Кемшіліктері
Технологиялық тәуелділік. Ғылым мен техниканың экономикаға әсерінің бәрі бірдей оң нәтиже бере бермейді. Технология барлық заманауи бизнестің негізгі құралына айналды. Сондықтан өндіріске машиналардағы немесе ақпараттық жүйелердегі ақаулар әсер етуі мүмкін.Сондай-ақ, технологиялық құрылғылар жетілдіріліп, күрделене түсті. Мәселелер туындаған кезде оларды тек мамандандырылған мамандар ғана шеше алады.
Жұмыс орындарын жоғалту. Ғылым мен техника дамыған сайын машиналар адам капиталын алмастырады. Бұл әсіресе белгілі бір мамандандыруды қажет етпейтін жұмыстарда орын алады.Осылайша, заманауи машиналар бір немесе бірнеше жалақы алатын қызметкерлерді қажетсіз ете отырып, зауыттарда күнделікті тапсырмаларды орындай алады. Жұмыссыздық адамдарды нарыққа жұмсай алатын ақшасынан айырады, олардың экономикаға қосатын үлесін азайтады.
Екінші жағынан, технологиялық прогресстің салдарынан қоныс аударған жұмысшыларға жұмысқа орналасу қиынға соғуы мүмкін, өйткені жаңа жұмыс орындары оларда жоқ біліктілікті талап етуі мүмкін.
Көптеген зерттеушілер автоматтандыру алдағы онжылдықтарда адамдардың көп санын жұмыссыз қалдырады деп мәлімдейді.
Табыстың тең емес бөлінуі. Технологиялық ілгерілеудің жағымсыз жағы оның табысты бөлуге әсері болып табылады. Экономикалық өсудің жемісі елдер арасында біркелкі емес бөлінді.
Ғылыми мектептер, ғылыми білімді дамыту жолдары.
Ғылым мен жоғары білімді дамытатын шешімдер
Ғылым мәселелерін тұрақты түрде түрлі мінберлерде көтеріп жүрген Young Researchers Alliance (Жас ғалымдар альянсы) төрайымы Әсия Ермұхамбетованың айтуынша, жаңа министрліктің құрылғаны ғылыми жобаларды қаржыландыруға, зерттеушілерді даярлауға, жоғары білім мен ғылым саласындағы аналитикаға қатысты мәселелерді шешсе, тиімді болады.
«Гранттық қаржыландыруға көшкен 2012 жылғы бірінші конкурстан бастап, гранттардың жалпы сомасы 11%-ға төмендеді, ал баға деңгейі 112%-ға өсті. Егер бұрын грант сомасына қандай да бір жабдық сатып алуға болатын болса, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруда ештеңеге жетпейді. Үнемі өсіп келе жатқан доллардың теңгеге шаққандағы бағамын ескерсек, 2025 жылға қарай ғылымға ІЖӨ-нің уәде етілген 1%-ы тым елес болып көрінеді. Бізде әлі де әлемдік деңгейдегі ғалымдар немесе жай ғана жақсы ғалымдар аз. Ғылыми орта өте кішкентай және барлығы бір-бірін біледі. Бір университетте бірнеше қымбат зертханасы бар Жапония емеспіз. Бірлескен қол жеткізу зертханалары – бір кездері сәтсіз болса да, қазір біз жүзеге асыруға болатын және сұранысқа ие жоба. Біз Лондонның қуатты Алма-матер колледжінде де қымбат микроскоптарды басқа университеттермен бірге қолдандық. Сондықтан жаңа ведомствоның құрамына ғылымның адамы ғана емес, жабдықтар мен материалдарды сатып алу қаншалықты қиын және қымбат екенін, бір техника сынса, ғалымның қандай қиындықты бастан кешетінін, ғылыми мақаланың қандай және инноватордың зерттеушіден нендей айырмашылығы болатынын білетін маман, мейлінше технарь керек», дейді Ә.Ермұхамбетова.Ал Назарбаев университетінің ғылыми қызметкері, елімізде ашылған алғашқы Gylym.kz қазақ тілді ғылыми сайтының жетекшісі, химия PhD докторы Жексен Тоқтарбай отандық ғылымды дамытуға әсер ететін өзге де салалардағы түйткілдерге тоқталды.
«Мемлекеттік тіл – ғылым саласындағы ең өзекті мәселе. Қазіргі таңда ғылым саласының шамамен 99%-ы орыс тілінде, 1%-ы ғана мемлекеттік тілде. Айталық, барлық мемлекеттік ғылыми талқылар (ғылыми жобалар отырыстарымен қоса) 100% орыс тілінде жүргізіледі. Сонымен бірге ғылыми жобалардың жоспарларын тек орыс тілінде талап етеді. Бұған зерттеушілердің еті үйреніп кеткені соншалық, ешкім себебін сұрамайды. Мен орыс тілін алып тастасын деп бастама көтеріп жатқан жоқпын, неге 50 де 50 болмайды? Осыған қоса тағы бір мәселе, ғалымдарымыздың ағылшын тілін білмейтіні отандық ғылымның дамуына тежеу болып тұр. Ғылым тілін білмегендіктен, небір мықты зерттеулер халықаралық аренаға шықпай жатыр. Сондықтан университетте ағылшын тілін бірінші курстан бастап бітіргенше міндетті пән қылып қойса, артық етпейді. Үшіншіден, жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасын түбегейлі өзгерту керек. Бұл саланы іштен білемін, еліміздегі бірнеше университетте істедім. Көбінде бір кафедрадағы сабақтар бір-біріне өте ұқсас, мазмұнын қайталайды. Өз кәсібіне қажетсіз пәндерді оқып жүргенде студенттердің негізгі пәндерді оқуға уақыты жетпей қалады. Әлемдік жетекші университеттердегі сабақтар оқытылып, бағдарламаны халықаралық стандарттарға сәйкестендірген жөн», дейді Ж.Тоқтарбай.Ғалымның сөзіне қарағанда, Чехияда жалпы мемлекеттік және жекеменшік 59 университет, Нидерландта (Голландия) – 55, Швецияда – 50, Сингапурда барлығы – 34, Белгияда – 19, Израильде 10 жоғары оқу орны бар. Бізде қысқартқанның өзінде әлі 100-ден асады. Сондықтан жаңа министрлікке Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасын соңына дейін жеткізуге тиісті міндеттер жетіп артылады.
№ 14 емтихан билеті
Достарыңызбен бөлісу: |