2.3. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.
Этногенез мәселесі. Этникалық процесс туралы түсінік.
Этникалық процеске қажет
негізгі шарттар: территория, экономика, тіл және мәдениет ортақтығы. "Қазақ" атауының алғаш
жазба деректерде қолданылуы. Қазақстан территориясындағы этникалық процестің кезеңдері.
Сақ-үйсін дәуіріндегі этникалық процестер. Мәдениеттегі ортақ негіздердің қалыптасуы. Түркі
қағанаттары дәуіріндегі этникалық процестер. Мәдениеттегі ортақ негіздердің одан нығая түсуі.
Өзін-өзі тану процесі. Қыпшақ дәуіріндегі этникалық процестер. Саяси-территориялық ұғым
және оның этно-генетикалық процесте алар орны.
Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан және Әбілхайыр
хандығы тұсындағы этникалық
процестер. Мұхаммед Хайдар Дулати қазақ халқының қалыптасуы және Керей мен Жәнібек
хандар ұлысына қазақ этнонимінің орнығуы жөнінде. Дешті
Қыпшақ тайпаларына қазақ
этнонимінің таралуы. ХҮ-ХҮІ ғғ. ұзақ ғасырларға созылған қазақ халқының және оның
этникалық территориясының қалыптасуының аяқталуы.
Достарыңызбен бөлісу: