінін (жаратылыстану ғылымдары) ашу мен сипаттауда, сонымен қатар адамдар қалай ойлап, қалай әрекет ететінін (гуманитарлық ғылымдар) сипаттауға маңызды гипотезалар, теориялар және заңдылықтар құруда үлкен рөль атқарады.
Ғылым, өзара тығыз байланыста болатын, ғылыми зерттеулер нәтижелерін адамзат мұқтаждығына пайдалану болып табылатын қолданбалы ғылымнан ажырату үшін кейде тәжірибелік ғылым болып аталады.Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, адамзаттың практикалық қызметінің аса маңызды саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.
Достарыңызбен бөлісу: |