1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз



бет29/36
Дата05.03.2024
өлшемі1.21 Mb.
#494415
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
11 Kazak tili 2007

29 нұсқа



1. Дауыстылар ерін мен езудіњ қатысына қарай қанша т‰рге бµлінетінін белгілеңіз.
A) 1.
B) 8.
C) 4.
D) 2.
E) 3.

2. Жалқы есімді көрсетіңіз.
A) Таулы.
B) Ауасыз.
C) Өзенді.
D) Ақылбай.
E) Гүлдер.

3. Дара сын есiмдi табыңыз.
A) Жақсы-жаман.
B) Биiктеу.
C) Қара күрең.
D) Сары ала.
E) Тұп-тұнық.

4. Жинақтық сан есiмдерiн белгілеңіз.
A) Бiреу, жетеу.
B) Бесiншi, алтыншы.
C) Ондаған, мыңдаған.
D) Бестен үш, он бүтiн оннан үш.
E) Екi, сегiз.

5. Мына сөйлемге қай шылау лайық, көрсетіңіз.
Кейбір өсімдіктердің өзінен сүт бөліп шығаратыны ертеден-… белгілі.
A) -мыс.
B) -ау.
C) -ді.
D) -ақ.
E) -ай.

6. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) Сен менің оң қолымсың.
B) Қолды болып жүрме.
C) Қолыңды көтер.
D) Қолы жеңіл.
E) Ол қол ұшын берді.

7. Архаизм сөзді табыңыз.
A) Шаңырақ.
B) Бетеге.
C) Адырна.
D) Маржан.
E) Саяжай.

8. Бірыңғай үнді дауыссыз дыбыстарды табыңыз.
A) Р,л,й,у.
B) М,н,ң,һ.
C) Б,в,й,ж.
D) Н,л,г,ғ.
E) У,л,м,т.

9. Сілтеу есімдігін табыңыз.
A) Осынау, анау.
B) Үйде, кеште.
C) Он, алтау, бір.
D) Тақ, жүз, оқы.
E) Бүгін, кеше.

10. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін табыңыз.
A) Сездің.
B) Сезіпті.
C) Сезбек.
D) Сезермін.
E) Сезесің.

11. Іс-оқиғаны баяндамай, тек зат-құбылыстың, мезгіл, мекеннің атауын ғана білдіретін сөйлем түрін белгілеңіз.
A) Атаулы сөйлем.
B) Толымды сөйлем.
C) Жайылма сөйлем.
D) Толымсыз сөйлем.
E) Жалаң сөйлем.

12. «Әлде» жалғаулық шылауына тән құрмаластың түрін анықтаңыз.
A) Ыңғайлас салалас.
B) Кезектес салалас.
C) Талғаулы салалас.
D) Қарсылықты салалас.
E) Себеп-салдар салалас.

13. Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.
Мүмкін, келіп қалар.
A) Еліктеу.
B) Одағай.
C) Қаратпа.
D) Қыстырма.
E) Шылау.

14. Мекемелерде жүргізілетін жазу үлгісіне тән стиль түрін анықтаңыз.
A) Ғылыми.
B) Іс-қағаздар.
C) Ауызекі сөйлеу.
D) Көркем әдебиет.
E) Публицистика.

15. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.
A) Жабаевті.
B) Жабаевтің.
C) Жабаевта.
D) Жабаевіңіз.
E) Жабаевте.

16. Кейінді ықпалды табыңыз.
A) Сағындық.
B) Бейсенбай.
C) Қырманнан қайтты.
D) Айжан.
E) Тастай қатты.

17. Күшейтпелі буынды қос сөзді табыңыз.
A) Ата-ана.
B) Күйме-жүйме.
C) Ыдыс-аяқ.
D) Қып-қызыл.
E) Киім-кешек.

18. Туынды үстеу тудыратын жұрнақтарды белгілеңіз.
A) -ар, -ер, -р.
B) -а, -е, -й.
C) -ма, -ме, ба, -бе.
D) -шы, -ші.
E) -ша, -ше.

19. Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.
Ыза мен ашу қысып, қалш-қалш етеді.
A) Анықтауыш.
B) Бастауыш.
C) Пысықтауыш.
D) Толықтауыш.
E) Баяндауыш.

20. Матаса байланысып тұрған тіркесті табыңыз.
A) Қаладан келді.
B) Таулы жер.
C) Ауылдың маңы.
D) Мөлдір махаббат.
E) Кірпіш үй.

21. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
A) Япырым-ау, қайда сол күндер.
B) Дұшпанға тастай қатты бол.
C) Ақылды адам айтқызбай біледі.
D) Тіл-сарқылмас ғылым.
E) Көп алғысы көгертер.

22. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз.
A) Ол мәселені шешіп кетті.
B) Үйде екі-ақ адам отыр.
C) Телефон-автомат бұзылып қалыпты.
D) Олар бір-бірлеп келе бастады.
E) Еңбек - жан рахаты.

23. Тыныс белгісі дұрыс қойылған көп құрамды төл сөзді табыңыз.
A) Әсел Айгүлге бүгін мектепке бармайтынын, дүкенге баратынын айтты.
B) – Мен барақ жайын айтам, – деді Ушаков.
C) Өнер алды – қызыл тіл.
D) «Тіл тас жарады. Тас жармаса, бас жарады,» – деген.
E) – Құдай біледі, сол сенің Ақботаң, – деді. – Мұндай ұқсамас, деп бастады да, артығырақ кетіп бара жатқанын аңдап, тоқтай қалды.

24. Сызықша дұрыс қойылған жерді табыңыз.
A) Егер де – қолға түсіп қалсаң, мені білмейсің.
B) Сол – үміт әлі үміт боп келеді.
C) Біз – жиырма төрт екенбіз.
D) Біздің тоқталатынымыз – соңғысы.
E) Саябақтың ішінде жан жоқ – тым-тырыс.

25. Синонимі бар сөйлемді табыңыз.
A) Бие үш жыл қысырап, биыл құлындады.
B) Сапардың аярлығы Сағиланы жирендірді.
C) Даңқ үшін, думан үшін қызмет етпе.
D) Бала қышқыл өрік пен алманы жей алмады.
E) Біреуді мұқату, кеміту дұрыс емес.

26. Қате жазылған сөзді табыңыз.
A) Треске.
B) Киоскіден.
C) Трестке.
D) Митингіге.
E) Съезі.

27. Бірігу арқылы жасалған өсімдік аттарын көрсетіңіз.
A) Кемпірқосақ, итмұрын.
B) Мысыққұйрық, алабота.
C) Көкжөтел, меңдуана.
D) Жыланкөз, есекжем.
E) Сушешек, бұзаубас.

28. Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
A) Ержан үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Серік тыста қалды.
B) Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме түсірдім.
C) Жұмыс бізді үш үлкен жамандықтан: зерігуден, аурудан, жоқшылықтан құтқарады.
D) Білікті адам айтпай-ақ жаныңды ұғар.
E) Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.

29. Қаратпа сөзді анықтаңыз.
A) Ескертуден қорытынды шығар, бала.
B) Бала, бала деп құрақ ұшады.
C) Бала тілі - бал.
D) Бала, баланың ісі - шала.
E) Келіп кеткен - сол бала.

30. Қандай тыныс белгісі қойылмағанын көрсетіңіз.
Тұрайын деп еді тұра алмады.
A) Үтір, сызықша.
B) Нүктелі үтір.
C) Үтір, көп нүкте.
D) Сызықша, қос нүкте.
E) Көп нүкте, үтір.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет