1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз



бет25/36
Дата05.03.2024
өлшемі1.21 Mb.
#494415
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
11 Kazak tili 2007

25 нұсқа



1. Езулік дауыстыны табыңыз.
A) ±.
B) о.
C) а.
D) ‰.
E) у.

2. Деректі зат есімдер қатарын табыңыз.
A) Ауа, жел.
B) Мектеп, ағаш.
C) Көңіл, сезім.
D) Ақыл, ес.
E) Ой, сана.

3. Сын есiмдi табыңыз.
A) Әрине, мүмкiн.
B) Бес, отыз.
C) Сонау, мына.
D) Кiтап, оқушы.
E) Қызыл, көк.

4. Сан есім маѓыналарына қарай нешеге бµлінетінін табыњыз.
A) 5.
B) 6.
C) 7.
D) 8.
E) 4.

5. Жай сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз.
Біркелкі жақсы өсіпті.
A) Сабақтас.
B) Толымды.
C) Толымсыз.
D) Салалас.
E) Атаулы.

6. Ұяң дауыссыздар қатар тұрған сөзді анықтаңыз.
A) Наурыз.
B) Кітап.
C) Жаңбыр.
D) Аспан.
E) Қаздар.

7. Ілгерінді ықпалды табыңыз.
A) Көре кел.
B) Қырықаяқ.
C) Бозжігіт.
D) Штабта.
E) Асхана.

8. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
A) Үйдің іші.
B) Жақсы жаман.
C) Айнашпен сөйлесті.
D) Аяқ-табақ.
E) Маған айтты.

9. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.
A) Ешқайсысы.
B) Әлдеқайда.
C) Әсемпаз.
D) Жайраңда.
E) Отыздарда.

10. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінетінін табыңыз.
A) 3.
B) 6.
C) 4.
D) 5.
E) 2.

11. “Ертең жүрмекші”тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасын айқындаңыз.
A) Істің мезгілі.
B) Істің себебі.
C) Істің мөлшері.
D) Істің салдары.
E) Қимыл-сын.

12. Кімім? Нем? – сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесін табыңыз.
A) Пысықтауыш.
B) Толықтауыш.
C) Бастауыш.
D) Анықтауыш.
E) Баяндауыш.

13. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.
A) “Сөйлемді сауатты, құрастырған жөн,” - деді мұғалім.
B) Сөйлемді сауатты: құрастырған жөн, - деді мұғалім!
C) “Сөйлемді сауатты құрастырған жөн” - деді мұғалім.
D) Сөйлемді сауатты; құрастырған жөн деді мұғалім.
E) “Сөйлемді сауатты құрастырған жөн,” - деді мұғалім.

14. Стиль түрін ажыратыңыз.
«Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ химиялық қасиеттері болады.»
A) Іс-қағаздар.
B) Публицистикалық.
C) Ауызекі сөйлеу.
D) Ғылыми стиль.
E) Көркем әдебиет.

15. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді белгілеңіз.
A) Тасбақа.
B) Қосаяқ.
C) Асқазан.
D) Атжалман.
E) Түйеқұс.

16. Сөздердің қайсысы туынды түбір, көрсетіңіз.
A) Аспанда.
B) Аста.
C) Сызғыш.
D) Ақылым.
E) Менде.

17. Дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөзді табыңыз.
A) Есболат.
B) Тұрманбек.
C) Әлдекім.
D) Ендігәрі.
E) Әлдебір.

18. Мекен үстеуін табыңыз.
A) Былтыр.
B) Жедел.
C) Сонша.
D) Жоғары.
E) Ертең.

19. Жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Орманға таман.
B) Мал мен бас.
C) Мектепке қарай.
D) Мен келдім.
E) Сен отыр.

20. Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.
A) Көрмес - түйені де - көрмес.
B) Көрмес түйені де - көрмес.
C) Көрмес - түйені де көрмес.
D) Көрмес түйені - де көрмес.
E) Көрмес түйені - де - көрмес.

21. Бағыныңқының баяндауышының тұлғасын ажыратыңыз.
Сұрғылт тұман дым бүркіп,
Барқыт бешпент сулайды (Абай).
A) Шартты рай.
B) Етістікке септік жалғауы.
C) Ортақ етіс.
D) Көсемше.
E) Есімше.

22. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) Үлкенді сыйлау – асыл қасиет.
B) Тұрмыс құр, балам.
C) Көктем айларында біресе жаңбыр, біресе қар жауады.
D) Мен, шынымды айтайын, қорқудамын.
E) Жаман айтпай, жақсы жоқ.

23. Қос нүктенің қойылу себебін анықтаңыз.
Бұл жолы інге кірген із жалғыз: ақ тиіннің барында еш күмән жоқ еді.
A) Ыңғайлас салалас.
B) Қарсылықты салалас.
C) Талғау мәнді салалас.
D) Кезектес салалас.
E) Себеп-салдар салалас.

24. Тырнақша не үшін қойылған, дұрысын белгілеңіз.
²Қалауын тапса, қар жанар² деген мақал - үлкен философия.
A) Төл сөз.
B) Объекті етіп алынған мақал.
C) Дәйексөз.
D) Объект етіп алынған сөз.
E) Диалог.

25. Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз.
A) Маған осы өлке өте ұнайды.
B) Асханада тамақты дәмді пісіреді.
C) Алматы - әдемі қала. Қалаға алғашқы келуі.
D) Қыздың аты - Айкүміс. Асқар қоян атты.
E) Оның арманы-ұшқыш болу. Армансыз адам-қанатсыз құс.

26. Көнерген сөзді табыңыз.
A) Бадана көзді кіреуке
Шар айнасы бес қабат.
B) Ел үмітін ақтау-ер атағын сақтау.
C) Ел болып, етегіме паналағандарыңа мен ағайын болайын.
D) Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы.
E) Шамадан аспа, кемеріңнен таспа.

27. Араб тілінен енген сөзді табыңыз.
A) Ине, ер, сұлу.
B) Емтихан, кітап, мұғалім.
C) Бос, бер, жұлдыз.
D) Әдемі, көркем, жаман.
E) Бала, берік, жақсы.

28. Еліктеу сөзді тіркесті көрсетіңіз.
A) Сендер үйге келіңдер.
B) Үй-үйімізге тарадық.
C) Қиқаң-қиқаң етті.
D) Жан-жануар көп.
E) Күз келді.

29. Салдар мәндісі екінші тұрған салаласты көрсетіңіз.
A) Ақан шын сүйді, сол себепті өз сүйгенін жамандыққа бұрмады.
B) Біржан келесі өлеңін оқыған: мұнда ел билеушілерді сынап жазыпты.
C) Жанар бар шынын айтты, өйткені анасын ренжіткісі келмеді.
D) Ол бірде бір жиналысқа қатыса алмады, себебі өкіл емес еді.
E) Шұға мырс етіп күліп жіберді, оған Қадишаның ойы ұнаған жоқ.

30. Төл сөз бен автор сөзін байланыстырушы дәнекер сөздің тұлғасын көрсетіңіз.
Төле би: “Қарап отырғанша, бір нәрсеге жарап отыр”, - деп ақыл айтты.
A) Етістік.
B) Көсемше тұлғалы көмекші етістік.
C) Көсемше тұлғалы негізгі етістік.
D) Күрделі етістік.
E) Көсемше.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет