Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы – ХІ ғ. басы). Қимақ тайпалары туралы араб-парсы
тарихшыларының мәліметтері. Қимақтардың шығу тегі, орналасуы, этникалық құрамы. Қимақ
мемлекетінің құрылуы. Қимақ-қыпшақ тайпаларының конфедерациясы. Қағанаттың сыртқы
саяси жағдайы. Қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, қалалары. Көрші тайпалардың
басқыншылығы, қағанаттың әлсіреуі. Қыпшақтардың әскери ақсүйектерінің күшеюі. Қағанаттың
құлауы.
Оғыз мемлекеті (ІХ ғ. соңы – ХІ ғ. басы). Оғыз тайпалары туралы жазба деректер.
М.Қашғари оғыздар жөнінде. Оғыздардың печенег тайпаларын Сырдария аңғарынан, Арал
жағалауларынан ығыстыруы. Оғыз мемлекетінің құрылуы. Янгикент қаласы мемлекеттің
астанасы. Қоғамдық-саяси құрылысы. Оғыздардың тайпалық құрамы және екі фратрияға
бөлінуі (бұзықтар және ұшықтар). Оғыз-қыпшақ қатынастары. Оғыз тайпаларының
шаруашылығы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері. «Кітаби Қорқыт». Селжұқтармен күрес және
өзара қырқысудың күшеюі. Оғыз мемлекетінің құлдырауы мен құлауы.
Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы – 1224 ж.). Қимақ мемлекетінің мұрагерлері Қыпшақ тайпалары
туралы араб-парсы, қытай, европалық (комондар), орыс деректерінің мәліметтері. Оғыздарды
Сырдариядан ығыстыру. ХІ ғ. қыпшақтардың орналасуы, олардың батысқа және оңтүстікке
жылжуы. «Дешті Қыпшақ» термині. Қыпшақ хандығының құрылуы (ХІ-ХІІІ ғғ). Шығыс Дешті-
Қыпшақ хандарының шыққан әулеті. Қыпшақтардың тайпалық құрамы және иерархиясы.
Қыпшақ хандығы мен Хорезм мемлекеті арасындағы байланыстар. Мемлекеттің екі бірлестікке
бөлінуі. Рулық-тайпалық құрамы. Қыпшақтардың қазақ және басқа түркі халықтарының
қалыптасуындағы рөлі. Қыпшақтардың шаруашылығы, әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы.
Шаруашылығы. Тілі. Мәдениеті. Монғол шапқыншылығы. Қыпшақ хандығының құлауы. . Әл-
Ідірісидің «Кіші картасы» («Қыпшақ даласы» туралы мәліметтер).
Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.). Шығыс Қарахан қағанатын қарақытайлардың
басып алуы. Елүй Дашы. Қарақытайлардың саяси ықпалының Мәуереннахрға тарауы. Қоғамдық
құрылысы және шаруашылығы. Қарақытай мемлекетінің құлауы.
Достарыңызбен бөлісу: |