1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
A) Бұзаулы сиыр.
B) Ұйқыдан ояту.
C) Жел мінез.
D) Жүйрік ат.
E) Ақырын қозғалу.
|
2. Дауыссыз дыбыстардыњ жасалуын кµрсетіњіз.
A) Тілдіњ ілгері қарай созылуынан.
B) Езудіњ кейін қарай тартылуынан.
C) ¤кпедегі ауаның кедергіге ±шырап шыѓуынан.
D) Жақтыњ тар ашылуынан.
E) ¤кпедегі ауаныњ кедергісіз шыѓуынан.
|
3. Зат есім нені білдіретінін белгілеңіз.
A) Заттың қимыл-әрекетін.
B) Заттың мөлшерін.
C) Заттың сапасын.
D) Заттың санын.
E) Заттың атын.
|
4. Қатыстық сын есімді табыңыз.
A) Тәуірлеу қағаз.
B) Ащы дәм.
C) Жап-жасыл жер.
D) Орманды алқап.
E) Қызғылт орамал.
|
5. Топтау сан есiмді көрсетіңіз.
A) Әйгiлi.
B) Туып-өскен.
C) Әркiм.
D) Үш-үштен.
E) Бәйтерек.
|
6. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.
A) Ащы - тұщы.
B) Татуласу - жарасу.
C) Әдейі - жорта.
D) Тоқпақ - қол ағаш.
E) Тынығу - жату.
|
7. Қазақтын төл сөздерінде сөз соңында келмейтін дыбысты белгілеңіз.
A) Е.
B) І.
C) О.
D) Ы.
E) А.
|
8. Шығыс септігінде тұрған өздік есімдікті табыңыз.
A) Өзіміздің.
B) Өзімде.
C) Өзіме.
D) Өзімнен.
E) Өзіммен.
|
9. 2-жақ көпше түрінде тұрған етістікті табыңыз.
A) Жатырмыз.
B) Жатырсыңдар.
C) Жатырсың.
D) Жатырсыз.
E) Жатырмын.
|
10. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін шылауларды табыңыз.
A) Қатар, бірге, қабат.
B) Ма, ме, ба, бе.
C) Кейін, соң, гөрі, әрі, бері.
D) Жайында, жөнінде, үшін, сайын.
E) Дейін, шейін, таман, қарай.
|
11. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
A) Жазғы жайлау.
B) Жол торабы.
C) Сын және сынау.
D) Таза жүру.
E) Жұлдызы қарсы болу.
|
12. Жалаң сөйлемді табыңыз.
A) Сары жапырақ.
B) Күн шықты.
C) Сендер де оқуды бітірдіңдер.
D) Талдықорған.
E) Ит өлген жер.
|
13. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік.
B) Семинарияны бітіргеннен кейін, мен осы кім боламын деген ой орала беріп еді.
C) Адам баласының ең жаманы - талапсыздығы.
D) Ұлтшыл адам біреуге зорлық қылады да, содан соң Отанының дәуірлеуін іздейді.
E) Соны тағы оқып шығайын деп едім: маған бір жері қатты ұнады.
|
14. Құрамында бірнеше бағыныңқысы бар сөйлем қалай аталатынын табыңыз.
A) Көп басыңқылы.
B) Аралас құрмалас.
C) Сатылы бағыныңқылы.
D) Көп бағыныңқылы.
E) Жарыспалы бағыныңқылы.
|
15. Дұрыс жазудың кепілі не, белгілеңіз.
A) Аударма сөздік.
B) Орфографиялық сөздік.
C) Синонимдік сөздік.
D) Орфоэпиялық сөздік.
E) Терминологиялық сөздік.
|
16. Буын үндестігін тағы қалай деп атауға болады, табыңыз.
A) Сингармонизм
B) Дыбыс үндестігі
C) Ассимиляция
D) Орфоэпия
E) Орфография
|
17. Еш, әр, кей, бір, әлде сөздерімен келген есімдіктердің жазылу тәртібін табыңыз.
A) Бірге.
B) Тіркес түрде.
C) Қысқарған түрде.
D) Қосарлы түрде.
E) Бөлек.
|
18. Белгісіздік есімдікті көрсетіңіз.
A) Біздің.
B) Бәріміз.
C) Қайсыбіреу.
D) Баршамыз.
E) Өзіміздің.
|
19. Сөйлемдегі еліктеу сөз қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.
Мен бір тарсыл естідім.
A) Толықтауыш.
B) Баяндауыш.
C) Пысықтауыш.
D) Бастауыш.
E) Анықтауыш.
|
20. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз.
A) Күн бұлттанып тұр (ма).
B) Ғылым таппай мақтан(ба).
C) Әй, сен көп асқақта(ма).
D) Сен одан қорық(па).
E) Жабырқа(ма), сабыр ет.
|
21. Қарсылықты жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшені табыңыз.
A) Өзің-ақ бар.
B) Ескі ақынша мал үшін тұрмын зарлап.
C) Жомарт қазіргісі мен кешегісін салыстыруда.
D) Баланың бас ұстазы – ата-анасы.
E) Сөзге сараң,бірақ ісін орындайды.
|
22. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.
A) Өнер алды – қызыл тіл.
B) Арғын, Найман, Керей, Уақ – төрт арыс бас қосыппыз.
C) – Е, біз қайда кетеміз?! – деп, Жетпіс күйіп кетті.
D) Қиыншылықты жеңу үшін жігер керек.
E) Ол даусын соза сөйлеп, өзінің Тайжан екендігін айтты.
|
23. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын жерді табыңыз.
A) Даланы өрлей жүрген ақын Абай әнге салды.
B) Ұстазың үйде ұйықтап жатыр.
C) Үңгір іші қараңғылана түсті.
D) Көңіл кірлесе, сол жаман.
E) Сондағы оқитыным Некрасовтың өлеңдері.
|
24. Тырнақшамен жазылатын сөздерге қосымша қалай жазылатынын көрсетіңіз.
A) Дефис арқылы.
B) Бірге.
C) Үтір арқылы.
D) Бөлек.
E) Сызықша арқылы.
|
25. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.
Марат домбыраның құлағын бұрап берді.
A) Домбыраның
B) Марат
C) Құлағын
D) Бұрап
E) Берді
|
26. Түбірдің анықтамасын табыңыз.
A) Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер.
B) Заттың атауы.
C) Дыбыстардан құралған бөлшек.
D) Жалпыға ортақ тіл.
E) Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі.
|
27. Үстеудің сөйлемде негізінен қандай қызмет атқаратынын табыңыз.
A) Толықтауыш.
B) Бастауыш.
C) Баяндауыш.
D) Пысықтауыш.
E) Анықтауыш.
|
28. Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқарасын білдіретін сөзді табыңыз.
A) Қыстырма сөз.
B) Төлеу сөз.
C) Одағай сөз.
D) Қаратпа сөз.
E) Төл сөз.
|
29. Қабаттасып келген тыныс белгілердің қойылуына не себеп екенін белгілеңіз.
- Астапыралда (солай дейтін оның кейде әдеті болушы еді)!-деді Итбай.
A) Төл сөз, одағай.
B) Лепті, қыстырма, диалог.
C) Төл сөз, бұйрықты сөйлем.
D) Қаратпа сөз, төл сөз.
E) Төл сөз, қыстырма.
|
30. Техникалық әдебиет тілін қай қатарға жатқызамыз, белгілеңіз.
A) Көркем әдебиет тілі.
B) Публицистика тілі.
C) Ресми тіл.
D) Ғылыми тіл.
E) Ауызекі тіл.
|
|