1. Кµп н‰ктеніњ орнына қай дауысты дыбысты қойѓанда бір буынды сан шыѓатынын белгілеңіз. Б…р
A) ы.
B) о.
C) ‰.
D) е.
E) і.
|
2. Зат есімге лайық қатарды көрсетіңіз.
A) Етістік.
B) Бейтарап сөздер.
C) Еліктеу сөздер.
D) Көмекші сөздер.
E) Есім сөздер.
|
3. Сын есімді табыңыз.
A) Сырт.
B) Найза.
C) Қышқыл.
D) Өнер.
E) Мезгіл.
|
4. Топтау сан есімді табыњыз.
A) Ондаѓан.
B) Алпыстай.
C) Екі жарым.
D) Екіден.
E) Қырыққа таяу.
|
5. Кµсемшені табыњыз.
A) Жазба.
B) Жазбақ.
C) Жазып.
D) Жазар.
E) Жазѓан.
|
6. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.
Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі.
A) Достық.
B) Егіншілік.
C) Ерлік.
D) Адамгершілік.
E) Еңбек.
|
7. Омоним болатын сөз қайсысы, табыңыз.
A) Мін.
B) Неге?
C) Құдірет.
D) Бес-бестен.
E) Тәрбие.
|
8. "Әлде" сөзінің қай сөзбен бөлек жазылатынын көрсетіңіз.
A) Әлде(қандай).
B) Әлде(адам).
C) Әлде(қалай).
D) Әлде(қашан).
E) Әлде(кім).
|
9. "Мыс", "міс" - шылауларының мағынасын анықтаңыз.
A) Лептік.
B) Шектік.
C) Күшейткіш.
D) Болжалдық.
E) Сұраулық.
|
10. Негізі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді табыңыз.
A) Қыңқ.
B) Тыртың.
C) Арс.
D) Күмп.
E) Лып.
|
11. Күрделі етістікті белгілеңіз.
A) Нұрбек құлап қала жаздады.
B) Табысты еңбек.
C) Мен келдім.
D) Бес - тақ сан.
E) Ұшақ аспанға көтерілді.
|
12. Баланы жаман үйретпеу керек. Жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз.
A) Жалаң сөйлем.
B) Құрмалас сөйлем.
C) Жақсыз сөйлем.
D) Жақты сөйлем.
E) Атаулы сөйлем.
|
13. Төл сөздің алдынан автор сөзі келсе, қойылатын белгіні көрсетіңіз.
A) Үтір.
B) Нүктелі үтір.
C) Көп нүкте.
D) Қос нүкте.
E) Нүкте.
|
14. Тіл білімін зерттейтін ғылымды атаңыз.
A) Жаратылыстану.
B) Филология.
C) Философия.
D) Археология.
E) Тарих.
|
15. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
A) Сынау, зерттеу.
B) Әңгіме, ертегі.
C) Таңертең, түсте.
D) Таңдау, таныс.
E) Несібелі, ырысты.
|
16. Дауыссыз дыбыстың түрін табыңыз.
A) Үнді.
B) Ашық.
C) Жіңішке.
D) Еріндік.
E) Езулік.
|
17. Қара ала сөзіндегі үндестік орнын көрсетіңіз.
A) Қос сөзде.
B) Түбір сөзде.
C) Күрделі сөзде.
D) Тұрақты тіркесте.
E) Біріккен сөзде.
|
18. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Баяғы балғын балалық.
B) Шақырсам даусым жетпейді.
C) Есімнен, сірә, кетпейді.
D) Қайран, менің жас күнім!
E) Ұсынсам қолым жетпейді.
|
19. Есімдерден жасалған туынды етістікті белгілеңіз.
A) Есім.
B) Елпілде.
C) Қалашыл.
D) Бағала.
E) Тақ.
|
20. Мақсат үстеулі тіркесті табыңыз.
A) Босқа әуре болма.
B) Әдейілеп келді.
C) Бірден сөйледі.
D) Төмен түсті.
E) Ертең барады.
|
21. Бастауыштың жасалу жолын белгілеңіз.
Балалар айналаға масаттана қарайды.
A) Сын есім.
B) Зат есім.
C) Есімдік.
D) Сан есім.
E) Есімше.
|
22. Зат есімнің толықтауыш қызметіндегі нұсқасын табыңыз.
A) Гүл- жердің көркі.
B) Сара келді.
C) Батыр оралды.
D) Жазықсыз жазалама.
E) Кешегі жұмысты бітір.
|
23. Мына сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысының баяндауышының сұрауы қалай, белгілеңіз.
Ағасына көзінің астымен қарап, таңырайған шолақ танауымен шуылдай дем алып тұр.
A) Қайтіп?
B) Қалайша?
C) Не үшін?
D) Қашан?
E) Неге?
|
24. Қыстырма сөзді табыңыз.
A) Мә-ә-ә, онысы не?
B) Күнім-ау, жұлдызың жанайын деп тұр-ау.
C) Несін айтасың, біздің бақытымызға орай берілген жан ғой.
D) Тоқтай тұр, бәлем!
E) Оһ, дүние жалған-ай!
|
25. Қайталама қос сөздердің жасалу жолын белгілеңіз.
A) 6
B) 2
C) 3
D) 4
E) 5
|
26. Бірігу арқылы жасалған жұлдыз аттарын табыңыз.
A) Атауыз, Алакөл.
B) Жетіқарақшы, ұлтабар.
C) Қаражорға, Есекқырған.
D) Ақбозат, Темірқазық.
E) Мырзашөл, қосаяқ.
|
27. Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтасты табыңыз:
A) Жұмысың өнсін десең, өткенге өкінгің келмесе, әр минутыңды ұқыпты пайдалана біл.
B) Оқудағы қызы келіп еді, туыстары жиналып, той-думан өткізді.
C) Үй іші мұздап, сырттағы ызғырық азынай бастаса, Бұзаубақ пен Айжан пештің жанына бөстекті төсеп, бір-біріне тығыла түсіп бүрсиіп отыратын.
D) Ұсақ балалардың көпшілігі жеке-жеке тайға мініп, бірен-сарандары екі-екіден мінгесіп алып, Абайларға ілесе шапқанда, жұрттың бәрінің артында қалғаны Оспан болды.
E) Сыйластық – адамның ақыл-ой, мінез-құлқын, санасы мен мәдениеттілігін аңғартатын қасиеттердің бірі.
|
28. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.
A) Өлеңдері ’’Жас Алашта’’ жарияланды.
B) Розаның ’’Әлиясын’’бүкіл қазақ сүйіп тыңдайды.
C) ’’Шұға айныса, амалым жоқ,’’- деді Әбдірахман.
D) Естігенді ұмытпас үшін не істеу керектігі айтылды.
E) Апасының ’’кішкенесі’’- 20 жаста.
|
29. Қандай тыныс белгісі жетпей тұр, белгілеңіз.
Әділ, аман қайттың ба? Амандасады.
A) Үтір.
B) Қос нүкте.
C) Сызықша.
D) Дефис.
E) Жақша.
|
30. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемде алайда, бірақ деген жалғаулықтар түсіп қалса, 2 сөйлем арасына не қойылатынын белгілеңіз.
A) Үтір.
B) Нүкте.
C) Үтір, дефис.
D) Қос нүкте.
E) Үтір, сызықша.
|
|