1. Мақал - мәтелді табыңыз.
A) Тайға таңба басқандай.
B) Сүттен ақ, судан таза.
C) Су жұқпайтын жорға.
D) Қолы қимылдағанның аузы қимылдар.
E) Сегіз қырлы, бір сырлы.
|
2. Жалпы есім қатарын анықтаңыз.
A) Айна, Гүлдария.
B) «Жас Алаш», «Парасат»
C) Қала, көше.
D) Әйгерім, Батыр.
E) Көпір, Ертіс.
|
3. Жинақтық сан есімніњ ж±рнақтарын табыњыз.
A) -тап, -теп.
B) -лаѓан, -леген.
C) -ау, -еу.
D) -дап, -деп.
E) -ншы, -нші.
|
4. Кµсемше ж±рнақтарын табыњыз.
A) -ар, -ер, -р.
B) -мақ, -мек.
C) -па, -пе.
D) -қан, -кен.
E) -ѓалы, -гелі.
|
5. Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді, көрсетіңіз.
A) 4.
B) 5.
C) 1.
D) 3.
E) 2.
|
6. Архаизм сөзді табыңыз.
A) Адырна.
B) Маржан.
C) Бетеге.
D) Саяжай.
E) Шаңырақ.
|
7. Жуан дауысты дыбысты көрсетіңіз.
A) о, э
B) а, о
C) у, і
D) ұ, і
E) ы, и
|
8. «Ұжымдастыру» сөзіндегі ұяң дауыссыз нешеу екендігін көрсетіңіз.
A) 3
B) 2
C) 5
D) 1
E) 4
|
9. Бірыңғай езулік, жіңішке дауыстылардан болған сөзді белгілеңіз.
A) Жоңышқа.
B) Еріншек.
C) Мүсәпір.
D) Бүлдіршін.
E) Бүлдірген.
|
10. Көмектес септігіндегі сөзді табыңыз.
A) Баланың, ұжымның, үйдің.
B) Атаммен, ініңізбен, шегемен.
C) Оқушысың, ұстазбын, данасың.
D) Атамнан, ініңізден, шегеден.
E) Қаламым, қолым, баласы.
|
11. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз.
A) Кейбіреу.
B) Үшеу.
C) Сонау.
D) Санау.
E) Еш нәрсе.
|
12. Мақалды аяқтаңыз.
Ер қанаты - ....
A) қару.
B) серігі.
C) табандылық.
D) жылқы.
E) ат.
|
13. Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
A) Дефис.
B) Үтір.
C) Көп нүкте.
D) Сызықша.
E) Қос нүкте.
|
14. «Рецензия» сөзінің анықтамасын табыңыз.
A) Мазмұндау.
B) Шолу.
C) Сынау.
D) Ой түйіні.
E) Бағалау.
|
15. Кейінді ықпал әсерінен өзгеріске ұшырайтын сөзді табыңыз.
A) Теп.
B) Келу.
C) Ара.
D) Қар.
E) Бал
|
16. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны табыңыз.
A) ИЛ-86-мен
B) см. ден
C) смге
D) ГАЗ-51 ге
E) см-ден
|
17. Дара сын есімді көрсетіңіз.
A) Қып-қызыл.
B) Қонымды.
C) Көкпеңбек.
D) Өткір көзді.
E) Аппақ.
|
18. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз:
A) Қазақстандағы ірі өзендер: мыналар Ертіс, Жайық, Сырдария.
B) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар - Ертіс, Жайық, Сырдария.
C) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар: Ертіс, Жайық, Сырдария.
D) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар; Ертіс, Жайық, Сырдария.
E) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар, Ертіс, Жайық, Сырдария.
|
19. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Сапарың құтты болсын, қарағым!
B) Шынын айту керек, өте оңай жеңдіңіз.
C) Меніңше, Щербаков кемшіліктерді тауып айтты.
D) Мүмкін, Баймақан бабын тапқан болар.
E) Апырау, Сүгірәлі ғой мынау!
|
20. Төл сөздің автор сөзінен соң орналасып тұрған түрін көрсетіңіз,
A) ''Біз қайда жатырмыз?'' - деп сұрады.
B) ''Иә,-деді Дина, басын изеп, - тіл мен үн арасында айырма жоқ''.
C) Мен колхозшыларға: ''Өзім бұл жерде туғаным жоқ'', - дедім.
D) Ол бірде маған шынын айтты: ''Сенімен сапарға шықсам, көңілім бір түрлі көтеріңкі болады''.
E) ''Біз қайда жатырмыз? - деді, - кеше кеткен жоқпыз ба?''.
|
21. Одағай сөзді табыңыз
A) Шөге ғой, түйем, шөк-шөк.
B) Күлкінің иесі ақ сары қыз екен.
C) Мен саған мұны ақыл ретінде айтамын.
D) Ахмет, Ержанды шақыршы.
E) Жарайды, тазалығыңа сендім.
|
22. Көп нүкте қай жерге қойылмайтынын табыңыз.
A) Ой санамалап айтылса.
B) Оқиға толық айтылмай тоқталса.
C) Ойдың бас жағынан, арасынан, соңынан сөз қалдырылса.
D) Ой белгілі себеппен бөліп-бөліп айтылғанда.
E) Ойға өте алшақ нәрсе қосылып кетсе.
|
23. Қыстырма сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні табыңыз.
A) Менің бұлай ашық, мойындап- отырғаныма кейбір бала, қайран.
B) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын кейбір бала қайран.
C) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма-байқаймын-кейбір бала қайран.
D) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын, кейбір бала қайран.
E) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма байқаймын, кейбір бала қайран.
|
24. Қойылмаған тыныс белгісін белгілеңіз.
Абай жолы, Ботагөз романдарын оқымаған оқушы жоқ.
A) Үтір.
B) Қос нүкте.
C) Сызықша.
D) Тырнақша.
E) Дефис.
|
25. Антонимді табыңыз.
A) Үйір - табын.
B) Жина - шаш.
C) Жүрдім - бардым.
D) Шұғыл - жедел.
E) Арсыз - әдепсіз.
|
26. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз.
A) Алатау.
B) Мұратәлі.
C) Әкел.
D) Кейбір.
E) Ешқашан.
|
27. Мезгіл үстеулі сөйлемді көрсетіңіз.
A) Аяғы жазылды ма өзінің?
B) Әйелдер Бәкеңнің үйін сыпырып жатыр.
C) Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.
D) Олар егіннен мол өнім алу үшін жанталасады.
E) Жомарт биыл келген.
|
28. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
A) Дала жазық.
B) Үй жап-жарық.
C) Тұрмыс жақсарды.
D) Зал кең.
E) Кең зал.
|
29. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
A) Бір қарағанда-ақ біліп қойдым: бұл - Алматының және қала маңының картасы екен.
B) Қыздар тоғайға шие теруге кетті.
C) Бес-алты айда келді.
D) Ол – көпті көрген дана қарт.
E) Анықтама ұқыпты жазылғанмен, қария оқи алмады.
|
30. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Мен оқыған кітап қызық-ақ!
B) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.
C) Оның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді.
D) Түн.
E) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын таңып алыпты.
|
|