1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз



бет23/36
Дата05.03.2024
өлшемі1.21 Mb.
#494415
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
11 Kazak tili 2007

23 нұсқа



1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз.
A) 10.
B) 8.
C) 6.
D) 7.
E) 12.

2. Деректі зат есімді табыңыз.
A) Жігер.
B) Адамгершілік.
C) Жайдары.
D) Сана.
E) Сызғыш.

3. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.
A) Шаруақор.
B) Биік.
C) Білгіш.
D) Табыскер.
E) Тұсаулы.

4. К‰рделі сан есімді кµрсетіњіз.
A) Ондаѓан.
B) Мыњ.
C) ‡штен екі.
D) Бесінші.
E) Жетеу.

5. Мына сөйлемге қай шылау лайық, көрсетіңіз.
Алтынсары қадалған …, оның кескіні құбыла бастады.
A) Тарта.
B) Қарай.
C) Таман.
D) Сайын.
E) Туралы.

6. Қатаң дауыссыздар қатарын табыңыз.
A) Р, Ғ, Ц.
B) Һ, С, Т.
C) П, Ф, К.
D) П, Ф, Г.
E) Й, Ш, Б.

7. “У” дыбысы екі рет дауысты болған сөзді белгілеңіз.
A) Жауласу.
B) Таулық.
C) Қауышу.
D) Татуласу.
E) Баулық.

8. Қате жазылған сөзді табыңыз.
A) Доб ойнау.
B) Құлын.
C) Өзенге.
D) Бара алмады.
E) Жібек.

9. Жіктік жалғауында тұрған сөзді табыңыз.
A) Ауылданбыз.
B) Санақ.
C) Сепкіш.
D) Табалдырық.
E) Кеншінің.

10. Күрделі сөзді табыңыз.
A) Күркілдек.
B) Ақмола.
C) Парасат.
D) Бақташылық.
E) Толқымалы.

11. Жіктеу есімдігін табыңыз.
A) Емен.
B) Неше.
C) Өзі.
D) Ел.
E) Мен.

12. Етістіктің нақ осы шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Тұрмын.
B) Тұрасың.
C) Тұратынсың.
D) Тұрғанмын.
E) Тұрарсың.

13. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Кейде ұзақ жырлар жырланып, кейде ел ішінің әңгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызыға тыңдайды.
B) Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.
C) Жалғасы қызық болды, олар таңға көз ілмеді.
D) Дәркембай, Абылғазы, Қаңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.
E) Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.

14. Азот, оттегі, масса, лексикология терминдері қай стильде кездеседі, белгілеңіз.
A) Ғылыми.
B) Көркем әдебиет.
C) Ауызекі.
D) Іс - қағаздар.
E) Публицистика.

15. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны табыңыз.
A) ИЛ-86-мен
B) смге
C) см-ден
D) см. ден
E) ГАЗ-51 ге

16. Мөлшер үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
A) Соншалықты көбею.
B) Кеше жіберді.
C) Жоғары шығу.
D) Мөлшерлеп болжау.
E) Тезірек келу.

17. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Бұл – үлкен бақыт.
A) Зат есім - зат есім.
B) Жіктеу есімдік - зат есім.
C) Есімдік - сын есім.
D) Сілтеу есімдігі - зат есім.
E) Есім - етістік.

18. Бірыңғай мүше түрін анықтаңыз.
Кешкі астың алдында Абай Зере мен Ұлжанға Кәмшат жайын айтқан.
A) Бірыңғай анықтауыш .
B) Бірыңғай толықтауыш.
C) Бірыңғай баяндауыш.
D) Бірыңғай бастауыш.
E) Бірыңғай пысықтауыш.

19. 2-сөйлемдегі түсіп қалған сөйлем мүшесін табыңыз.
-Не мәселе туралы шақыртқаныңызды біліп отырмын.
-Сіздің ... білгеніңіз жақсы.
A) Пысықтауыш
B) Баяндауыш
C) Толықтауыш
D) Бастауыш
E) Анықтауыш

20. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Айжан дүкенге кетті.
B) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.
C) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.
D) Бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар.
E) Мен кеше сабаққа келген жоқпын.

21. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A) Өмірде бәрі кездеседі, дегенмен жақсылық жеңеді.
B) Жә, мырза, мына келе жатқан біздің көшіміз еді.
C) Не ексең, соны орасың.
D) Біреулері ызғарлы, біреулері көңілді отыр екен.
E) Әрине, адам өмірінде көп қиындықтар кездеседі.

22. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) “Бұл үйдің жаны нешеу”: деді Итбай.
B) – Бұл үйдің жаны нешеу?: деді Итбай.
C) – Бұл үйдің жаны нешеу? деді: Итбай.
D) – Бұл үйдің жаны нешеу?, деді Итбай.
E) – Бұл үйдің жаны нешеу?- деді Итбай.

23. Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.
Балалары, біз, тірі тұрғанда апам кедейшілікті ойлайтын кісі емес еді.
A) Қыстырма.
B) Айқындауыш.
C) Бірыңғай мүше.
D) Қаратпа.
E) Оқшау сөз.

24. Төл сөздің жетпеген (қойылмаған) тыныс белгісін табыңыз.
Аты Төлеген екен, Жібегін іздеп жүрген көрінеді, - деп, күлісті құрбылары.
A) Қос нүкте.
B) Дефис.
C) Нүктелі үтір.
D) Үтір.
E) Сызықша.

25. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.
Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.
A) Бәрін
B) Қойып
C) Әңгімеге
D) Ашық
E) Кірісейік

26. Антонимдік жұп қайсысы, табыңыз.
A) Арық - көтерем.
B) Тіс жармау - үндемеу.
C) Жүрек жұтқан - су жүрек.
D) Ұзын құлақ - ұзын етек.
E) Орыс - қазақ.

27. Диалект сөзді табыңыз.
A) Атыз.
B) Опан.
C) Қарық.
D) Арық.
E) Алтын.

28. Бейнелеуіш сөзді көрсетіңіз.
A) Көкпеңбек.
B) Жалт қарады.
C) Он бес.
D) Үлкен-кіші.
E) Ала жаздай.

29. Анықтауыштық қатынас қалай байланысқан есімді тіркестерге тән екенін белгілеңіз.
A) Меңгере, қабыса.
B) Меңгере, жанаса.
C) Матаса, жанаса.
D) Қабыса, жанаса.
E) Матаса, қабыса.

30. Дефис дұрыс қойылған орынды белгілеңіз.
A) Жүре-сөйлеу.
B) Алты аласы-бес бересі.
C) Турсун-заде.
D) Микро-биология.
E) Ежелгі-дос.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет